71
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жазалау үшін ештеме қолданылмайтыны туралы
мәлімдеді. Бір бала былай түсіндірді:
«Ештеңе
болған жоқ. Оның анасы – мұғалім, сондықтан оған
ешкім тиісе алмайды».
[358]
Мектепте зорлық-зомбылық жасаушыларға
әйтеуір қандай да бір салдарлар болғанын
мәлімдеген балалар арасында балалардың
6,0%-ы мұғалімнің бұзақыларға ескерту
жасағанын, 7,0%-ы
зорлық-зомбылық жасаған
адамдардың директорға апарылғанын және
10,0%-ы зорлық-зомбылық жасаған адамардың
ата-аналарының мектеп директорымен және/
немесе мұғалімдермен сөйлесу үшін мектепке
шақырылғаны туралы айтты. Төменде берілген
дәйексөздерде мектепте зорлық-зомбылық
жасаған адамдарға қарсы әрекет еткен мектеп
мұғалімдері мен
мектеп директорлары туралы
балалардың қан бауыр басуы дай пікір айтаты-
ны көрсетілген. Кейбір жағдайларда мұғалімдер
балаларға жай ғана ескерту жасаған, бір бала
былай түсіндірді:
«Ол екеуін шығарып алып [каби-
неттен] ұрысты [бұзақы ретінде әрі жәбірленуші
ретінде]»
[209]. Басқа жағдайларда мектеп
мұғалімдері баланы жазалау ретінде мектеп ди-
ректорына
жібереді, бір бала былай түсіндірді:
«Оны сөйлесу үшін директорға апарды. Мұғалім
апай оған ұрысып, өзін бұлай ұстамау керек екендігін
айтты».
[229]
Мұғалімдер және мектеп директоры мектепте
зорлық-зомбылық жасаған әрі зорлық-зомбылық
құрбаны болған
балалардың ата-аналарымен
байланысу және олардың балалары бетпе-бет
келген мәселелерді талқылау үшін олардың мек-
тепке келуін өтіну туралы шешім қабылдай алады.
«Әдетте, осы ұлдарды мұғалім сөйлесу үшін алып
қалады. Өткен жылы оларды мектеп директо-
рына тіл тигізгендері үшін шақырды. Мұғалімдер
төбелестерге қатысты да әңгімелесу өткізеді.
Олар маған тіл тигізген ер балаларға ұрысты».
[265]
«Оны ата-анасымен бірге директорға сөйлесуге
шақырды». [93]
«Ол мектеп директорына кетті, содан соң ұлдардың
ата-аналарын мектепке шақыртты».[35]
«Мұғалімдер онымен сөйлесті және ата-анала-
рын шақырды». [60]
Сұхбат жүргізілген балалардың 5,0%-ы мек-
теп директорлары мен мұғалімдерінің ата-ана-
лармен және психологтармен кеңескеннен
кейін зорлық-зомбылық жасаған адамдардың
жәбірленушілердің алдында кешірім сұрауларын
және олардың бұдан
былай ешқашан қоқан-
лоққы жасамауын талап еткендерін хабарла-
ды. Мәжбүрлеп кешірім сұрау сияқты осын-
дай араласудың ұзақ мерзімді тиімділігі белгілі
емес және мектепте зорлық-зомбылық жасаған
бала мінез-құлқына байланысты айтарлықтай
ерекшеленуі мүмкін.
«Оның ата-анасын мектепке шақыртты және ер
баланың кешірім сұрауына және бұдан былай олай
жасамайтына уәде беруіне тура келді». [249]
«Оның ата-анасын шақыртқан соң және оның
ата-анасымен әңгімелескен соң, ол балаға келіп
кешірім сұрады». [168]
«Ол оны мектеп психологына жіберді де, келесі
күні оның ата-анасын мектепке шақыртты. Ұл
Достарыңызбен бөлісу: