Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін



Pdf көрінісі
бет26/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін
төмендету
Ақуыз өндіру бағытындағы биоинженерлік жұмыстарында ең өзекті
мəселелерінің бірі ретінде геном бактерияларына енгізілетін гендерінің дұрыс


48
жұмыс істеуін қамтамасыз ету, яғни ақуыздың дұрыс фолдингін қамтамасыз ететін
трансляция мен транскрипция үдерістерінің қалыпты жүретіндіктеріне көз жеткізуді
айтуға болады. Сондықтан, ақуыз фолдингі жүретін бағыттың дұрыс қалыптасуын
қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде ғылымға ақуыздың қате фолдингісінің алдын
алудың жолдары белгілі болды.
Микроорганизмдерді қажетті өнім шығаруға бейімдеудегі басты кедергі,
оларды табиғатына жат құбылыс – эукариотты ақуыздарды синтездеуге бағыттау
болып табылады. Қажетті ақуыздың синтезін жүргізу үшін, көбінесе вектор ретінде
қолданылатын плазмида немесе вирустардың көмегімен белгілі бір ДНҚ реттілігін
бактерияға енгізгеннен кейін, ақуыз синтезіне жауапты гендерінің транскрипциясы,
бактериялды жасушасының өзіндік механизмі арқылы жүзеге асырылатынын
есімізде ұстайық. Мұндағы синтезі жүретін ақуыз – жасушалық ортаға жат болып
табылады. Сондықтан ақуыздың қате фолдингі мəселесінің болуы күтілмеген
жағдай емес. Осы мəселені шешу мақсатында қолдануға болатын бірнеше əдістер
бар. Мұның біріншісі ретінде – ақуыз синтезінің қарқындылығын төмендетуге
бағытталған жұмысты айтуға болады. Ақуыздың аса көп өндірілуі – жасуша үшін
негізгі стресс-фактор болып табылады жəне мұның нəтижесінде қате фолдингінің
жүру мүмкіндігі де артады. Сонымен бірге, мысалы, қоректік ортаның
температурасын төмендету арқылы, өсіру жағдайын да өзгертуіңізге болады.
Басқа бір жолы ретінде – фолдинг регуляциясын коделейтін гендерді ендіруді
айтуға болады. Мұнда жасушадағы фолдинг регуляциясына жауапты гендері, ақуыз
түзілуіне жауапты құрылымдық гендерімен бірге экспрессиялануы қажет. Егер де,
жасушада фолдинг регуляторларының гендері көп болса, ақуыз фолдингінің
тиімділігі мен дəлдігі де артады.
Сонымен бірге, молекула секрециясының тиімділігін – секрецияға қатысатын
шаперондардың пайда болуына жауап беретін гендерді ендіру арқылы да арттыруға
болады. Мұндағы тағы бір айта кететін жайт – бұл шаперондар жасушадан ақуызды
шығаруды қамтамасыз етеді. Осындай жолмен шығарылған ақуыздарды қажетті
мақсатта пайдалану үшін жинақтап алуға болады. Мұндай ақуыздарда арнайы амин
қышқылдық орналасу реті болатынын еске түсірейік. Осы реттілікпен секреторлық
шаперондары байланысады. Секреторлық шаперондары ақуыздардың жасушалық
мембраналарынан өтуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ақуыздардағы сигналдық
реттілігінің болуы, олардың жасушадан секрециялануына жəрдемдеседі.
Ақуыздардың қате фолдингісінің жүру мүмкіндігі қоршаған ортаның кейбір
факторларының əсеріне, мысалы ыстықтық қолайсыздығына (стресіне) байланысты
артады. Ақуыз синтезінің қарқынды түрде жүру нəтижесі, олардың қате фолдингі
мүмкіндігіне де алып келеді.


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет