141
жабайы туыстарымен жұптасқаннан туылған ұрпақтары, кейіннен өліп қалады деген
үміт болды. Флоридада генетикалық модификацияға ұшыратылған жыртқыш кене,
өсімдіктерге залалын тигізетін басқа кенелерді жеп құрту үшін табиғи ортаға
жіберілген. Бұл технологияны кеңінен қолдану керек деп есептелінгенімен, осы
мақсатта табиғи популяцияға тиімді əсер
етуге жеткілікті болатындай
модификацияға ұшыратылған жəндіктердің көптеген санын жіберудің қиынға
соғатыны кедергі келтіруде.
Микробтық
инсектицидтер
. Соңғы
кездері
өсімдіктерді
əртүрлі
зиянкестерден қорғау мақсатында қолданылатын химиялық пестицидтердің
қоршаған орта жағдайында толық ыдырап кетпей, айналаны ластауы жəне олардың
канцерогенді жəне мутагенді əсерлері жөнінде көп айтылып жүр. Сондықтан,
осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, шығу тегі тірі ағзалар болып
келетін инсектицидтерді пайдалану жолға қойылуда. Бұларды қолданудың ең тиімді
себептері қатарында, аталған дəрмектердің тек қана бағытты түрде əрекет етуі мен
қоршаған ортаға зиянын тигізбеуін айтуға болады.
Микробтық
инсектицидтерді
алу
үшін
вирустар, микроскопиялық
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар пайдаланылады жəне
мұндағы қолдануға өте
ыңғайлысы – спора түзетін бактерияларын пайдалану болып табылады. Микробтық
инсектицидтер тек қана зиянды жəндіктерге бағытталғандықтан, басқа пайдалы
насекомдарға өз əсерін тигізбейді. Мұндағы микроорганизмдердің патогендігі
белгілі -бір токсиндердің əсері нəтижесінен туындауы себепті, зиянды жəндіктерде
мұндай биодəрмектерге қарсы тұрушылық қабілет қалыптаса алмайды. Жəне бір
маңызды қасиеті – уақыт өте келе микробты пестицидтер
өздігінен залалсызданып
кетеді.
Сонымен бірге микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарлардың өсуіне өз
əсерін тигізіп, ауруларын баса алады. Кейбір бактериялар топырақтың қышқылдығы
мен тұздылығын өзгертсе, басқалары – топырақ құрамындағы
темірді тұтқыш заттар
бөледі, үшіншілері – өсу үдерісіне жауапты заттарды синтездейді. Көпшілік
жағдайда микроорганизмдер арқылы себілетін ұрықтарды немесе егілетін
өсімдіктерді өңдеу (инокулирование) жұмыстары да жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: