Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет48/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
көріне түседі. Себебі, бұл Т. Кәкі шев 
айтқандай «Ақын шығармаларын, 
оның үстіне тұңғыш рет жарық кө-
рейін деп тұрған Абай жинағын, 
белгілі бір жүйемен топқа бөлу ән-
шейін іс емес, творчестволық про-
цесс…».
4. Абай өлеңдерінің қазақ поэ-
зиясындағы жаңашылдық келбетін 
танытуда ойлылығы мен әсемдігін 
ашу үшін ғылыми-зерттеушілік си-
паттағы талдаулар жасап, нақты пі-
кірлер айтылған. «Жасымда ғылым 
бар деп ескермедім», «Бұрынғы ескі 
биді тұрсам барлап» т.б. өлеңдеріне 
тақырыптық және идеялық мағынасы 
жағынан жасаған талдаулар көңіл 
аударарлық. Абай өлеңдерінің құ-
рылысы мен көркемдігі туралы те-
рең талдау жасамаса да, Абайдың 
қазақ өлеңіне жаңа түрлер қосқан 
жаңашылдығы үнемі аталып отыра-
ды. Осындағы өлеңдерге жасалған 
ғылыми-теориялық талдаулар қазақ 
әдебиеттану ғылымында тек Абай 
өлеңіне ғана емес, қазақ поэзиясына 
жасалған алғашқы талдаулардың бірі 
екенін ескермеске болмайды.
5. Абайдың өлеңді өнер деп тү-
сінуі мен өз айналасына ұстаздық, 
ақындық үлгісі туралы да біршама 
дұрыс ой қорытады. «Абай өзі өлең-
нің өнер екенін біліп жаза бас та-
ғаннан-ақ бұрынғы надандық пен 
өлеңді өнер орнына жұмсамай, ғиб-
рат үшін айтпай тіршілік орнына 
айт қандықтан да өлеңнің қазақ орта-
сына бағасы кемігендігін айтып», 
өзі олардың айтқанынан басқаша 
жол мен жүруге шақырғанын, өз тө-
ңірегіндегі жастарға да осы жолмен 
жүруге ықпал еткеніне ерекше көңіл 
аударады.
Міне, әдеби-тарихи ой-пікірдің 
күр делене түсіп нақты арнаға, яғни 
әдебиет тарихындағы ерекше тұлға-
ларға байланысты айтыла баста-
уында осындай келелі мәселелердің 
сөз етілуі – сол кездегі ғылыми ізде-
ністердің мәнін көтере түсері анық. 
Сол себептен де Ә. Бөкейханов Абай 
өмірбаянын тұңғыш рет жазушы ғана 
емес, алғаш зерттеп ғылыми пікір 
айтушылардың бірі деп қарау қажет. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлт-
тық әдебиет тарихын ғылыми тұр-
ғыда тану жолында алғашқы бо лып 
қалам тартқан, Абайтану деп ата-
латын үлкен жолдың соқпағын салған 
тұңғыш зерттеуші санау керек.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет