ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Европа әдебиетінен Байрон, Гете,
орыс әдебиетінен Пушкин, Лермон-
тов тағы басқаларының лирикалық
шығармаларын негізге ала отырып,
лирикаға қойылатын талап-талғам,
өлең өлшемі, ой мен сезім және ли-
риканың түрлері жайында ғылыми-
зерттеушілік тұжырым білдіреді. Ал
осы автордың «Әдебиет теория сы»
атты мақаласы 1940 жылы басы-
лып шыққан оқулығының алғашқы
тарауы еді. Е. Ысмайылов бұл ма-
қалада өнердің қоғамдық өмірдегі
орны, оның ішінде әдебиеттің басқа
өнер түрінен ерекшелігі турасын-
да айта келіп, әдебиет теориясының
жеке ғылыми пән екенін ұлттық
әдебиеттану ғылымында алғаш дә-
лелдеп, оның зерттеу обьектісі мен
методын түсіндіріп берген.
Осы кездегі теориялық сипаттағы
зерттеудің енді бірі – С. Мұқанов-
тың поэма жанрын сөз еткен ма-
қаласы. Автор қазақ совет поэма-
сының бұл түрінің сөз етер тақыры-
бына, құрылысы мен образдар
жүйесіне және тартысқа (конфликт)
анықтамалық түсініктеме берген.
Поэманың лирикалық және сюжетті
болатынын, онда өмір шындығы,
көркем тіл мен ақынның айтар идея-
сы болуы басты шарт деп көрсетеді.
Поэманың жазылу жолында нық
ұсталатын негізгі элементтері деп
мыналарды атайды. Олар: 1) Бас-
тау; 2) Баяндау; 3) Шиеленісу; 4) Ше-
шу. С. Мұқанов бұл реттіліктің
композициялық құрылыста орны ау-
ысып отыратынын да ескертіп өтеді.
Әдеби-теориялық бағыттағы ғылыми
сипаты айқын көрінетін «Қазақ
әдебиеті» газетінің «Роман мәселесі»
(1936, № 34) атты бас мақаласы,
С. Мұқановтың «Қазақ өлеңі туралы»
(«СҚ», 1935, №108), Қ. Өтеповтің
«Әдебиет образындағы кемшіліктер»
(«СҚ», 1936, №86) секілді еңбектердің
де айтары аз болмады.
Алайда, қазақ әдебиетіндегі «ұлт-
шыл-алашордашылдықтың қалды-
ғын жою», «большевиктік өзара сын-
да қырағылықты күшейту» туралы
ауық-ауық айтылып қалып отырыл-
ған ұлтшылдыққа қарсы көзқарас
1937 жылдың орта шенінен бас-
тап, «ха лық жауларын» әшкерелеу
науқанына ұласты. Әдебиет сыны
әшкерелегіш, қаралағыш мақала-
лар мен көрініп, саясаттың сойыл
со ғарына айналды. Жеке адамға та-
бынушылық әдеби дамуға да әсер
етіп, Сталин басқарған социалистік
қоғамның жетістіктерін мадақтау
өріс алды. Ал әдеби-теориялық ой-
пі кірдің көркем әдебиет туралы ғы-
лыми ізденістері дағдарысқа ұшы-
рады. Ғылыми-зерттеушілік жұмыс-
тар әдебиет тарихы мен теория сының
мәселелерінен гөрі орыс жазушы-
лары мен әдебиеттерін, Жамбыл-
ды және басқа халық ақындары -
ның шығармашылығын марапаттау
ға ауып кетті. Өзінің қалыптасу
жолын да талай қиын-қыстауды бас-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
262
Достарыңызбен бөлісу: |