Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет242/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мойындауға дейін барды [72]. Көркем 
шығармада адам тұлғасын сомдау-
ға селқос қараушылық, антигума-
низмге ұрыну, шындыққа менсінбей 
қарап, таптық күресті толық аша 
алмау, т.б. кемшіліктері ашылған 
формализм мен натурализм «были 
осуждены с позиций жизни и ис-
кусства, и во имя жизни и искусства 
как явления антихудожественные и 
антинародные» [73, 185]. Дискуссия 
қорытындысы жаңа творчестволық 
ізденістерге шектеу салып, әдебиетті 
социалистік реализм қағидаларының 
қалыбынан шығармауды жоспарлаған 
партиялық басшылық пен кеңестік 
идеологияның басты саясатының 
жемісі болып шықты. 
Қазақстанда өткен пікірталаста 
сөйлеген сөздер мен мақалаларда 
айтылар ойдың негізгі бағыты 
орыс әдебиеттану ғылымында жа-
салған тұжырымның төңірегінде 
өрбіді. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі 
«Қазақ әдебиетіндегі формализм, 
натура лизм туралы айтыс» (1936, 
№15), Қ. Қуанышұлының «Маяков-
ский творчествосы және қазақ әде-
биетіндегі формализм мен натура-
лизмге қарсы» (1936, №13), С. Сей-
фуллиннің «Әдебиеттегі форма-
лизм мен натурализм» (1936, №18), 
«Социалды Қазақстан» газетіндегі 
Е. Ысмайыловтың «Әдебиеттегі 
фор мализм мен натурализмге қар-
сы» (1936, №78), «Әдебиеттегі 
нату ра лизм» (1936, №80) секілді 
мақалаларында ұлттық әдебиетте 
формализм айқын көрінбесе де 
кейбір элементтері орын алды, ал 
натурализм басты кемшілік болып 
отыр деп шешті. С. Сейфуллин оны 
«ізденістер жолында жіберіп алған 
қателіктер» деп тапса, Е. Ысмайы-
лов «біздің әдебиетіміздегі форма-
лизм, көбінесе жаңа түр табу немесе 
жаңа тақырыпты суреттеу жолында 
туып отырғандығын» ашық айтып, 
нақты мысалдармен дәлелдеді. Осы 
жаңа түр іздеушілік жаңашылдық-
қа еліктеу, әсіресе Сәкен поэзиясы-
на еліктеп-солықтау, кейінгі ақын-
жазушылардың қазақ поэзиясын-
да «шақ-шақ, гүр-гүр, сарт-сұрт, 
пыс-пыстарды» туғызып, форма-
лизмге бой алдырып алуға басты 
себеп болғанын, әдеби-теориялық 
ой-пікір орынды көрсетіп берді. 
Пікірталаста және одан кейін жа-
зылған мақалаларда Сәкеннің «Аль-
батрос», «Социалистан», Сәбит-
тің «Ақ аю», «Көмір коммунизм», 
Ілястың «Қуат», «Жорық», Тайыр-
дың «Нефстан», «Мотор жыры», 
Асқардың «Қаскелең», «Уборщи-
ца», Әбілданың «Құтқару», «Ол-
қылық» секілді поэмаларында орын 
алған формализм элементтерін сын-
шылдық және әдеби-теориялық ой-
пікір жоғарғы талап тұрғысынан 
талдады. Ал натурализмге келгенде, 
С. Мұқановтың «Теміртас», І. Жан -
сүгіровтың «Дархан», С. Сей фул-
линнің «Сол жылдарда», Б. Май-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет