140
жаңа патогенді заттар пайда болса, өсімдіктер бұл кеселдерге төзімсіз болып,
жаппай құртылу мүмкіндігі ұлғаяды. Сонымен бірге, бұл
технологияның
қарсыластары, гербицидке төзімділік генінің жабайы популяцияларға ауткроссингі
салдарынан, табиғатта гербицидке төзімді супер арам шөптерінің пайда болу
мүмкіндігін жəне оны бақылау өте қиынға түсетіні жөнінде тұжырым жасайды.
Генетикалық модификацияға ұшыратылмаған деп есептелінетін өсімдіктерден
жасалынған тамақ құрамынан трансгендерің табылуы, олардың адам ағзасына
тигізетін зиянды əсері дəлелденбесе де, тұтынушылардың
көңілдеріне белгілі бір
дəрежеде күмəн ұялатуы мүмкін. Қоғам мүддесі сақтықты талап етеді жəне адамдар
немен қоректенетіндерін əрдайым біліп отырғанды қалайды. Бірнеше жағдайда,
трансгенді емес деп сатылуға қойылған өсімдіктер құрамынан, трансгендер
табылған еді. Нəтижесінде, осындай өсімдіктерді сатуға қойған ауылшаруашылық
компаниялары, өте үлкен шығынға ұшыраған болатын. Сондықтан, осындай нəрсеге
салақтықпен қарау салдары, немесе ГМ өсімдіктерінің заңсыз таралу мүмкіндігі,
əсіресе, Европа мемлекеттері тарапынан ГМ өнімдеріне
деген қатаң бақылау
талаптарын қабылдауға негіз болды. Америка құрама штаттарында, егер де мұндай
өсімдіктерге бір рет рұқсат берілген болса, олар қайтып бақылауға немесе зерттеуге
алынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: