Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет85/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
ГМ өнімдерін шығару жұмыстары көп қаражатты қажет етеді, ал бұл өнімді
шығарушылар өз тарапынан табыс табуды көздейтіні заңды. Фермерлер болса,
алынған өнімнің біраз бөлігін, келесі жылы егетін дəн ретінде сақтайды. Тұқымдық
материалдар сатумен айналысатын кəсіпкерлерді, əрине, бұл жағдай қуантпайды.
Тұқым сатумен айналысатын корпорацияларға фермерлердің жыл сайын олардан
тұқымдық материалдар сатып алып отыруы тиімді. Сол себептен арнайы
жасалынған ГМ өсімдіктерінің тұқымдарын, қайта егуге жарамайтындай етіп
шығару, тұқымдық материал сататын корпарация өкілдері үшін қажет болады.
Өйткені ГМ өсімдігін еккен фермер, келесі жылы тек қана осы корпорация
өкілдерінен ұрықтық материалдар сатып алып отырады. Сондықтан, көптеген ГМ
өсімдіктерінде, кейіннен, ұрықтарының өздігінен бұзылу механизмін тудыратын
əдістер қолданыла басталған. Мұндай ГМ өсімдіктерінің ұрық дəні арқылы көбею
мүмкіндігі болмағандықтан, оларды қайталап себу, немесе егіс даласында төгіліп
қалған дəндер арқылы келесі жылы өсіп-таралуы мүмкін болмайды.


144
Осы мақсатта жақын аралықта патент алынған, ұрықтың ары қарай өсу
қабілетінің жойылуын қамтамасыз ететін əдістің бірі –
терминаторлық
деп
аталады. Бұл технология бойынша, дақылға ендірілген ген, ары қарай
экспрессиялануы нəтижесінде, өсімдік дəніндегі ұрықтық бастамасының
жойылуына əкеледі. Көбінше мұндай ген рибосом қызметіне байланыстырылған
болып келеді. Бұл белгі бірінші ұрпақта өзінің басымдығын көрсетпегендіктен, бір
ұрпақты ұрық дəні арқылы өсіруге болады. Ал фермерлерге келесі жаңа буын
ұрпақтарын өсіру үшін қайтадан дəндер сатып алу қажет болады.
Осы мақсатта жасалынып жатқан тағы бір жаңа технологияға тоқталатын
болсақ, ол T-GURT (trait specific genetic use restriction tehnology – рестрикциялық
технологияны арнайы генетикалық мақсатта қолдану) деп аталады. T-GURT
технологиясы арқылы алынған өсімдіктердің трансгендік ерекшеліктерінің көрініс
беруі үшін, оларды арнайы жасалынған жəне өндірушілер тарапынан патент арқылы
қорғалған, химиялық заттар арқылы өңдеу қажет болады. Сондықтан, фермерлерге
бұл химиялық заттарды сатып алу керек немесе жаңадан ұрықтық дəндер алу керек
болады.
Терминаторлық технологияның жақтастары, мұндай өсімдіктердің тозаңымен
кездейсоқ тозаңданатын жабайы өсімдіктер ұрпақ беру қабілетіне ие
болмайтындықтан, ауткроссинг мəселесі шектеледі десе, бұған керісінше оның
қарсыластары, бұл өз кезегінде жабайы өсімдіктердің құрып кетуіне алып келеді деп
дабыл қағады. Сондықтан, ғалымдар тарапынан, тозаңы терминаторлық қасиетке ие
емес терминаторлық өсімдіктер шығару жолдары қарастырылуда.
Ұрықтық өнімдерді бақылаудағы қазіргі кезде белгілі əдістер арасында, T-
GURT технологиясы ең қарапайымы болып саналады. Мұндай əдіспен алынған
өсімдіктердің ұрықтық бастамасы жойылмайды. Тек қана қосымша дəрмектер
арқылы өңделмеген жағдайда ғана өсімдіктердегі трансгендер экспрессиясы
жүрмейді. Бұл 
дақылдардағы 
трансгендер, жабайы 
өсімдіктерінде
экспрессияланбайтындықтан, фермерлер трансгендері жоқ өз дақылдарын ары қарай
пайдалана алады.
Бірақ та, трансгендердің басқа жабайы өсімдіктерге ауысып кету мүмкіндігі
жəне онда олар экспрессияланады ма, əлде жоқ па деген мəселелер, жұтшылықты
əлі де алаңдатады. Жəне трансгенді белсендіру (активизация) мақсатында себілетін
химиялық заттар да қоршаған ортаға залалын тигізуі мүмкін деген қауіптер те
баршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет