Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет41/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

жаңсақ жазылым
И [ій]
МИ [мый]
ТИ [тій]
ЖИ [ый]
ҚИ-ЫН [қы-йын]
ТИ-ЫН [ты-йын]
ТИ-ІН [ті-йін]
ШИ [шій]
КИ [кій]
СИ-Я [сы-йа]
Ұ-Я [ұ-йа]
ЖА-Я [жа-йа]
ЖА-Я-У [жа-йау]
А-Я-У [а-йау]
У [ұу]
БУ [бұу]
СУ [сұу]
БУ-ЫН [бұ-уұн]
ТУ [тұу]
СУ-ЫҚ [сұ-уұқ]
ЖУ [жұу]
ҚА-РУ [қа-рұу]
БҰ-РУ [бұ-рұу]
ҚҰ-РУ [құ-рұу]
О-Ю [йұу]
ЖА-Ю [жа-йұу]
ТА-Ю [та-йұу]
Ү-Ю [ү-йүу]
КҮ-Ю [кү-йүу]
СҮ-Ю [сү-йүу]
ақиқат жазылым
ҮЙ [үй]
МАЙ [май]
ТҮЙ [түй]
ЖАЙ [жай]
ҚҰ-ЙЫН [құ-йұн]
ТО-ЙЫН [то-йұн]
ТҮ-ЙІН [тү-йін]
ШӘЙ [шәй]
КҮЙ [күй]
СЫРА [сы-ра]
ҰРА [ұ-ра]
ЖА-ҢА [жа-ңа]
ЖА-ЛАУ [жа-лау]
А-ЛАУ [а-лау]
ҰЛ [ұл]
БҰЛ [бұл]
СҰР [сұр]
БҰ-РЫН [бұ-рұн]
ТАУ [тау]
СА-УЫҚ [са-уұқ]
ЖАУ [жау]
ҚА-РАУ [қа-рау]
БҰ-РАУ [бұ-рау]
ҚҰРАУ [құ-рау]
О-РАУ [о-рау]
ЖА-ЛАУ [жа-лау]
ТА-ЛАУ [та-лау]
Ү-ЛЕС [ү-лөс]
КҮ-РЕУ [кү-рөу]
СҮ-ЙЕУ [сү-йөу]


55
Алайда қазақ тілінің дауысты дыбыстарын екі бөліп қарауға тура 
келеді. Жалаң дауыстылардың бастан-аяқ біркелкі айтылып, бірыңғай 
бедер таңбасын сақтағанымен, құранды дауыстылар жайлы мұны ай-
туға болмайды. Өйткені құранды дауыстылар, аты айтып тұрғандай
екі дыбыстың «фонологиялық» тіркесімі болып табылады: о [
w
u], ө 
[
w
ü], е [
y
i]. Біз бұл жерде қазіргі қазақ фонетикасында қалыптасқан 
пікірді ұстанып отырмыз. Өзге зерттеушілердің пікірі де осыған сая-
ды. Осыған ұқсас жағдай орыс тілінде де бар: «Для гласного 
о
… нель-
зя представить себе спектра, содержащего только стационарную часть: 
русское 
о
начинается с 
у-
образного элемента (о, произносимое без 
этого элемента, воспринимается как акцентное, неправильное)». Олай 
болса, құранды дауыстылардың естілімін зерттеудің жолы басқаша 
болу керек.
Ендеше, жалаң дауыстылардың өзара үндесім естілімінің айыр-
машылығын табу қиын болмайды. Ал құранды дауыстылар үшін ал-
дымен олардың тұрақты бөлігін тауып алу керек болады.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының үндесім естілімін талдау үшін 
олардың үндесім құрамын анықтап аламыз.
Бірінші топ – ашық дауыстылар [а], [ә]. Ашық дауыстылардың ерін 
үндесім әуезіне қатысты сыңарлары жоқ. Сондықтан олардың езу үн-
десім әуезіне қатысты жуан/жіңішке естілімін ғана іздейтін боламыз. 
Ашық дауыстылардың езулік жуан/жіңішке жұбы: а/ә.
Екінші топ – қысаң дауыстылар [ы], [і], [ұ], [ү]. Қысаң дауыстылар-
дың езулік/еріндік әуезді жұптары толық: ы/і, ұ/ү, ы/ұ, і/ү. Сондықтан 
олардың жуан/жіңішке, езулік/еріндік естілімін түгел қамтитын боламыз.
Үшінші топ – құранды дауыстылар [о], [ө], [е]. Құранды дауысты-
лардың ішінде 
е
дауысты дыбысының жуан да, еріндік те сыңары жоқ: 
е/-. Ал еріндік әуезді құранды дауыстылардың жуан/жіңішке жұбы: о/ө.
Жалаң дауыстылардың үндесім әуезінің естілімі теориялық тұрғы-
дан анықталған, сондықтан олардың үндесім естілім танымы күмән 
тудырмайды. Дегенмен теориялық тұрғыдан анық болғанымен, акусти-
ка-перцепциялық талданым нәтижесімен пысықтап шыққанды дұрыс 
көріп отырмыз.
Ал құранды дауыстыларға арнайы тоқталуға тура келеді. Арнайы 
талдаудың өзіндік себебі бар.
Сонымен, қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және 
құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын 


56
дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: 
а, ә, ы, 
і, ұ, ү.
Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты 
дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: 
о, ө, е.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет