Байланысты: О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт
1. Ақуыз типі мен оның қызметі Протоем – жасушадағы барлық ақуыздар бірлігі. Бұрынғы көптеген ғылыми
жұмыстарында əрбір жасуша протоемын жекелей сипаттап беруге талпыныстар
жасалған болатын. Протоем сараптауы қазіргі компютерлік технологияларды
пайдалану мүмкіндігінің өзінде де өте күрделі жұмыс болып табылады жəне
əрдайым сирек ақуыз түрлерін анықтауға мүмкіндік бере бермейді. Протеомиканың
мақсаты – ДНҚ-чипіне ұқсас микросараптауларын жасау. ДНҚ-чипінде матрикске
бекітілген (байланған) белгілі жасушаның гені болатыны белгілі. Матрикске
байланған гендер екі үзікті (цепь) ДНҚ молекуласының тек бір үзігі ғана чиптің
құрамына кіретіндей болып денатурацияға ұшырайды. Мұнда, ДНҚ-ның бір үзігі
екінші
үзігін
комплементарлық
принципі
бойынша
байлап
тұрады.
Комплементарлық үзікке белгіні «тігу» арқылы чиптегі генді байқауға болады.
Алайда, ақуызда ДНҚ молекуласындағы комплементарлық үзігіне ұқсас нəрсе жоқ.
Чиптегі əртүрлі ақуыздарды түстеп-тану (идентификация) үшін, олардағы əрбір
жеке ақуызға арналған моноклональді антиденелері қажет болады.
Протеомадағы көптеген санды ақуыздардың қызметтерін анықтау –
биоинженерлердің жақын болашақта зерттеуі қажет болатын үлкен жұмыстары
қатарына жатады. Бұрыннан мұндай сараптаулар, қалыпты жəне мутантты
жасушаларының жəне индивидуумдардың протоемдарын салыстыру немесе
жекелеген ақуыздарға биохимялық сараптаулар жүргізіп, олардың құрылымын –
қызметі белгілі болған ақуыздың құрылымымен салыстыру жолымен жасалынып
келінді. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер реттілігін анықтаудың да маңызы
жоғары, өйткені қызметтері ұқсас келетін коделенетін ақуыздар, туыстық картасы
бойынша бір-біріне жақын орналасады. Кейбір жағдайларда, қарапайым ағзаларда
бір-біріне жақын орналасқан гендер, эволюциялық тұрғыдан жоғары дамыған
түрлерде – алыс орналасады.
Антисенс-технологиясын қолданып (антимағыналы реттілігін қолдану)
гендерді ажырату мүмкіндігі белгілі-бір ген коделейтін ақуыздың қандай қызмет
атқаратындығын анықтауға мүмкіндік береді. Антисенс-технологиясын қолдану
нəтижесінде, осы жүйеге РНҚ молекуласын, комплементарлы мРНҚ молекулаларын
ендіру арқылы, мРНҚ-ның дезактивизациясы жүреді. Мұнда ақуыз синтезінің алдын
алып, РНҚ-ның комплементарлық молекуласы, мРНҚ-ның бір үзікті молекуласымен
байланысқа түседі. Осындай сараптаулар жүргізу үшін көптеген мəліметтер қоры
(базасы) жасақталған. Осындай қорлар арасынан Шиковски бастаған бір топ
ғалымдардың (2000 ж) жасаған ашытқылардағы ақуыз-ақуыз жүйесін айтуға
болады. Осындай жүйелерді пайдалану арқылы жасалған сараптаулар нəтижесінде,
əлі де толық сипатталмаған ақуыздардың қызметтерін анықтауға мүмкіндіктер
туылады.