Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
III тарау. Ортагасырлык, философия Өкінішке орай, көптсген адамдар ойшылдың философияға қатысты көзқа-
расын дұрыс талдамай, эл-Ғазалидың кейбір философтарға қарсы көрсеткен сы-
нын сылтауға ала отырып, оны философияның «жауы» деп санайды. Олардың
ойынша, басқа да себептермен қосылып, бұл жағдай мұсылмандардың фило-
софиялық жэнс рационалды ғылымдарға деген қызығушьшықтарын суытып
жіберді. Алайда әл-Ғазалидан XVI ғасырға дейін жалғасқан ислам ғалымдары-
ның астрономия саласында «алтын ғасырға» жеткен үлкен ғылыми прогрестері
біздің мұндай тұжырымға күмәндануымызға себеп болады. Керісінше, эл-Ғазали
философиялық эдістер мен дэлелдерді белсенді қолданып отырғандықтан, өзі-
нің эпистемологиялық қайнар көздерімен қатар дүниені логикалық тану нәти-
жесін ғана емес, сонымен қоса «Вахий» мен «И’льхамньщ» арқасында алынған
ақпараттарды мойындауының әсерінен болар құрандық дін философиясының
бірінші өкілі болып саналды.
Ибн Рушд. Әл-Фараби, ибн Сина жэне эл-Киндидің еңбектері мұсылмандық
«хауасс» - білімді элитаның айналасында кең көлемде өрлеуді туындатты. Соң-
ғыларының өкілдері өздерінің сондарынан Құранды жаңғырта ксле зерттеудің
рухына беріле отырып, басқа ғылым сфераларында жалпылама қабылданған бе-
делдерге соқырлықпен еріп кетуге талпынбады, бірақ ескіні синтездеп, жаңаны
қүруды жалғастыра берді. Осындай мықты тұлғалардың бірі 1126 жьшы Кордова
(Қазіргі Испания) қаласында қалалық сот басшысының отбасында дүниеге кел-
ген Әбу Валид Мұхаммет Бен Ахмет ибн Рушд болды. Жас жігіт сол уақыттағы
ислам ғылымдарын оқумен айналысады жэне Кордова сол дәуірдегі философия-
лық зерттеулердің астанасы болғандығын пайдалана отырып, математиканы, фи
зика, астрономияны, логиканы, медицина мен философияны оқиды. Кішкентай
бала кезінің өзінде ол Имам Мэлік «әл-Муата’ның» күқықтық трактатын жатқа
оқитын болған. Дәстүрлі ислам ғылымының қатары бойынша ол «И’джазат»
- дэріс беруге рұқсат алады. Алайда ибн Рущд ислам ғылымының әдемілігі-
не смес, философиясына, соның ішінде Аристотель идеясының жүйелі қүры-
лымына таңғалады. Егер грек ойшылы исламның көзқарасы бойынша, дұрыс
емес тұжырым жасаса, ибн Рушдтың ойынша, онда ол заттарды түсіне отырып,
өз-өзіне қарама-қайшылыққа тап болмай, өзінің жеке терең парадигмасының не-
гізінде осы тұжырымға келгені үшін ақталуы тиіс. Демек, Авэрроэс бойынша,
Стагерит идеялары қате болуы мүмкін, алайда ол қолданған алғышарттарды ес-
керсек, онда олар логикалық тұрғыдан дұрыс айтады. Бірнеше уақыт өткеннен
кейін эмір Жүсіп пен ‘абд әл-Му’минның бұйрығы бойынша ибн Рушдқа Арис
тотель еңбектеріне анық түсіндірме жазуды тапсырады, ол оны қогамның эртүрлі
таптары үшін үлкенді-кішілі түсіндірмелер жасай отырып, керемет орындайды.
Өмірінің соңында ол Фас қаласындағы Әбу Жақып сарайында докторлық қыз-
метін атқарады. Билікке оның баласы әл-Мансұр келгеннен кейін де оған халиф
сарайында күрмет көрсетуді жалғастыра береді. 1195 жылы әл-Мансұр христиан
жауынгерлерімен шайқасқа түсу мақсатында Кордоваға келеді. Халифтің кел-
гендігін пайдалана отырып, құқықтанушылардың тобы оған ибн Рушд туралы
жағымсыз ақпараттар жеткізеді. Ибн Рушдты құқықтанушылармен кездесуге
шақырып, философ халифпен бірге ойшылдың көзқарасына қатысты жағымсыз
сындарды тыңдайды. Осыдан кейін ибн Рушдты басқа соттар мен ғалымдардың