Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Сократкд дейінгі философия 2 9 біріне қарама-қарсы екі бастаманың күресін алады. Біріншісі - Филия махаббат
(сүйіспеншілік), ғашықтық күші ретінде «төрт тамырдьщ» қойнауын қорғап-
сақтауға орекеттсніп, бірлік пен жақсылықтың, әртектілерді біріктірудің, біртекті-
лерді бөлудің ғарыштық себебі болса, екіншісі - Нейкос жек көру мен жаманшы-
лық ретінде көпшілік пен жамандықтың әртектілерді бөлудің, біртектілерді бірік-
тірудің ғарыштық себебі. Өзара күресте Филия мен Нейкос алма-кезек жеңіске
жетеді. Олардың жеңіс кезеңдері ғарыштық циклдің төрт фазасына сәйкес келеді.
Бірінші, үшінші фазаларда махаббат (сүйіспеншілік) жеңеді. Бұл фазаларда элем
шарға (сфайрос) ұқсайды да, төрт алғашқы бастама тепе-тең түрде бір-бірімен
араласқандықтан, бұл кезеңдерде заттар жске-дара болып қалыптаспаған. Ал екін-
ші, төртінші фазаларда жек көрушілік пен махаббат тепе-тең болады. Бірақ бұл
тепе-теңдік тұрақсыз, демек, олардың үздіксіз қозғалысының арқасында олардың
дамуы бірлік пен жақсылықтан көпшілік пен жамандыққа (екінші фаза) жэне
көпшілік пен жамандықтан бірлік пен жақсылыққа (төртінші фаза) бағытталады.
Эмпедокл әлемді мәңгі қайталанып отыратын құбылыс деп санайды. Әлем өзі-
нің тамырлары деңгейінде жэне «уақыт айналымы» шеңберінде өзгермейді де,
ал жеке заттар деңгейінде жэне «уақыт айналымының» ішінде ылғи да өзгеріс-
те болады. Ғарыштық махаббат пен жек көрушілікті адам өзіне тән осы сияқты
махаббат пен жек көрушілік арқылы танып-біле алады.
Эмпедокл жанның көшіп-қонатынына сенеді. Өз жанының бұрынғы өмірін-
дегі кім болғанын айта келіп, барлық денелерді ақылмен, оймен қамтып отыратын
«қасиетті ақыл» арқылы түсіндіруге тырысады, ал оның материалдық негізіне
заттардың төрт тамыры тең араласқан. Әлемді толық танып-білу осы «қасиетті
ақылға» тэн, ал адам осы шексіз элемнің өз жүрегі көрсеткен кішкене ғана бөлігін
танып-біле алады.
Эмпсдоклдың пікірінше, жанды денелер жансыз тіршілікген пайда болады,
бірақ олар тұтас күйінде емес, алдымен, олардьщ жекелеген органдары пайда бо
лып, олар қалай болса, солай өзара қосылады да, қоршаған ортаға бейімделме-
ген, ебедейсіз бөліктері өміршеңдігін корсете алмай, өз орнын ортаға бейімдел-
ген жаңа организмдерге бсруге мэжбүр болады. Сөйтіп, дүниеде өзіміз көрген-
дей өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тура осындай тәсілмен адам пайда болады.
Сэуленің жылдамдығы туралы Эмпедокл тамаша болжам айтқан. Жер мен аспан
әлемінің арасында сәуле белгілі бір уақыт аралығындағы үлкен жылдамдықпен
қозғалып, жан-жаққа тарайды, сол себепті адамдар оны қабылдай алмайды.
Эмпедокл - өзінің философиялық, физикалық, биологиялық қағидалары ар-
қылы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған ірі ойшыл.