45
(дұрыс түзілмеген) рефолдинг (қайта шешу) қызметін атқарады. Олар жасушадағы
дұрыс түзілмеген ақуыздарды бақылап, қажетсіз өнімдерден тазарту (утилизация)
қызметін атқарады. Осындай механизмнің бар болғанымен, жасушада ақуыздардың
белгілі бір пайызы қажетсіз қалдық қосындылары (включений) ретінде жиналып
қалады. Мұндай қалдықтар жасушада кішігірім тығыз түйіршіктер ретінде байқалып
тұрады.
Шаперондардың ерекше қасиеттері қатарына, олардың молекулаларының бір
ғана ақуыз фолдингін басқармайтындығын айтуға болады. Ақуыздың қате фолдингі
нəтижесін талдаумен айналысқан ғалымдар, кездейсоқ жағдайда бұзылған молекула
арасынан, шаперондардың құрылымымен ұқсастарын тапқан. Олар қате ақуыз
фолдингі нəтижелерін түзетуші молекулаларын анықтаған. Сондықтан, шаперондар
тегінің универсалдығын негізге ала отырып, оны қандай да бір ортадағы
ақуыздардың қате фолдингі нəтижелерін түзету мақсатындағы биоинженерлік
жұмыстарында пайдалануға болады деген қортындыға келуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: