Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет240/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
көзқарасты бір арнаға тоғыстыруға 
деген ұмтылысынан байқалады. Абай 
реализмі, оның өлеңді өнер деп тану 
дәрежесіне жеткізудегі ізденістері 
мен ақындық шеберлігі, өлең өрнегіне 
жаңа түр енгізудегі жаңашылдығы, 
ақындық тұлғасы әдеби-теориялық 
ой-пікірдің сол кездегі қол жеткізе 
алған табыстары деңгейінде сөз бо-
лады. Сол арқылы абайтануда бола-
шақ зерттеулердің негізгі нысанаға 
алар бағыт-бағдарын айқындап беруі 
құптарлық құбылыс болды. Бұл туу 
дәуірі эволюциялық даму жолымен 
емес, ұлттық ерекшеліктері есеп-
ке алмай, әкімшіл-әміршілік жүйеге 
негізделген әдіснама үстемдік ете 
бастаған қиын кезеңге тап болған 
ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін аз 
табыс емес еді.
Қорыта айтқанда, Абайдың қай-
тыс болғанына отыз жыл толуына 
байланысты жазылған мақалалар 
қазақ әдебиеттану ғылымында тео-
риялық білімдер системасының 
толық деңгейде қалыптасу жолын 
бастан кешіріп жатқанын дәләлдеп 
береді. Әдеби-теориялық ой-пікірдің 
өнімді арналарға бастайтын бұл 
қадамдарында 
маркстік-лениндік 
әдіс
наманың әдебиеттің таптығы 
мен халықтығы қағидаларының ай-
тылар ойдың негізгі желісіне ай-
налмауынан Абай мұрасын бағалау 
жолында орын алып келген тұрпайы 
социологизм теориясы өз пози-
циясынан айырыла бастағанын, 
ғылыми зерттеу жұмыстарының 
ба ғыт-бағдары түзеліп қалғаны та-
нылды. Бұл әдебиет туралы ұлттық 
ғылымның туғандығына нақты дә-
лелдердің бірі. Проблемалық сын 
мақалалар мен теориялық бағыттағы 
ғылыми ізденістердің бәрі де қазақ 
әдебиеттануының өркен жаюына 
қолайлы жағдайлардың туғандығын 
көрсетіп берді. 
Әдебиет теориясы саласындағы 
осындай мәнді ізденістер әдебиеттің 
көркемдік дамуына әсер етпей қал-
мады. Поэтикалық жаңа түр, келісті 
ырғақ іздеуге, тың образдар сомдау-
ға, дәуір алға тартқан тақырыптар-
ды жырлауға деген ұмтылыстар енді 
теориялық заңдылықтарға негізделіп 
отырылды. Әдеби даму процесін қызу 
сөз етуге талпынған «сын-теория 
дүкеніне» (Ә. Қоңыратбаев) айнала 
бастады. Оған 1935-1937 жылдары 
поэзиядан І. Жансүгіровтің «Күйші», 
«Құлагер», Т. Жароковтың «Бала-
бас», С. Мұқановтың «Ақ аю» поэма-
лары, прозалардан С. Мұқановтың 
«Теміртас», С. Сейфуллиннің «Тар 
жол, тайғақ кешу», М. Дәулетбаевтың 
«Қызыл жар» романдары, драматур-
гиядан М. Әуезовтің «Айман-Шол-
пан», «Хан Кене», «Түнгі сарын», 
«Алма бағында», С. Сейфуллиннің 
«Қызыл сұңқарлар», Ғ. Мүсіреповтің 
«Қыз Жібек», Б. Майлиннің «Жал-
быр», Ж. Шаниннің «Ер Тарғын», 
Ғ. Мүсірепов пен Б. Майлиннің 
«Аманкелді» драмалары туралы по-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет