52
саңырауқұлақтары, протозоа) жəне шығу тегі мен мақсаты басқа антигендерінің
(ұлпалық
трансплантанттар; өсімдіктер
немесе
хайуандардың
улары;
аутоантигендер; ісік жасушалары) кіріп кетуі мен онда дамуынан қорғайды. Олар
макроорганизмдегі ішкі ортаның тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатындағы
(гомеостазды) иммунологиялық бақылау қызметін атқарып, ағзаның тұтастығы
мен өзіндік қалпының сақталуын қадағалайды.
Иммундық жүйе үш негізгі құрамдас бөліктерден тұрады: жасушалық,
молекулалық жəне генетикалық. Бұлардың біріншісінің ішіне – макрофагтар, Т-
жəне ß-лимфоциттері, екіншісіне – иммундық
глобулиндердің бес класы IqM,
IqG, IqA, IqE, IqD жəне үшіншісіне – көптеген гендер кіреді (кесте -1)
1-кесте. Иммундық жүйенің генетикалық компоненттері
Аты
Атқаратын қызметі
Иммуноглобулиндік
гендер
Өзгермелі (V) жəне тұрақты (С) заттардың
құрылымын анықтайды. Н (µ,α, γ, α, ε) жəне L, ß-
лимфоциттеріндегі κ, λ – иммуноглобулиндер гені
үзіктерін; γ – аумағы
Т-лимфоциттердегі
антигендеріне бағытталған рецепторлар бөлігін
түзеді.
I аумағы (РLА- D) Макрофагтардың өзара əрекеттесуіне, Т жəне ß-
лимфоциттеріне жауапты.
Ir- гені
Тиісті антигендерге қарсы жауап күшін реттеу
арқылы, жеке организмнің
ауруларға төтеп беру
қабілетін анықтайды.
Iа- антигенін
коделейтін гендер
Негізінен лимфоциттердің «транспланттардың
иесіне қарсылығы» жəне лимфоциттердің аралас
реактивтіліктеріне жауапты.
Иммуномедиатор
-лар гені
Цитокнин (лимфокиндер, ІL –интерлейкиндерін
қоса); γ – интерферон, нейтротрансмиттер,
макрофагтар
миграциясын
кідіртетін (МІІ)
факторлар сияқты
иммуномедиаторларды синтез
үдерісіне араласу.
Ген
сəйкесті-
лігінің
басты
комплек
-стері
(ГСК)
немесе
HLA
гені
Басқа салалар
Негізгілері:
трансплантанттар
мен
ісік
жасушаларын қабылдатпауға қатысатын үлкен
жəне
кіші
трансплантанттық
антигендері;
патогенді вирустармен əрекеттесу; комплемент
жүйесінің жекелеген комплементтерін синтездеу.
Жасушалық антигендер мен
рецепторларын
дифференцияциялау
гендері
Анықтағыш
лимфоциарлық
антигендер (Т-
лимфоциттерінің
түрлі
субпопуляцияларына
арналған Lyt-1,2,3; белгілі
лимфоциттерде
экспрессияланатын Lyb-3,5 жəне т.б.); Ғс-
рецепторлары (ß-лимфоциттеріне, макрофагтарға
жəне
Т-супрессорларына
арналған
ҒсRγ;
макрофагтар мен Т-хелперлерінде - ҒсRµ), В жəне
Т
жасушалары
субпопуляцияларындағы
комплемент рецепторлары.
53
Иммундық жүйе – ағзадағы ең бір гетерогенді жəне күрделі жүйелердің бірі.
Адамдарда ол өз құрамында бір жағынан – шығу тегі бір болғанымен, екінші
жағынан – түрлі əсерлі болып келетін 2×10
12
лимфоциттер мен 10
20
антидене
молекулаларыннан тұрады.
Иммундық
жауап
реакциясының
негізгінде
иммунокомпонентті
жасушаларының (ИКЖ) – макрофагтар, лимфоциттер, дендритті жасушаларының
біріккен (корпоративті) əрекеттесулері жатады. ИКЖ-лар шеткі (перифериялық)
қан жүйесінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерінде жəне т.б. бөліктерде
кездесетіндіктен, ИКЖ-ның корпоративтік əрекеттері дененің барлық жерлерінде
көрініс бере алады. Осындай əрекеттер барысында
НLА тарапынан коделенетін
беткі антигендері басты міндетті атқарады; сонымен бірге олардың қатарында
əртүрлі медиаторлар (делдалдар) немесе цитокиндер де бұл жұмысқа қатысады.
Цитокиндер қатарына, лейкоциттер мен басқа да жасушалардың физиологиялық
жəне патофизиологиялық реакцияларына қатысатындықтан
жасушалық
регуляторлар
деп аталатын əртүрлі заттар кіреді.
Цитокиндерге келесідей жалпы белгілері ортақ: олар
төменгі молекулярлы
(ММ көрсеткіші 80 кДа-нан төмен) жəне гликозирленген, пикомольді (пМ)
концентрацияда əсерге түседі, бөлінуі арнаулы жерде ғана жəне тұрақты түрде
емес, өзін паракаринді жəне аутокаринді фактор ретінде көрсетеді, жасушаларда
жоғары кафинді рецепторларымен əрекеттеседі, рецепторлармен əрекеттерге
түскеннен кейін жасушалардың
РНҚ
спектрі мен функциональдық
белсенділіктерін өзгертеді, ісіну жəне иммунитет реакцияларының күші мен
ұзақтығын реттейді.
Қазіргі кезде цитокиндердің лимфокиндер, монокиндер, интерлейкиндер,
интерферондар сияқты көптеген түрлерінің
құрылымдары мен қызметтері
анықталған. Тек қана интерлейкиндердің 13 түрі белгілі. Олардың 1972 жылы
ашылған ИЛ-1 деп аталатын түрі макрофагтармен түзілсе, ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-5, ИЛ-
7, ИЛ-8 жəне ИЛ-9 түрлері Т-жасушасымен; ИЛ-4 активтелген Т-жасушасы жəне
В-жасушаларының кейбір желілері мен ірі жасушалары арқылы; ИЛ-6 – түрлі
жасушалармен түзіледі жəне интерферон β-2 деп аталады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: