Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет238/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ясына сай зерттеуге жасалған соны 
қадам болды. Әрине, Е. Ысмайы-
лов пен З. Шашкиннің «Абайдың 
поэтикасы» («Әдебиет майданы», 
1934, №11-12) мақаласы айтары 
мол, ғылыми-зерттеушілік сипаты 
айқын, әдеби-теориялық ой-пікірді 
жоғары деңгейге көтерген еңбек 
болды. «Авторлар Абай поэтикасын 
үш жүйеге бөле қараған. Әуелі – 
Абайдың қазақ өлеңіне қосқан жаңа 
өрнектеріне, екінші – көркемдік амал-
дарына, үшінші – Абай өлеңдерінің 
дыбыстық, яғни әуендік жүйелеріне 
назар аударған». Мақалада орыс 
әдебиеттану ғылымындағы қалып-
тасқан теориялық талдау жасауды 
басшылыққа ала отырғанымен, ав-
торлар ұлттық әдеби-теориялық ой-
пікірдің қол жеткізген ізденістерін 
де кеңінен пайдаланған. Еңбектегі 
«Абайдың көріктеу заңы», «Да-
уыс ырғағы туралы» деп аталатын 
тарауларындағы ақын қол данған 
көркемдік тәсілдерге теория лық тал-
дау жасау барысында, А. Байтұр-
сыновтың «Әдебиет танытқы шын-
дағы» терминдік атаулардың қа зақша 
баламалары түгелге жуық пайдала-
нуы көп жайды аңғартады. Теориялық 
жағынан талдап және тұжырым-
дап бермегенімен, М. С. Силь -
ченконың «Абай – реалист ақын» 
(«Қазақ әдебиеті», 1934, №30), 
«Абайдың реализмі» («Әдебиет 
майданы», 1934, №11-12) аталатын 
мақалаларының 
әдеби-теориялық 
ой-пікірдегі жаңашылдығын жоққа 
шығаруға болмас. Кейінгі зерттеу-
лерде ғылыми шешілген сыншыл 
реализм терминінің Абай шы ғар-
машылығына байланысты ай ты-
луының өзі соны ізденістер жаса-
лып жатқанына тағы бір мысал. 
Абайды ғылыми жолмен танудағы 
осындай құнды материалдардың 
жарық көруі, оларда оң көзқарастағы 
ой-пікірлердің жинақталуы қазақ 
әдебиеттану ғылымында тұңғыш 
монографияның жазылуына негіз 
болды. Ол – Ғ. Тоғжановтың «Абай» 
(1935) атты монографиясы еді. 
Профессор Т. Кәкішев айтқандай
«ғылыми эстетикалық еңбектен 
көрі социологиялық арқауы басым 
мо нографиялық очерктік» сипаты 
басым болғандықтан да Абай шы-
ғармашылығының барлық пробле-
маларын шешіп бермегенімен, өзіне 
дейінгі абайтану саласындағы ой-
пікірді жүйелеуге деген ұмтылысы 
ұлттық әдебиеттану ғылымының бір 
табысы екенін айтпауға болмайды. 
Ақын мұрасына деген социологиялық 
көзқарас кейде тұрпайы социологизм-
ге дейін ұласып, белгілі бір пробле-
маны ғана сөз етіп келген мақалалар 
мен әдеби шолу дәрежесінен аса ал-
май келген оқу құралдарындағы тал-
дауларды жинақтай отырып ғылы ми-
зерттеушілік ой-пікірге жеке ақын 
шығармашылығын монография лық 
тұрғыда тексерудің алғашқы үл-
гісін көрсетіп берді. Ғ. Тоғжанов өз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


256


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет