Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

1 ТАРАУ
КІРІСПЕ


9
Ә
лемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым 
бөлігін мектепте өткізеді. Ата-аналар сияқты, балалар 
да мектептің өздері үшін қауіпсіз, өсіп-жетілуіне 
жәрдемдесетін, балаларды оқытып, дамытуға қолдау 
көрсетіп, септігін тигізетін орта болады деп күтеді. Өкінішке 
қарай, әлемдегі көптеген бала мектепте кемсітушілікке, 
зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың мектептке 
баруына, оқуға деген қабілетіне, академиялық үлгеріміне 
кері әсерін тигізетіні дәлелденді. Мектептегі зорлық-
зомбылықтың кесірінен балалар оқуын ерте тастап кетеді. 
Соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап 
болған балалар өз құқықтарынан, оның ішінде білім алу 
құқығынан да айырылады (1).
«БҰҰ-ның балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
мәселелері бойынша дүниежүзілік баяндамасына» сәйкес, 
мектептерде басшылық жасайтын және басқа да қызметтер 
атқаратын ересектер мектеп қабырғасында гендерлік теңдік 
құндылықтарын, зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті 
болдырмау төзімділік пен өзара сыйластық ұстанымдарын 
орнықтыруға жауап береді. Бұл құндылықтарды әр елдің 
үкіметі мемлекеттердің балаларды зорлық-зомбылықтың 
кез келген түрінен, оның ішінде білім беру мекемелеріндегі 
зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ балаларға қарсы 
зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне тыйым салу мен 
алдын алу және оларды қорғау үшін барлық шараларды 
қарастырудың құқықтық құрылымын қамтамасыз ету 
міндеттемелерімен бірге Бала құқығы жөніндегі БҰҰ 
конвенциясын (БҚК) ратификациялау кезінде қабылдайды 
(2). Оны былай қойғанда, барлық бала үшін сапалы білімге 
қол жеткізуді қамтамасыз ету БҰҰ-ның Мыңжылдық Даму 
Мақсаттарының ажырамас бөлігі болып табылады, бұл 
мақсатқа қол жеткізу үшін мектептер барлық баланың 
кемсітушілік пен зорлық-зомбылық қаупінен тәуелсіз 
ортада білім алуы үшін қауіпсіз әрі мейірімді атмосфераны 
қамтамасыз етуі тиіс (3).


10
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Зерттеудің алғышарттары 
БҰҰ-ның Қазақстан үшін даму мақсаттарында 
жәрдем көрсетудің Негіздемелік бағдарламасына 
(Қазақстандағы ЮНДАФ) сүйенген 
Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің 2010-2015 жж. 
арналған Елдік бағдарламасына сәйкес, ба-
лаларды қорғау саласындағы реформа басым 
мақсаттардың бірі болып табылады. Соған сәйкес 
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары 
жөніндегі ұлттық орталығы (Омбудсмен 
мекемесі), Білім және ғылым министрлігі (БҒМ), 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
(ЕХӘҚМ), Денсаулық сақтау министрлігі 
(ДСМ), Әділет министрлігі (ӘМ) және Ішкі 
істер министрлігі (ІІМ) ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, 
мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық бойынша зерттеу жүргізуге келісті. 
2010 жылы жүргізілген «Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік интернат мекемелеріндегі балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық» және 2011 жылы 
жүргізілген «Қазақстандағы тәуекелді мінез-
құлық, жыныстық қанаушылық пен адам сауда-
сына қатысты балалардың осалдығын бағалау» 
зерттеулеріне жалғаса өткізілгендіктен, (4, 5) 
бұл зерттеудің маңызы өте жоғары. Бұл екі зерт-
теу Қазақстандағы ең осал балалардың кейбіріне 
қатысты жасалған зорлық-зомбылық пен 
қанаушылықтың табиғаты мен дәрежесі туралы 
қорытындыларды көрсетті. Олар сонымен бірге 
балаларды қорғау жүйесі мен әділ сот жүйесінің 
балаларға зорлық-зомбылық көрсету мен олар-
ды қанау және сату сондай-ақ осал балалар 
мен құрбан балаларды одан әрі құрбандыққа 
ұшыраудан қорғауға қатысты мәселелерге 
бұл жүйелердің жауап қайтару және мұндай 
іс-әрекеттерді анықтау қабілеттеріне қатысты 
кемшіліктерін анықтады. Мұндай бағалау 
сондай-ақ Қазақстандағы осал балалардың 
арасындағы, олардың ішінде үйінен кетіп қалған, 
көшеде өскен балалар, жабық типтегі мекемелер-
ге орналастырылған балалар, бала саудасының 
құрбандары, жыныстық қанауға ұшыраған 
қыздар мен жас әйелдер арасында суицид пен 
өзін-өзі зақым келтіруге соқтыратын әрекет сипа-
ты мен мінез-құлық үлгісінің дәрежесін анықтауға 
көмектесті. 
2010 жылы жүргізілген Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттік интер-
нат мекемелердегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықты бағалау Қазақстандағы 
осындай алғашқы жүйелі зерттеу болып табы-
лады. Бұл бағалаудың қорытындылары зерт-
теуге қатыстырылған балалар тұратын түрлі 
типті мемлекеттік мекемелердің әрқайсысында, 
атап айтқанда, сәбилер үйі, жетімхана, бала-
лар үйлері мен интернаттар, девиантты мінез-
құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру 
ұйымдары, арнайы түзету білім беру мекемелері, 
мүгедектіктің психо-неврологиялық және 
басқа да ауыр түрлеріне шалдыққан балаларға 
арналған мекемелер, сондай-ақ жасөспірімдер 
үйлерінде орын алып отырған зорлық-зомбылық 
табиғаты мен дәрежесін анықтады. Мемлекеттік 
интернат мекемелеріндегі балаларға зорлық-
зомбылықты осы мекемедегі басқа балалар 
немесе қызметкерлер жасаған. Мысалы, ин-
тернат мекемелерінде сауалнамаға қатысқан 
балалардың 50%-ы басқа балалардың 
арасындағы зорлық-зомбылыққа куәгер болғаны
ал қызметкерлердің 35%-ының балаларға 
зорлық-зомбылық жасағанына куәгер болғаны 
анықталды. Девиантты мінез-құлқы бар балаларға 
білім беретін арнайы ұйымдарда балалардың 
50%-ы мекемедегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылықтың куәгері болса, 28%-ы баланың 
өзге балаға дене жарақатын салғанын, ал 41%-
ы қызметкерлердің балаларға зорлық-зомбылық 
жасағанын көрген. Сондай-ақ, балалар 
үйлеріндегі сауалнамаға қатысқан балалардың 
14%-ы, девиантты мінез-құлқы бар балаларға 
білім беретін арнайы ұйымдардағы балалардың 
15%-ы мекемедегі басқа бала тарапынан жәбір 
көргенін, мұның өздеріне қатты батқанын айтты. 
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беретін 
арнайы түзету мекемелерінде қызметкерлердің 
80%-ы мекемедегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылыққа, 25%-ы бір баланың өзге балаға 
дене жарақатын салғанына куә болса, 56%-ы 
қызметкерлердің мекемедегі балаларға зорлық-
зомбылық жасайтынын хабарлады. Осы зерт-
теу барысында, сонымен бірге, балалар үйіндегі 
тәрбиеленушілерінің кем дегенде 8%-ы және де-
виантты мінез-құлқы бар балаларға білім беретін 
арнайы ұйымдардағы балалардың 12%-ы өзін-
өзі зақымдауға және/немесе суицидке барғаны, 
«мекемелердегі зорлық-зомбылық құрбаны 
немесе куәгері болу» мен өзін-өзі зақымдау не 
суицидке баруға бағытталған әрекетке қатысу 
арасында себеп-салдарлық байланыс бары да 
анықталды. Көптеген жағдайда жетім балалар 
мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған мекемелерде тұратын балалар жергілікті 


11
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қандай шара қолданады? Мектептер агрессивті, 
зорлық-зомбылыққа жақын балаларды қалай 
басқарады? Мектептер зорлық-зомбылық 
құрбаны болған балаларға қандай қолдау 
көрсетеді? Деректер бойынша, Қазақстандағы 
5 102 842 баланың жартысына жуығы мек-
теп жасында екенін ескерсек, бұл өте маңызды 
мәселелер болып табылады. 
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының 
үкіметі балаларды қорғау және мекемелердегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
мәселелерін шешу салаларында туындаған 
қиындықтарды мойындады. Қазіргі уақытта 
үкімет әлеуметтік қорғауды реформалау және 
балалар мен отбасыларды әлеуметтік қорғау 
қызметтерін әзірлеумен айналысуда. Мысалы, 
2008 жылы қабылданған «Арнайы әлеуметтік 
қызметтер туралы» Заң «отбасын қолдау 
қызметтері» деген ұғымды енгізді, бұл біршама 
ілгерілеу болды. Заңнаманың мұндай түрі 
үкіметтің баланы қорғау жүйесін реформалауды 
қолдайтынын білдіреді, алайда бұл әлі де барлық 
мәселелерді шешуге жеткіліксіз. Реформа бары-
сында мемлекеттің алдынан тосатын ең ірі екі 
мәселе ретінде көтеріліп отырған тақырыптың 
бұрын-соңы қарастырылмағанын және басты 
мүдделі тұлғалардың арасында практикалық 
тәжірибенің жоқтығын айтуға болады.
Қазақстандағы балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық мәселесі 
бойынша заңнамаға қысқаша шолу 
Балаларға қарсы зорлық-зомбылық мәселесі бой-
ынша заңнамаға жасалып отырған бұл қысқаша 
шолу балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа 
байланысты Қазақстан Республикасы 
заңнамасының 2012 жылы ЮНИСЕФ сарапшы-
сы Урумова Ирина ханым әзірлеген шолуына 
негізделген. 
1994 жылы Қазақстан үкіметі БҰҰ Балалар 
құқығы туралы конвенциясын (БҚК) ратифи-
кациялады. БҚК бойынша мемлекет бала-
ны зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен 
қорғап, балалардың жақсы өмір сүруінің негізгі 
мектептерде оқып, білім алады, олардың да өзінің 
әлеуметтік мәртебесі мен осалдығы себебінен 
стигматизацияға, кемсітушілікке және қосымша 
зорлық-зомбылыққа ұшырауы әбден мүмкін (6).
Осылайша, 2011 жылы ЮНИСЕФ және Адам 
құқықтары жөніндегі ұлттық орталық тәуекелді 
мінез-құлық, жыныстық қанаушылық пен адам 
саудасына қатысты балалардың осалдығына 
бағалау жүргізді. Бағалау қорытындылары 
осал балалардың басым бөлігі, оның ішінде 
қанаушылық пен саудаға салынған балалар да өз 
өмірінде, көбінесе алдымен балалық шағында, 
отбасыларында басталып, кейіннен оларды 
саудаға салған не қанаған адамдар тарапынан 
зорлық-зомбылықтың, мейірімсіз және жаны 
ашымас қарым-қатынастың қандай да бір түрін 
басынан кешіргенін көрсетті. Бұл балалардың 
ерекше осал жіктерден екенін (мысалы, кедей, 
тұрмысы нашар немесе толық емес отбасы-
лар, отбасында қатыгез не мейірімсіз қарым-
қатынасқа ұшыраған) ескерсек, олар басқа ба-
лалармен салыстырғанда үйден қашып кетуге, 
қанаушылыққа және/немесе сату тәуекеліне 
көбірек ұшырайды. Бұл бағалау сондай-ақ осы 
ерекше осал балалардың отбасылық мәселелері, 
мектептегі құрбыларының тарапынан көрсетілген 
мазақ пен кемсіту олардың өзін-өзі зақымдауы 
мен суицидке баруы өзара себеп-салдарлы бай-
ланыста екенін де байқатты (7). 
Бұл екі зерттеудің маңызы өте зор, себебі олар 
Қазақстандағы балаларға, оның ішінде ерекше 
осал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 
сипаты мен дәрежесін анықтаудың бастама-
сы болды. Сонда да болса, балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық туралы сұрақтар әлі де 
жетерлік, әсіресе балалардың мектепте зорлық-
зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табы-
лады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте 
балалар арасында да, мектеп қызметкерлері та-
рапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің 
қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-
зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? 
Мектептегі зорлық-зомбылық балаларға қандай 
әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар 
арасындағы суицид арасында қандай байланыс 
бар? Мектептер мектептегі зорлық-зомбылыққа 
1
Азаптауға «ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіру, егер бұл 
денсаулыққа ауыр не орташа ауыр зардаптарға әкеп соқпаса» (103, 104-бб.) анықтамасы берілген. (103, 104-бб.). Ұдайы сипаты жоқ 
ұрып-соғу қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 79-1-бабына сәйкес жазаланады; ҚР ҚК жаңа жобасы бойынша 
79-1-бапты ҚР ӘҚК-ден алып тастап, ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған (ҚК жобасының 112-бабы). 


12
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
кепілі болады. БҰҰ БҚК сәйкес, Қазақстан 
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы 
балаға қатысты мейірімсіз қарым-қатынасқа 
тыйым салады. Сонымен бірге, 202 жылы 
қабылданған «Бала құқығы туралы» Заңның 
10(2)-бабы балалардың құқығын және 
«физикалық және (немесе) психикалық зорлық-
зомбылықтан, мейірімсіз, дөрекі не адамның ар-
намысын таптаушы қарым-қатынастан қорғауды» 
қамтамасыз етеді. 
ҚР Қылмыстық кодексі қинау мен азаптау үшін 
қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, 
ал кәмелетке толмаған балаға қатысты қинау 
түрлерін қолдану Қылмыстык Кодекстің 141-1-ба-
бына (2) сәйкес қылмысты ауырлататын жағдай 
деп есептеледі (8). Қылмыстық кодекстің 137-
бабы бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмаған 
баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-
анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген 
өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған 
баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi 
педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу не-
месе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң 
орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орын-
дамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған 
балаға қатал қараумен ұштасса, қылмыстық 
жауапкершілікке тарту көзделген. Қылмыстық 
кодекс сондай-ақ кәмелетке толмағандарға 
қатысты зорық-зомбылыққа байланысты басқа 
да әрекеттер үшін, оның ішінде балалардың өмiрi 
мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз 
ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау 
үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырады 
(138-бап). Қылмыстық кодекстің осы баптары 
баланықоғамдық және жеке салалардағы зорық-
зомбылықтан қорғауды қамтамасыз етеді, де-
генмен бүгінгі таңда педагогтер, медициналық 
қызметкерлер және/немесе әлеуметтік 
қызметкерлер үшін хабарлау міндетін бекітетін 
бап жоқ, ал бұл міндеттің балаларға қатысты 
зорлық-зомбылыққа тікелей қатысы бар (9).
Сонда да болса, Қазақстан Республикасының 2011 
жылы қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) 
және отбасы» туралы кодексінің 67-бабы баланың 
өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi ту-
ралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң 
бұзылғандығы туралы өздеріне белгiлi болған 
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауа-
зымды адамдары және өзге де азаматтарды бұл 
туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органға 
хабарлауға мiндеттейдi. Бірақ хабарлау, осын-
дай жағдайлардың құрбаны болған балаларды 
қорғау және қолдау қызметтерін көрсету жүйесі 
балаға тиісті қорғауды қамтамасыз ету және 
баланың мүдделері әр кезеңде есепке алынып 
отыруы үшін әлі де реформалау мен жетілдіруді 
қажет етеді. 
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» тура-
лы кодекспен қатар 2009 жылы қабылданған, 
балаларға қатысты үйдегі және отбасындағы 
зорлық-зомбылық мәселелерін қарастыратын 
ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профи-
лактикасы туралы» Заңы да қолданыста. Бұл заң 
ұйымдастырушылық негіздерді орнықтырып, 
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, 
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, 
оның ішінде кәмелетке толмағандарға қызмет 
көрсетуге жауапты мемлекеттік органдар-
ды анықтайды, бұл балалар құқығы туралы 
конвенцияның 19(2)-бабымен сәйкес келеді. 
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилакти-
касы туралы» Заңның 10(4)-бабы құқық қорғау 
органдарын «балаларын тәрбиелеу жөніндегі 
міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше 
орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы 
әрекеттер жасайтын ата-аналарға немесе 
олардың орнындағы адамдарды анықтау үшін 
жауапкершілік міндеттейді. Осы заңға сәйкес, ішкі 
істер органдары сондай-ақ тұрмыстық зорлық-
зомбылық жағдайларында қорғау шешімдерін 
қабылдайды (10(10)-бап), соттар тұрмыстық 
зорлық-зомбылық жасаған адамдардың іс-
әрекетіне ерекше талаптар бекітуге уәкілетті 
(10(13)-бап). 
2
БҚК 19(2)-бабына сәйкес, «мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға 
қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жа-
салуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін 
қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті 
рәсімдерді қамтиды. 
3
БҰҰ БҚК 18(2)-бабына сәйкес, «Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу 
мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз 
міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді».


13
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Урумова (2012 ж.) балаларға қатысты үйдегі және 
отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін 
қарастыратын ҚР «Тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының 
кейбір кемшін тұстарын көрсетеді. Оның бірі – 
бүгінгі таңда балаға қатал қарағаны байқалған 
ата-аналарды немесе олардың орнындағы адам-
дарды жазалауға ғана назар аударылады. Оның 
айтуынша, БҚК-ге сәйкес, жаза да, ата-аналық 
құқығынан айыру шарасы да істі барынша жан-
жақты зерттеп алған соң ғана жүзеге асуы тиіс; 
ал ата-аналық құқығынан айыру тек ықпал етудің 
басқа барлық түрлері қолданылып, оң нәтиже 
бермеген жағдайда ғана іске асырылуы тиіс 
(11). Бірақ, Қазақстан үкіметі баланы күтуде 
қиындыққа тап болған ата-аналар мен отба-
сылар үшін Бала құқығы туралы конвенцияның 
18(2)-бабына сәйкес қолдау қызметтеріне қол 
жетімділікті жақсартуы қажет.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилакти-
касы туралы» Заңның тағы бір әлсіз жағы – Заң 
әрекетінің аясына жәбірленушіге отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастағы адам жасаған 
құқыққа қарсы әрекеттер ғана кіреді. Ал 
мұндай адам ретінде Заң тек неке-отбасылық 
қатынастағы, бір үйде, бір пәтерде не басқа да 
тұрғын-жайда тұрып жатқан адамдарды не бұрын 
некеде болған адамдарды ғана қарастырады. Заң 
жәбірленушімен бірге тұрмайтын адам тарапынан 
жасалған зорлық-зомбылықты қарастырмайды 
(13). Урумованың (2012) айтуынша, анықтама 
шеңберінің тарлығы балаларға қатысты зорлық-
зомбылықпен күрес жағдайында екі себептен 
қиындықтар тудырады. Біріншіден, бұл жағдайда 
Заң жәбірленушінің зорлық-зомбылық жасаған 
адаммен бірге тұрмайтын, тұрмыстық зорлық-
зомбылықтан жанама түрде зардап шегетін 
кәмелетке толмаған балаларына қорғау мен тиісті 
қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етпеген. 
Екіншіден, өздеріне қатысты зорлық-зомбылық 
жасаушы адаммен қатынастағы жасөспірімдер 
үшін қорғау мен тиісті көмекке қолжетімділік те 
қамтамасыз етілмеген (т.н. dating violence).
Отбасылық қарым-қатынастың жеке са-
ласынан өзге балаларға қатысты зорлық-
зомбылық пен жаны ашымаушылық қоғамдық 
салаларда да, мәселен, оқу мекемелерінде, 
балаларға арналған интернат мекемелерде, 
қамауда ұстау мекемелерінде және балалар-
ды түзеу мекемелерінде де өте үлкен мәселеге 
айналғаны құжат түрінде расталып отыр (14, 
15). Сондықтан балаларға мұндай мекеме-
лерде қауіпсіз жағдай жасауды, сондай-ақ 
балаларды осындай мекемелердегі зорлық-
зомбылықтан, мейірімсіз әрі жаны ашымас 
қарым-қатынастан қорғау үшін профилак-
тика және ерте анықтау бойынша күш салу-
ды қамтамасыз ететін заңнаманың болуы өте 
маңызды (16). Сонымен бірге, заңнама мұндай 
мекемелердегі жәбірленуші балаларды қорғау 
мен көмек қызметтерімен қамтамасыз етуге, 
мекемеде зорлық-зомбылық жасағандар тиісті 
жазасын алуын бақылауға тиісті. Қазіргі таңда 
оқу мекемелерінде, балаларға арналған интер-
нат мекемелерде, қамауда ұстау мекемелерінде 
және балаларды түзеу мекемелерінде де про-
филактика, ерте анықтау және араласудың 
аталған мәселелеріне қатысты тиімді заңнама 
жоқ.
Қазақстандағы заңнамалық нормативтік-
құқықтық база тәрбиеленушілердің балаларға 
арналған интернат мекемелерде, қамауда 
ұстау мекемелерінде және балаларды түзеу 
мекемелерінде ер және қыз балалар деп бөлінуін 
де қарастырады; бірақ тәрбиеленушілердің 
мұндай мекемелерде жас ерекшеліктеріне 
қарай бөлінуін қарастырмайды (17) . Жақында 
жүргізілген Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік интернат мекемелеріндегі және білім 
беру мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты бағалау барлық жастағы бала-
ларды бір мекемеде қалдыру үлкен және ере-
сек балалар тарапынан кіші балаларға қатысты 
зорлық-зомбылыққа және мейірімсіз қарым-
қатынасқа жағдай жасайтынын көрсеткенін 
есепке алсақ, бұл мәселенің маңызы өте үлкен 
4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы» бұйрығына 
сәйкес, ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдары 11 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналып, ер және қыз балалар 
үшін бөлек құрылады. 
6
Қазақстан Республикасы үкіметінің «Жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдары іс-әрекетінің үлгілік ережесін 
бекіту туралы» қаулысына сәйкес, ұйымға педагогикалық қызметке қажетті біліктілік мінездеменің талаптарына сай кәсіби-
педагогикалық біліктілігі бар адамдар қабылданады. Ал тиісті кәсіби білімі жоқ адамдар қажетті мамандар болмаған жағдайда ғана 
педагогикалық іс-әрекетпен ұйымның педагогикалық кеңесі шығарған шешім негізінде айналысу құқығына ие болады. Сот шешімімен 
педагогикалық әрекетпен айналысуға тыйым салынған адамдар ұйымдарда білім беру ісімен шұғылдана алмайды. 


14
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
болып отыр. Бұл бағалау барысында балаларға 
арналған мемлекеттік интернат мекемелеріндегі 
зорлық-зомбылық балаларға кері әсер 
етіп, психологиялық жарақаттарға, өзін-өзі 
зақымдауға, суицидтік әрекетке, дене жарақатын 
салуға, кей жағдайларда өлімге де душар етіп 
жататыны құжат түрінде дәлелденді (18). Мұндай 
зорлық-зомбылық балалардың мекемеден 
кетіп қалуына да әкеледі. Бұл жағдайда қашып 
кету жәбірленген балалардың мекеменің қатал 
өмірінен, оның ішінде басқа балалар, тіпті ересек 
қызметкерлер тарапынан көрсетілетін зорлық-
зомбылық пен асыра пайдаланудан құтылу үшін 
қолданатын тіршілік ету стратегиясы болып табы-
лады. Сонда да болса, балаларды қорғау және 
құқық қорғау жүйесі қашқындардың көбінесе 
зорлық-зомбылық пен мейірімсіз қарым-қатынас 
құрбандары екенін, олардың қашып кетуі тіршілік 
үшін күрес стратегиясы болып табылатынын мой-
ындай қоймайды; керісінше, олар қашқын бала-
ларды қылмыскерлер ретінде танып, жазаға тар-
тады (19).
Сонымен бірге, оқу мекемелерінде, балаларға 
арналған интернат мекемелерде, қамауда 
ұстау мекемелерінде және балаларды түзеу 
мекемелеріндегі ересек қызметкер адамдардың 
балаларға қатысты зорлық-зомбылығы да назар 
аударуға тұрарлық үлкен мәселе екені құжатқа түсті 
(20, 21). Қазақстанда педагогикалық құрамды 
іріктеу, қызметкерлердің тиісті дағдыларының 
жоқтығы себепті қызметіне сай болмауы, сондай-
ақ құқыққа қарсы әрекет жасаған кінәсі үшін 
қызметінен аластату мүмкіндігін қарастыратын 
нормативтік актілер бар . Алайда бұл нормативтік 
актілер білім беру мекемелерінің педагогикалық 
іс-әрекетпен айналыспайтын қызметкерлерін 
қамтымайды (22).
Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасында 
балаларға қатысты ұрып-соғып жазалау мен 
психологиялық зорлық-зомбылық көрсетуге 
тыйым салатын заңнама бар, бұл білім беру 
ұйымдарына, құқық бұзушылық профилактикасы 
жүйесінің органдары мен мекемелеріне, тергеу 
изоляторларына және уақытша ұстау изолятор-
ларына, қылмыстық жазаны орындау жүйесінің 
мекемелеріне де қатысты (23). Сонда да болса, 
бұл мекемелерде қызметкерлердің ұрып-соғу 
арқылы жазалауы әлі де жалғасып келеді, әдетте 
мұндай жаза түрін қолданған қызметкерлерге 
қатысты болмашы шаралар қолданылады не 
олар қызметтен босатылады (24). 
Мектептердегі зорлық-зомбылық 
бойынша қысқаша шолу
Мектептегі зорлық-зомбылық – мектеп 
аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара 
жатқан не мектептен, мектепте өткен шарадан 
қайтып келе жатқан жолда немесе сол шара өтіп 
жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің 
зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы бала-
лар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, 
кінәлісі не куәгері болуы мүмкін. Халықаралық 
зерттеулер барысында әдетте мектептерде 
орын алатын зорлық-зомбылықтың нысанда-
рын анықтау үшін түрлі критерийлерді пайдала-
нады. Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты 
әрекеттің түріне сәйкес жіктеу қолданылады. 
1.1. шеңберінде осы бағалауда қарастырылатын 
мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі 
сәйкестендіріліп, көрсетіледі. Олардың ішінде 
психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық 
зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер 
мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы, ки-
бербуллинг, құрбылар тарапынан қорқытып-
үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің 
ұрып-соғуы арқылы жазалаулар кіреді. 
Соңғы жылдары қоғамның мектептегі зорлық-
зомбылық туралы түсінігі көбінесе БАҚ-
тардың мектептердегі зорлық-зомбылықтың 
төтенше жағдайларына, мәселен, оқушылар 
арасындағы төбелес, мектепте өз сыныптаста-
рына оқ ату секілді жағдайларға назар аударуы-
мен қалыптасты; солай бола тұрғанмен, мұндай 
жағдайлар жиі кездеспейді, олар мектептегі 
зорлық-зомбылықтың болмашы бөлігін ғана 
құрайды (25). Өткен жылы Қазақстанның 
ақпараттық БАҚ-тары мектептегі зорлық-
зомбылық жайлы көптеген оқиғаларды жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет