ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лин нің «Сары май», «Берен», т.б.
әң гімелері мысалға алынды. Дис-
куссия қазақ әдебиетінде формализм,
натурализмге ұрынған кемшіліктер-
дің болу себебі, «ақын-жазушылар-
дың әлі социалистік реализм әдісін
терең түсініп, жан-жақты меңгеріп,
билеп әкете алмағандығынан» деген
қорытындыға келді.
Қорыта айтқанда, қазақ әде-
биетіндегі формализм, натурализм
туралы айтыс әдеби-теориялық ой-
пікірдің әдеби ағымдар туралы ұғым-
түсініктерді меңгеру жолын дағы
сәтті ізденістер жасай алғандығын
көрсетті. Бұл мәселеге арналған
мақалалардың басты ерекшелігі сол
кездегі сында орын алып отырған
шығарманы мазмұндап кету, тақы-
рып, кейіпкер тұлғасы туралы тап-
тық тұрғыда саяси мәндегі пікір
білдіруден көрі теориялық талдау
жасаудың нақты көрініс табуы болды.
Кейбір артық-кем айтылған пікірлер
болғанымен де ұлттық әдебиеттегі
формализм, натурализм белгілерін
ғылыми тұрғыда анықтап беруі ал-
дағы көркемдік дамуда жетекшілік
мән атқарғаны анық.
Бұл айтыс қазақ әдебиеттану ғы-
лымына әдеби жанр, ағым және
көркемдік әдіс, көркем шығармаға
теориялық талдау жасап, жетістік-
тер мен кемшіліктерді саралауда
жаңа ізденістер жасауына жол ашты.
Әдебиет маркстік-лениндік әдіс на-
маны басшылыққа алған теорияның
заңдылықтарына икемделе бастады
да, көркемдік даму, поэтикалық жаңа
түр мен келісті ырғақ іздеу, жаңа об-
раз сомдауда социалистік реализм нің
талап-тілегін басты бағдарда ұс тау-
ға көшті. Осыған байланысты әде-
биет теориясының мәселелерін сөз
етуді басты назарға алған мақалалар
жазылып, олар қазақ әдебиеттану
ғылымындағы әдеби-теориялық бі-
лімдер системасының толық қалып-
тасуы жолында өз үлесін қосты. Әсі-
ресе, 30-жылдардың орта кезіндегі
қазақ поэзиясының жанрлық даму
жолындағы ізденістерінде орын
алған кейбір форма қуушылық пен
құр ғақ баяндау, әсірелей бейнелеу-
шілік осы сипаттағы мақалалардың
негізгі өзегі болды. Қ. Өтеповтің,
Е. Ысмайыловтың мақалаларында
әдеби шығарманың көркемдігі, об-
раздық қасиеті, мазмұн мен түрдің
бірлігі, образ және типтендіру секілді
теориялық мәселелер біршама жатық
баяндалған. Авторлар өз пікірлерін
сол кезеңдегі сәтті және нашар
жазылған өлеңдерді сынай отырып,
әдеби-теориялық тұрғыда нақты
білдірген. Әдебиет теориясының
мәселелеріне арнайы оқулық жаз-
ған Е. Ысмайылов бұл саладағы
алғашқы бастамаларын баспасөз бе-
тіне жариялап отырды. Өзінің «Ли-
рика мәселелері» атты зерттеу ма-
қаласында, лирикалық өлеңдерінің
өзіне тән жанрлық ерекшелігін ашу-
ды басты мақсат етіп алған. Ол үшін
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
261
Достарыңызбен бөлісу: |