III тарау. Ортағасырлы£ философия жэне т.б. ғылымдардың білімін сақтай алады. Осыдан басқа ол миллиардтағаң
ақпаратты қабылдап, эр сағат сайын жаңа мәліметтер алады, солай ол денеде
орналасады, ал материя ондай көп ақпаратты сақтай алмайды, мысалы, үй елу
адамға арналса, одан артық мысалы, екі жүз адамды тұрғыза алмайды.
Ат-Туси адамның өсетінін, жануар жэне адамгершілік жанмен тұратындьь
ғын айтады. Соңғысы жануар мен интеллект жағымен байланысты. Бұл жан-
жануармен де, адамгершілікпен де сіңісе алады. Біріншіде, ол денемен бірге өле-
ді; екіншісінде, денеден тэуелсіз болып мэңгі болады. Бірақ ат-Туси айтқандай,
адамның көрінісі жоқ болмайды, ол қайғырады немесе лэззат алады.
Адамның денесін жан басқарады; бірақ ол оны эртүрлі жүйке арқылы
жасайды. Адамның ойлауы ерскшелснбейді, оньщ қызметі мида. Дұрыс ойлау ат-
Туси ойынша, мидың бергі жағында, көру ортасының басында, елестету орталық
мидың ортасында, ес артқы жағында орналасқан.
Ат-Тусидің қоғамдық элеуметтік философиялық өлшемі әл-Фараби көзқа-
расына негізделген. Екі ойшыл да мәдениет ғылымын барлық қаланың мәдениеті
жэне ғылым мен саяси ұйым ретіндегі ғылым мағынасында айтады.
Адам - әлеуметтік тіршілік етуші. Дәлел ретінде ат-Туси адам деген сөздің
араб тілінде көпшіл, сөйлеткіш дегенді білдіретінін көрсетеді. Себебі байланысқа
табиғи тартылу адамдарда басқаларға қарағанда срекше өтеді. Өркениет - осы фе-
номеннің басқа атауы. Сондықтан ислам адамдардың көпшілікте дуга етуін көр-
сеткен. Одан басқа маңызды нәрсе еңбекті бөлу, онсыз адам мәдениеті дамымайды.
«Егер адам бэрін өзі істесе, оған барлық саланы үйрену керек болады», - дейді ол.
Бірақ оның өмірінде ешқандай қызық болмас еді. Егер бірге жасап, бір-бірімізге
көмектессек, өмірге керектінің барлығын алып, бір жүйеге келеміз.
«Тамаддун» сөзі «мадинат» сөзінен шығып, эр саладан шыққан адамдардың
бір-бірімен келісіп, бір жерде болғанын білдіреді. Кейбір адамдар лэззат any
үшін басқалардан көмек алғысы келеді; кейбіреулері бұдан материалдық пай-
да іздейді; басқалары адамға ризашылық алу мақсатымен жақсылық істей-
ді. Адамдардың осындай эртүрлілігі жанжал туғызады. Осы жерден бастық-
тың керектігі байқалады, ол бэрін қадағалап, эр азаматтың құқығын қорғайды.
Басшының міндеті - эділ басқару. Оған ат-Тусидің ойынша, Құдайдан кейін-
гі екінші адамның, патша немесе басшының арқасында жетуге болады. Жердің
басшысы кішкене нәрселерге заң шығара алады, ал үлкен нәрселерді шариғат
бойынша жасау керек. Құдайдың жолымен басқарған адам ат-Тусидің пікірін-
ше, «Құдайдың өкілі» аталады. Ат-Туси Әлидің ұрпағынан шыққан адамды эділ
басшы көрген. Әл-Фарабидің жолын қуып, ол жетілген басшыны елестетеді. Сол
басшының сөзі барлық әлемге жетеді. Ат-Туси айтқандай, ондай адамда қасиеттер
қатары жақсы болу керек. Басшының басты міндеті төрт бөлімді: ғалымдарды,
соғыскерлерді, шаруаларды жэне сатушыларды біріктіру. Ат-Туси соғыс ке-
зінде саяси үстындарды басшы ұстану керектігін айтады. Жауды менсінбеуге
болмайды, бірақ ең бастысы - соғысты болдырмау. Егер амал болмаса, онда келе-
сі қадам Апланың жолымен болу керек. Басқаратын адам соғыс жағдайын біліп,
саналы, білімді адам болу керек. Ат-Туси тыңшы туралы айтады, ол ақпаратты
білудің ең оңай жолы дейді. Дипломатия ұстамдыларға жақсы қарауды қажет ете-
ді. Егер жеңіске жетсе, жеңілгендердің біреуін де өлтіруге болмайды. Бірақ әскер-