3 0 8
V III тарау. Крзаі$ философиясы
Кетті, келді,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп енді қайтадан137, -
деп айнала өмірге, табиғат қубылыстарына қарап, ненің болса да бас-аяғы жалғас
жататынын,
сонымен бірге өзгеріп, сонымен бірге жаңарып отыратынын өзінше
қорытады. Шәкәрім дүнистанымындағы алға басылған маңызды да мәнді келесі
қадам оның қозғалыс туралы түсінігінде еді:
Жаралыс басы -
қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің бір мәнде,
Сол қуатпен бол таныс.
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді,
Өспеген нэрсе өзгермес,
Турден ол түрге түспейді.
Қозғалыс түрлеп таратқан138 *
Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі. Осындай құнды жаңалыққа Шәкәрім
ғылыми жолмен емес, стихиялы түрде келеді.
Ойлы адамсың ғой сен де.
Бар ма мақсатсыз тэртібі жоқ нәрсе элемде? -
деп сұрап алып:
Ақылды жанның мулкі әлем,
Тәргіппен өсіп таралды.
Осыны неге білмеген!13І) -
деп өзі жауап беруі материалистік бағытқа жасаған үшінші басты да,
батыл
қозғалысты көрсетеді. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы - Құдайдың
ықылас, еркіне байланысты
кенетген жасалына салған, сондықтан кез келген
уақытта өзгеруі немесе жойылуы мүмкін. Ал Шәкәрім ше?
Біртіндеп туатьш
қажеттілігіне қарай белгілі тәртіппен себеп-салдар қатынасы бойынша дамып
отыратын мақсатты процесс.
Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тэн жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жараткан жоқ,
Есепсіз қанша мыңмен сан жаратты.
Осыдан келіп Шәкәрім әлемді хаос, кездейсоқтықтар патшалығы деп түсхніп,
ақыр заманды күтушілерді батыл санайды. Бұл мақсатта Шәкәрім өзінің жараты-
137 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 230-6.
138 Сонда. - 230-6.
135 Сонда. - 22-6.