106
III тарау. Ортагасырлык, философия
Иқбал көрсеткендей, бұл алыпсатарлық тек үстіңгі деңгейде зерделен-
ген жэне сынды көтере алмайтын еді: «Парсылар метафизика тақырыбына фи-
лософиямен иіұғылдана отырып, тек әмбебапты идсяларға мэз болады, олар
идеяларды өмірге айналдыруды көздемейді... Ол, тіпті мазмұнның байлығын да
тексермейді. Оның символы - бір гүлден екінші гүлге секіріп жүрген кобелек мае
күйінде барша бақты қамти алмайды...». Сонда да ислам парсылары гректің ло-
гикалық аппараты мен иран эмоционалдығын қолдана, коне парсы даналығы мен
қүрандық көзқарасты байланыстыра отырып, өлең мен проза түрінде философия-
мен айналысты. Қасиетті мәтіндерді талқылайтын шиизм эзотериялық таңғалу
мен тылсым жетілуді іздеп жүрген парсы мінезін қатайтты.
Шииттік ислам әлемі өмірдің шииттік философиясында құрастырылған
үлкен мемлекетті құруға күші жетті. Бұл философияның жүйесінің дұрыс құ-
рылмауы мен ішкі тұрақсыздығы өзін-өзі көрсетті. Басқалармен ашық сөйлесуі,
ішкі жэне сыртқы толеранттылығы, ғылым мен мәдениет арқылы нағыз шын-
дықты іздеуде риясыз еңбектенуі, Құдай атымен барлық тіріге аяушылық таны-
ту секілді эрекеттер орта ғасырдағы ислам мәдениетінің ұлы рухын көрсетпеді.
«Исламдық» деп қате айтылып жүрген 1979 жылы болған төңкеріс Хомейнидің
әдемі ойластырылған стратегиясының нэтижесі емес. Батыстың билік куштері-
мен бақыланып отыратын, әрқашан елде шетелдіктердің болуы жэне «қуыршақ»
секілді күй кешкен мемлекет экономикасы ауыр болған жағдайда халықтың
өзі жасаған эрекеті. Елдегі болып жатқанның себепкері - шах экімшілігінен
құтылу үшін саяси блоктардың «сол» күштері, коммунистер, діни қайраткер-
лер, алыпсатарлармен таныстырылған саяси орта буыны бірікті. Төңкерістен
кейін орын алған Хомейнидің саяси манипуляциясы ресми билік құлатылғаннан
кейін орнаған биліксіздік нәтижесінде қатты теократикалық режим орнауымен
аяқталды. Халық көпшілігінің көңілінен шығатын саяси фигуралардың аз болуы
кезінде Иранда Хомейни Иран мәдениетінің өкілі жэне оның дәстүрін сақтай-
тын, шахқа толықтай қарама-қайшы мейірбан эрі сыпайы жетекші болып көрін-
ді. Оның діни сөздерге бай саяси тілі жэне саяси икемге жақын емес ол, төңке-
ріске жақын қоғамды кездестіреді. Сондықтан оның біраз жылдан соң Иранға
қайтып келуі көп адамдардың назарын аударды. Шииттік ділге тэн «махдиді»
мэңгілік күту одан сайын қыза түсті.
Яғни, шын мәнісінде, «ислами» төңкеріс болмады: негізінде бүл «ұлттық
мемлекет» секілді қазіргі саяси концепцияларға сүйенді, «тақуалы «үлемнің»
басқаруы» қарсы дәстүрлі шииттік концепция «эділ имамның басқаруы» секілді
ешкімге белгісіз теологиялық ұғымдар мен халықты элеуметгік белсенді етудің
заманауи әдістерін қолданды.
Соған қарамастан Хомейнидің шииттік ислами төңкерісінің болуына эсер
етті. Діни қайраткерлер өзінің ізбасарларымен «иерархиялық» түрде басқаруды
шииттік исламнан көреді. Себебі Хомейнидің «Уиляет-и факих» шииттік рефлек
сия концепциясында адамдар «жасырын имаммен» рухани байланысқан, шиитгік
имамдармен қалдырылған діни білімді алып жүрген адамдардың онтологиялық
және гносеологиялық мәртебесі жоғары. Сүннет исламы өзінің жақтаушыларына
протестантизмге ұқсас автономды жэне шектеулі мэртебені ұсынады. Осы тұр-
ғыда шииттік ислам рухани жетекшілерінің дамыған иерархиялық құрылымы
107
Парсы тілді ислам философиясы
бар православиелік христиандыққа ұқсайды. Сондықтан сүннеттік діни жетекші
щииттік «үлем» секілді тақуа ізбасар болып ешқашан қоғамға эсер ете алмайды.
Ең маңыздысы - қазіргі кезде шииттер мен сүннеттіктердің жақындасуы
реалистік идея. Себебі олардың айырмашылығынан гөрі ұқсастығы өте көп: ең
басты ерекшелік - «Имаматқа» сену IX ғасырда соңғы шииттік имамның жоғалып
кетуімен болды. Қазір шииттер сүннеттіктер секілді Құдаймен таңдалмаған
■хұлғалармен басқарылуы керек емес, бірақ оларды эділ экімшілік топ үйлесім-
ді ғалым-дінтанушылар басқаруы да мүмкін. Шындығында, «Жасырын имамның
келуін» күтетін шииттіктер үшін маңызды смес. Себебі оның қашан келеті-
ні белгісіз, ал адам өмірі секунд сайын өзгеріс үстінде болғандықтан, бұрынғы
«кемелденген имамға» сенушілікке назар аудармай, шииттер мен сүннеттіктер
арасында осы доктрина негізінде алауыздық танытудың ешқандай маңызы жоқ.
Өткен замандағы шииттердің атақты тұлғалары Шейх Мүфид жэне Сайид Шариф
Рази шииттердің Құранды дүрыс түсінбеуін дұрыстағысы келді. Қазіргі танда
ислам әлеміндегі шииттер мен сүннеттер арасындағы айырмашылыққа объек-
тивті түрғыдан қараған көптеген шииттік «үлемдер», «тақуалы халифтер» мен
пайғамбардың (с.ғ.с.) ізбасарлары туралы шииттіктердің ойын өзгертіп, шииттік-
тер мен сүннеттіктерді біріктіргісі келеді.
Сонымен қатар сүннеттіктер ‘Әли (р.а.а.) мен үлдарының аттарына (р.а.а.)
қатгы құрмет көрсететін, бүлар олардың ауыздарынан түспейді, ал олар туралы
естеліктер эрбір білімді сүннеттіктің жүрегінде, ал кейбір сүннеттік сопылық ор-
дендерде
1 2
имам атты пайғамбар (с.ғ.с.) туралы гностикалық мэліметті толық
эрі тақуалы жеткізушілер, рухани беделді адамдар ретінде қарастырылады. Ислам
тарихында сүннеттік ғалымдар мен имамдарға күрмет көрсету жөнінде мысалдар
өте көп. Мысалы: жаңа халифаны тағайындау кезінде дау туғанда Әбу Ханифа
бұған қазіргі «имам» лайықты деген, пайғамбар (с.ғ.с.) туыстарына эрқашан кө-
мектескен атақты серіктес Зейд аш-Шахид, дұға кезінде міндетті бөлік ретінде
оларды бата етуге енгізген имам аш-Шафи.
Шииттік ғалым Мұхаммет Таки Күммидің айтуы бойынша, «егер исламды
танудың шииттік жэне сүннеттік тамырына көз жүгіртсек, онда мұсылмандар -
шииттер. Себебі олардың барлығы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпақтарын
жақсы көреді. Бір жағынан, барлық мұсылмандар сүннеттіктер екенін көре-
міз. Өйткені олар пайғамбармен мақұлданған барлық дәстүрлер мен оның бұй-
рықтарын тэжірибе жүзінде іске асырғысы келеді. Сөйтіп, біз - бәріміз - сүннет-
тіктер, шииттер, құранитгер, мұхаммедтерміз». Оның сөздерін сүннеттік ғалым,
Мысырдың бұрынғы басты мүфтиі Махмұт Шалтут та қайталап: «жек көрушілік
пен алауыздық сефевидтік шиизм мен омеядтық сүннетке тэн күбылыс; негізінде
шиизм Әлиге деген махаббаттың символы, ал сүннет пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін
қүрметтеу секілді синонимдік ұғымдар», - деген.
Ат-Туси. Насыр ад Дин Әбу Жаппар Мухаммед бен Хасан 1201 ж. Хорасан-
дағы Тус қаласында туған. Бастапқы білімді әкесінен алып, ол «Фиқһ», « ¥ ’сүл
әл-фикх», «Калам» ғылымдарын жэне философияны (көбінесе, «Ишарат» ибн
Сина) оқыды. Кейін ол медицина, философия, математика, ислам құқығын жэ
не ислам құқығы әдістемесінің негізін оқумен айналысты. Болашақ философтың
жастық шағы оқиғаға толы; Кухестанда исмаилит патшасының қызметінде болды.
|