ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
көздері мен ақындық мектебі тура-
лы зерттеушілік ой-пікір абайтану-
да алғаш көрсетілген болса, Қ. Жұ-
бановтың «Абай – қазақ әдебиетінің
классигі», Ә. Мәметованың «Абай –
кезеңінің дана ақыны» мақала-
ларында үздік ақын, классик екені
тұжырымдала дәлелденді. Әсіресе,
Қ. Жұбанов өз мақаласында ақын
шығармашылығындағы тақырып пен
идея, образ, ақындық шеберлік мә-
селелеріне баруы әдеби-теориялық
ой-пікірде үлкен жаңалық болды.
Ал Ш. Әлжановтың «Абайдың педа-
гогика туралы көзқарасы», Қ. Қуа-
нышұлының «Абай», Ә. Лекер-
ұлы
ның «Абай және оның дәуірі»,
Ғ. Тоғжанұлының «Абайды әлі толық
білгеніміз жоқ» секілді мақалалар
социологиялық арқауы басым бол-
ғандықтан
пікір
қайшылығына
ұшы рай отырса да, Абайдың дү-
ние танымын өмір сүрген заман
шындығына орай қарастыруда тың
бастама салды. Абайды педагог, ағар-
тушы-демократ деген бағалаудың
алғаш айтылуы соны ізденістердің
қолға алынғанын дәлелдейді. Абай-
ды ғылыми жолмен зерттеудің бас-
талған шағында тұрпайы социоло-
гизм теориясына сай көзқарастағы
мақалалар да жарияланбай қалмады.
«Абай шығармашылығы туралы
айтыстың» тууына байланыс ты
Ә. Қоңыратбайұлының «Абай дың
әлеуметтік беті туралы» («Қа зақ
әдебиеті», 1934, №30), С. Мұқан-
ұлының «Абайды тану жолындағы
пікірлер» («Қазақ әдебиеті», 1934,
№30), Қ. Өтепұлының «Абай шығар-
машылығының әлеуметтік негіздері
туралы» («Социалды Қазақстан»,
1934, № 267) сияқты мақалаларда
Абайды ұлт ақыны деген бағаға
келісе отырғанымен, үстем тап ор-
тасынан шыққандықтан, «Либерал-
буржуазияшылдығы» басым ақын
болғанын дәлелдеу бағытындағы ой-
пікір көрініс тапқан.
Абайдың қайтыс болғанына отыз
жыл толуына орай жазылған ма-
қалалардың бір сарасы ақын шы-
ғармашылығына әдебиет теория-
сының категориялары мен ұғымдары
негізінде зерттеуге арналды. Бұл жеке
ақын шығармашылығын теориялық
тұрғыда тексеруге жаңа бастама
салды. Сол арқылы өлеңтану мен
сюжет, композиция, образ, тақырып
және идея, тілдің көркемдегіш құрал-
дары туралы қисындар әдебиет тео-
риясының заңдылықтарына орай
сөз болды. Ұлттық әдебиеттану ғы-
лымының туу кезеңі үшін бұның да
елеулі табыс екенін атап айту лә зім.
І. Жансүгіровтің «Абайдың сөз өр-
негі» («Әдебиет майданы», 1934,
№11-12), Е. Ысмайылов пен З. Шаш -
киннің
«Абайдың
композиция-
сы» («Қазақ әдебиеті», 1934, №30),
«Абай дың өлең өрнектері» («СҚ»,
1934, №301) атты мақалалары тек
Абай шығармашылығын ғана емес,
қазақ поэзиясын өлең сөздің теори-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
255
Достарыңызбен бөлісу: |