Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет360/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. 
Қазақ библиографиясының тарихы 
қызметі зор және де ғылым мен 
мәдениеттің барлық салаларын қам-
ти тын әдебиеттану ғылымының үлкен 
бір саласы екендігін байқаймыз.
Қазақ библиографиясының түр-
лері және олардың жасалу принцип-
тері туралы айта кету жөн болады. 
Библиография атаулының басқа са-
лалардай, уақыт жағынан әдебиет 
библиографиясы да екі түрге бөлі-
неді: ағымдағы библиография жә не 
ретроспективті библиография. Ағым-
дағы библиографияға күнде лікті 
бас пасөз материалдарын летописке 
түсіру жатса, ал ретроспективті би-
блиография дегеніміз өткен тарихи 
кезеңнің материалдарынан библи-
ография жасау. Қазақ әдебиетінде 
библиографияның бұл екі түрі де 
бар. Қазақ ұлттық Мемлекеттік кі-
тап палатасы шығарып жүрген бас-
пасөз, кітап летопистері осы ағым-
дағы библиографияның қата рына 
қосылады. Ал әдебиеттің өткен 
тарихи кезеңін қамтитын библиог-
ра фиялардың барлығы да ретро-
спективті библиографиялар болып 
есептеледі.
Ішіндегі мазмұны жағынан әде-
биет библиографиясы негізінен үш 
түрге жіктеледі: жалпы библиогра-
фиялар, персоналды библиогра-
фиялар, тақырып бойынша жасал ған 
библиографиялар. Жалпы библио-
графияның міндеті – баспа бетіндегі 
материалдарды ешбір өзгертпей сол 
документтік күйінде сақтау болса, 
бұл өзгертпей беру – сол материал-
дарды іздеушінің тез де оңай тауып 
алуына қиындық келтірмейді. Жалпы 
библиографиялар әдебиеттің белгі лі 
бір дәуірін, жанрын қамтиды. Пер-
соналды библиографиялар нақтылы 
бір ақын, жазушының творчество-
сына арналады. Тақырып бойын-
ша құрастырылған библиография-
лар көркем әдебиеттің белгілі бір 
тақырыптарының аумағын қамтумен 
шектеледі. Ал әдебиеттің көкейкесті 
тақырыптары бойынша жасалған 
аса көрнекті библиографияны атай 
қою қиын. Өйткені әдебиет библио-
графиясында бұл түр кең өріс алып, 
қанағаттанарлық дәрежеде жолға қо-
йылған жоқ.
Алдына қойған мақсаты жағынан 
әдебиет библиографиясы негізінен 
екі бағытта дамиды. Біріншісі, көп-
шілікке ұсынылатын библиогра-
фиялар. Екінші түрі – ғылыми-зерт-
теу жұмыстарына көмектесетін 
ғылыми библиографиялар. Қазақ әде-
биет библиографиясынан осы кезге 
дейін жарық көріп жүрген библио-
гра фиялардың дені көпшілікке ұсы-
нылатын библиографиялар.
Көпшілікке ұсынылатын биб-
лиографияның толық болуы шарт 
емес, материалдар іріктеліп, таң-
далып алынады. Ал ғылыми-зерт-
теу жұмыстарына жәрдемдесу мақ-
сатын көздеп жасалған ғылыми 
библиографияның принциптері өзге-
шелеу екенін әрқашан да ескерген 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


381


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет