2.2-кесте Мектептерді өңірлер бойынша іріктеу
Іріктеуге
қатысқан
мектептің
жалпы саны
Қала
мектептері
Ауыл
мектептері
Қазақ тілінде
білім беретін
мектептер
Орыс тілінде
білім беретін
мектептер
Аралас тілде
білім беретін
мектептер
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
1-өңір
4
10,0
4
100,0
0
0,0
1
25,0
1
25,0
2
50,0
2-өңір
14
35,0
5
35,7
9
64,3
3
21,4
7
50,0
4
28,6
3-өңір
10
25,0
4
40,0
6
60,0
6
60,0
0
0,0
4
40,0
4-өңір
12
30,0
6
50,0
6
50,0
4
33,3
3
25,0
5
4,17
Барлығы
40
100,0
19
47,5
21
52,5
14
35,0
11
27,5
15
37,5
40 мемлекеттік мектептен тұратын түбегейлі
іріктеуді қате таңдауға жол бермеу және іріктеуге
төрт өңірдің әрқайсысынан мектептер кесіндісінің
болуын қамтамасыз ету үшін Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық (ЮНИСЕФ тарапы-
нан халықаралық консультанттың қатысуымен)
анықтады. Сондай-ақ таңдалған мектептердің
облыс орталығынан қашықтығы мен жергілікті
зерттеу топтарының оларға жету үшін жұмсалатын
уақыты да есепке алынды.
Таңдалған мектептерге бару үшін Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталық зерттеу
мақсаттарын түсіндіру мақсатында облыстық
білім басқармаларына хаттар жолдады.
Облыстық білім басқармалары хатты қалалық
және аудандық білім бөлімдеріне бағыттады,
олар хаттарды таңдап алынған мемлекеттік мек-
тептерге беруге міндетті болды. Әр мектепте
зерттеу тобы мектеп директорымен кездесіп,
зерттеу мақсатымен таныстырды, сауалнамаға
қатыстыру үшін бұл мектептің Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық пен ҚР БҒМ келісімімен
таңдап алынғанын түсіндірді. Бұдан кейін зерт-
теу тобы оларға балаларды, мұғалімдерді және
мамандандырылған қызметкерлерді сауалнама-
ны ұйымдастыру, сондай-ақ мектеп директоры-
нан немесе директордың орынбасарынан сұхбат
алу үшін қандай көмек қажет екенін түсіндірді.
Осыдан соң алты адамнан құрылған зерттеу тобы
екі топқа бөлінді. Төрт зерттеушісі бар бірінші топ
балалар арасында сауалнама жүргізуге, қалған
екі зерттеуші мектеп директорынан сұхбат алуға
және мұғалімдер және мамандандырылған
қызметкерлерге сауалнама жүргізуге жауап-
ты болды. Мектептердің көпшілігінде зерт-
теу тобының әр мүшесі балалармен жартылай
құрылымданған сұхбаттар жүргізді.
26
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептердегі сыныптарды іріктеу
Іріктеудің алдын ала әзірленген схемасы негізінде
40 мемлекеттік мектептегі 5-10 сыныптардың
9 бен 17 жас аралығындағы балалардан ең
кемінде 3000 оқушыны іріктеп алу мақсат
етіп қойылды. Әр мектепте Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық іріктеуге қосуы үшін па-
раллель 5, 6, 7, 8, 9 және 1-сыныптардың біреуі
іріктеліп алынды. Сыныптарды таңдау схемасы
іріктеуде академиялық үлгерім кесіндісі әр түрлі
көрсеткіштер көрсететіндей етіп жоспарланған.
Бұдан бөлек, аралас тілде білім беретін мектеп-
терде іріктеуге орыс тілінде білім беретін 3 және
қазақ тлінде білім беретін 3 сынып таңдап алу-
ды қамтамасыз ету мақсатында ротация пайда-
ланылды. Зерттеу топтары әр мектепке келердің
алдында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталық сол мектепке тән сыныптарды таңдау
схемасын әзірледі, ол таңдаудың кездейсоқ,
адал және әділ болуын қамтамасыз етті. Мектеп
директорларының мектептегі сыныпты таңдауға
қатыспағанын; мұны Адам құқықтары жөніндегі
ұлттық орталық әзірлегенін атап өту қажет.
Әр мектепте жергілікті зерттеу тобының мүшелері
қай сыныпта сауалнама жүргізуі тиіс екенін
нақты білді, мектеп директорына дәл осы сы-
ныптарда жұмыс істеу үшін рұқсат сұрады.
Сауалнама үшін таңдап алынған әр сыныпта
зерттеу тобы балаларға сауалнама мақсатын
түсіндірді, жауап авторлары жария етілмейтініне
, құпиялылықтың сақталатынына кепілдік берді,
балаларға сауалнаманы қалай толтыру керектігін
түсіндірді. Балаларға сауалнамаға өз аттарын
немесе қандай да бір деректерді жазбау туралы
нұсқау берді. Оқушыларға сауалнама толтыруға
көмек көрсету және бақылау үшін әр сыныпта
ең кемінде екі зерттеуші болды. Қалауы бойын-
ша, мектеп мұғалімі сауалнама кезінде сыныпта
қалып, бақылау жасай алды, бірақ мұғалімдерге
балалармен сөйлесуге, сауалнаманы толтыруда
көмектесуге, балалар толтырған сауалнамалар-
ды қарауға рұқсат берілмеді. Толтырылған сау-
алнамалар бірден конверттерге салынды, бұдан
кейін мектептің бірде-бір адамының жабылған
конверттерді ашып, толтырылған сауалнамалар-
ды қарауға мүмкіндігі болмады. Желімделген
конверттер түгелдей өңдеу және деректерді енгізу
үшін жергілікті зерттеу топтарының кеңселеріне
жіберілді.
Мектептегі зорлық-зомбылықты
анықтау мен өлшеу
Халықаралық зерттеулер мектептерде орын ала-
тын зорлық-зомбылықтың түрлі нысандарын
анықтау үшін әр түрлі критерийлерді пайдаланады.
Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты әрекеттің
түріне сәйкес жіктеу қолданылады. 1-тараудың
1.1-шеңберінде осы бағалауда қарастырылатын
мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі
сәйкестендіріліп, аталады. Осы бағалау үшін ар-
найы әзірленген, балаларға, мұғалімдер мен
мамандырылған қызметкерлерге арналған
сұрау парақшалары 1.1-шеңберінде белгіленген
зорлық-зомбылықтың сегіз түрінің әрқайсысын
өлшеуге бағытталған.
Өлшеулерге зорлық-зомбылықтың әр түрінің си-
паты мен дәрежесін өлшеуге мүмкіндік берілген,
мінез-құлыққа қатысты мәселелер сериясы
қамтылды. Балалармен өткізілген сұхбаттар да
мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың
түрлі нысандарын өлшеуге бағытталды; сонда
да болса, әр түрлі жауап берілуі мүмкін сұрақтар
пайдаланылды, бұл балаларға 1.1- шеңбердегі
зорлық-зомбылық түрлерінің әрқайсысына
байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді анықтауға
мүмкіндік берді.
Деректерді жинау құралдары
Төмендегі бөлімдерде келтірілген барлық де-
рек жинау құралдарын ЮНИСЕФ халықаралық
кеңесшісі, доктор Робин Хаар әзірледі. Мұның
алдында ол мектептердегі зорлық-зомбылықты,
құрбылар тарапынан қорқыту, мектептердегі
ұрып-соғу, мектептің зорлық-зомбылыққа шара
қолдануы және баланы қорғау мәселелерін
зерттеудің қолданыстағы құралдары туралы
халықаралық әдебиетті жан-жақты зерттеген бо-
латын. ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі әр са-
уалнама мен сұхбатты дайындау міндетін өзіне
алды, олардың мәдени тұрғыдан алғанда ақылға
қонымды әрі сезімтал болуы үшін Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп жұмыс
істеді. Сауалнама мен сұхбаттың әрқайсысы алды-
мен ағылшын тілінде дайындалып, кейіннен орыс
және қазақ тілдеріне аударылды. Аударылған
сауалнамалар мен сұхбаттардың сапалылығын
қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық пен Қоғамдық
27
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
пікірлерді зерттеу орталығының атынан әрекет
ететін жергілікті зерттеу топтары қарап, тексеріп
шықты. Әр өңірде жергілікті зерттеу тобының
құрамына орыс және қазақ тілдерінде сөйлейтін
адамдар кірді.
Мектептердегі балалар арасында
сауалнама жүргізу
40 мемлекеттік мектептердің әрқайсысында
5-10-сыныптарының 9 бен 17 жас аралығындағы
балалардан сауалнама алынды. 9 бен 17
жас аралығындағы балалар оқу және түсіну
дағдыларының деңгейінде сауалнамаларға жауап
берді. Халықаралық зерттеулердің анықтауынша,
9 жасқа толмаған балалар құрбылары тарапы-
нан қорқыту мен мектептегі зорлық-зомбылыққа
байланысты мәселелерді түсіну, қабылдау бары-
сында қиындыққа көп кезігеді.
Халықаралық зерттеулер сондай-ақ сауална-
маларды өздігімен толтырудың мектептердегі
балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаты
мен таралуына бағалау жүргізу үшін ең жақсы
әдістерідің бірі екенін де көрсетті. Бұл ретте
мектептердегі зорлық-зомбылық сипатының тым
шетін мәселе болып табылатыны, балалардың
құрбыларының не мектеп қызметкерлерінің
тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны
жайында ашық айтудан жасқанатыны есеп-
ке алынды. Сауалнама сондай-ақ мектептегі
зорлық-зомбылықтың балаларға әсері,
олардың көмек алу және мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы хабарлаудағы
стратегиясын зерттеу үшін тиімді құрал болып
табылады, балалар туралы маңызды салысты-
рулар мен байланыстарды талдауға мүмкіндік
беретін демографиялық ақпаратты жинауға
көмектеседі.
Оқушылар арасында сауалнама жүргізу:
• демографиялық сипаттамаларды (мысалы,
жынысы, жасы, оқу жылы, ұлты);
• отбасылық бағдарын (мысалы, ата-анасымен
бірге тұру, ата-анасына бауыр басу, отбасылық
жанжалдар);
• физикалық агрессия үрдістерін;
• ашу-ыза үрдістерін;
• мектептік бағдарын (мысалы, мектепке бауыр
басу, мектептегі атмосфера);
• мектептегі зорлық-зомбылықтың балалар
арасындағы куәгерлерін (психологиялық,
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
• мектептегі зорлық-зомбылықтың балалар
арасындағы құрбандарын (психологиялық,
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
• балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау
-
шы адамдарды (психологиялық, физикалық,
жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым
көрсетулер, экономикалық, кибербуллинг
және кемсітушілік);
• қару алып жүруді (мысалы, балалардың мек
-
теп аумағында және мектеп аумағынан тыс
жерде қару алып жүруі, мектеп аумағында
қару алып жүрген балаларды білуі);
• мектептегі
зорлық-зомбылыққа
шара
қолдануды (мысалы, мектептегі зорлық-
зомбылыққа құрбылар мен ересектердің
жауап қатуы, мектептегі проәлеуметтік
мінез-құлық реципиенттері, мектептегі
зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс істеу бой-
ынша мектеп ережелері);
• мектеп мұғалімдері мен директорларының
ұрып-соғуын және кемсітуін;
• қашып кетуді;
• психикалық денсаулықты (мысалы, өмір сүру
рейтингі, өзін-өзі зақымдау үрдістері мен суи-
цидалды үрдістер) өлшеуге бағытталды.
Бұл сауалнама болғандықтан, балалар сауал-
наманы өз бетімен оқып, толтырды. Зерттеу
тобының мүшелері балалар сауалнама толтырған
кезде сыныпта болып, балалардың сауална-
маны толтырғанын бақылады. Зерттеу тобы
балалардың сауалнаманы өз бетімен толтырып,
бір-бірімен сөйлеспеуі және басқалардың жау-
аптарын көрмеуі үшін бақылау жасады. Зерттеу
топтары сондай-ақ балаларға қажеттілігіне қарай
сауалнаманы толтыруға көмектесті (мысалы,
сұрақтар мен сөздердің мағынасын түсіндіру,
торкөздерді дұрыс толтыру керектігін түсіндіру),
себебі балалардың оқу және түсіну қабілеттері әр
түрлі болды. Балаларға сауалнама толтырғаны
үшін ақы төленбегенін, тіпті қандай да бір ынта-
ландырулар жасалмағанын айта кету керек.
28
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балаларға сауалнама сұрақтарына жауап
бере алмаса немесе қалай жауап беруі керек
екенін білмесе, жауап жазбай-ақ қоюына бо-
латыны ескертілді. Дегенмен, зерттеу топтары
сауалнамалардың барлығын толтыру барысын-
да сұрақтарға толығымен жауап берілгеніне
көз жеткізу үшін немесе жекелеген сұрақтарға
не себептен жауап жазылмағанын түсіну үшін
тексеріп отырды. Орташа алғанда, балалар
зерттеушілерден нұсқаулық алғаннан кейін сау-
алнаманы толтыруға 30-дан 40 минут аралығына
дейін уақыт (бір сағат) жұмсады.
Балалар сауалнамаларды толтырып біте са-
лысымен, жауаптар бірден жабық конвертке
салынды. Жабық конверттерге мектептің де,
балалардың да құпиялылығын сақтау үшін өңір
кодымен, мектеп типінің кодымен және мектеп
нөмірімен белгілер салынды. Директорларға да,
мектеп мұғалімдеріне де жабық конверттерді
ашуға, толтырылған сауалнамаларды қарауға
рұқсат берілген жоқ. Барлық толтырылған не-
месе бір бөлігі толтырылған сауалнамалар зерт-
теу компаниясының бас кеңсесіне жіберіліп,
тексерілді және өңір коды, мектеп нөмірі
және сауалнама нөмірімен жабдықталды.
Толтырылған сауалнамалардың барлығын зерт-
теу компаниясы кейіннен SPSS бағдарламалар
пакетіне енгізді.
Мектептердегі балалармен сұхбат
«Бетпе-бет» сұхбат 40 мемлекеттік мектептің
әрқайсысында 10 баламен (5 ұл, 5 қыз) өткізілді,
жалпы сұхбатқа қатысқан баланың саны 402-
ні құрады (201 ұл мен 201 қыз). Балалармен
сұхбаттың міндеті оқушылардың құрбылары
тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық,
мектептердегі ұрып-соғу туралы түсініктері мен
тәжірибелерін және олардың мектептегі зорлық-
зомбылыққа қалай жауап қайтаратынын білу бо-
лып табылды. Сондықтан сұхбаттар балалардың
өздері куә болған, бастарынан өткерген не-
месе өздері мектептерінде жасаған зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік оқиғаларын сипат-
тап бере алатындай әзірленген. Кейін олардан
бұл оқиғаның қашан болғанын, егер әлі де
осындай мәселелерге тап келіп жүрсе, қайталану
жиілігін (зорлық-зомбылықты мектепте басы-
нан өткерген жағдайда), зорлық-зомбылыққа
жалғыз не бір топ баланың қатысқанын
сұрады. Балаларға сондай-ақ олардың
зорлық-зомбылық жайлы біреуге айтқан-
айтпағаны, айтқан болса, оның қандай жауап
қайтарғаны, шара қолданғаны туралы сұрақ
қойылды. Сонымен бірге, зорлық-зомбылық
құрбаны болған балаға одан әрі не болғанын,
не өздері зорлық-зомбылыққа ұшырағанда
қандай сезімде болғанын, денесіне ауырту сезімі
түскен-түспегенін, өздеріне қатысты зорлық-
зомбылық жасаған адамнан кек алғысы келітін-
келмейтіндігі туралы айту сұралды. Сұхбатта
сондай-ақ мұғалімдердің ұрып-соғуы туралы
және сыныпта балаларды бақылауда ұстау үшін
қолданылатын басқа да жазалау әдістері туралы
бірнеше сұрақ қамтылды.
Сұхбаттағы сапалық көрсеткіштер зерттеудің
сандық көрсеткіштерін толықтырады (яғни,
зерттеудің сандық мәліметтерінің және зерттеудегі
басқа да индикаторлар/өлшемдік шамалардың
контекстік мәні мен түсінігін қамтамасыз етеді).
Жергілікті жерлердегі зерттеу топтары
сауалнамаға қатыспаған сыныптармен қалай
жұмыс істеу және сұхбатқа балаларды қалай
таңдау керек екені туралы нұсқаулар алды.
Сұхбат үшін таңдалған балалардың барлығынан
олардан сұхбатқа қатысқысы келетін-келмейтіні
анықталды; балаларға қатысудан бас тартуға
еш ренішсіз рұқсат етілді; бұл жағдайда зерттеу
топтары сыныптағы басқа баланы таңдап, оның
сұхбатқа қатысуына келісімін білуге нұсқау
алды.
Балаларға сұхбат мақсаттарын түсіндіргеннен
кейін зерттеушілер сұхбатты балалармен
бетпе-бет жүргізді. Әр балаға анонимдік пен
құпиялылық кепілдігі берілді. Зерттеушілер
сұхбатты жазбаға түсіріп отырды. Орташа алғанда,
сұхбат балалардың 15-25 минутын алып отыр-
ды. Сұхбат бойынша жасалған барлық жазбалар
бірден жабық конвертке салынып, аузы бекітілді.
Мектеп директорлары мен мұғалімдеріне жабық
конверттерді ашуға рұқсат берілген жоқ. Барлық
аяқталған сұхбаттар зерттеу компаниясының
бас кеңсесіне жіберіліп, оларға өңір коды, мек-
теп нөмірі және сұхбат нөмірімен жабдықталды.
Толтырылған сұхбаттардың барлығы зерттеу топ-
тары орыс не қазақ тілдерінде (сұхбат өткізілген
тілде) Microsoft Word форматына түсірілді,
кейіннен оларды кәсіби аудармашылар ағылшын
тіліне аударды.
29
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептердегі мұғалімдер
мен мамандандырылған
қызметкерлерден сауалнама алу
40 мемлекеттік мектептің әрқайсысында
мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер
арасында сауалнама жүргізілді. 1000 мұғалім
мен мамандандырылған қызметкерден құралған
жалпы таңдаулы топты алу үшін 40 мемлекеттік
мектептің әрқайсысында 25-30 мұғалім мен
мамандандырылған қызметкерлер мүшелерінен
сауалнама алу міндеті қойылды.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер арасында сауалнама:
• демографиялық сипаттамаларды (жынысы,
жұмыс мәртебесі, жасы, жұмыс істеген жыл
саны, сыныптағы оқушылардың орташа саны,
білім деңгейі, жұмыс істеген жылдары, сабақ
беретін сыныптар/пән);
• балаларды және оқыту ісін қабылдауын;
• мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық куәландыруын (психологиялық,
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
• мұғалімдер
қолданатын
жазалау/
тәртіпке шақыру құралдарын (позитивті,
психологиялық, физикалық және еңбекпен
жазалау/тәртіпке шақыру);
• мұғалімдердің балаларды кемсітуін;
• мектептегі зорлық-зомбылыққа жауап қатуын;
• мектептегі
зорлық-зомбылық
пен
мұғалімдердің ұрып-соғуына қатысты мектеп
саясаты;
• мұғалімдерге арналған тренингтер мен
оқуларды өлшеу үшін әзірленді.
Әр мектепте жергілікті зерттеу тобының мүшелері
25-30 мұғалім мен мамандандырылған
қызметкерлерден бір мезетте сауалнама алу
мақсатында бір орынжайға жинау үшін мек-
теп директорымен бірлесе жұмыс істеді. Зерттеу
топтары мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерді сауалнама мақсаттарымен таны-
стырып, анонимдік пен құпиялылыққа кепілдік бе-
руден бастады, содан кейін сауалнаманы толтыру
30
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектеп директорларымен сұхбат
Әр мектепте сондай-ақ мектеп директорымен
не оқу ісінің меңгерушісімен құрылымданған
сұхбаттар жүргізілді. Сұхбат ашық жауап не
ұсынылған жауаптардың бірін таңдап алуға бола-
тын, мынадай ақпаратты жинау үшін әзірленген
сұрақтар сериясынан құралды:
• мектеп туралы ақпарат (мысалы, атауы,
орналасқан жері, мектеп көлемі – оқушылар,
мұғалімдер, қызметкерлер саны, қалалық
әлде ауылдық);
• мектеп директорының не оқу ісін меңгерушінің
жеке демографиялық мінездемелері;
• балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы
анықтама;
• мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық туралы білуі;
• мектептердегі
зорлық-зомбылықтың
же
-
келеген жағдайларына жауап ретінде
қолданылатын шаралар, оның ішінде мек-
тепте зорлық-з омбылық жасаған балалар
мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
балаларға қатысты іске асырылған әрекеттер;
• мектептердегі зорлық-зомбылық оқиғаларын
тіркеу/есепке алу, оның ішінде тіркелген
оқиғалардың саны және осындай жағдайларды
есепке алуды талап ететін ережелер;
• мектептердегі зорлық-зомбылық жағдайлары
туралы, оның ішінде мектепте зорлық-
зомбылық жасаған балалар мен зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған балалар ту-
ралы сыртқы ұйымдарға не қолдау көрсету
қызметтеріне хабарлау;
• мектепте
зорлық-зомбылық
әрекетіне
қатысқан балалар мен зорлық-зомбылықтың
құрбаны болған балаларға бақылау жасау/
мониторинг жүргізу;
• өткен
оқу
жылында
зорлық-зомбылық
үшін мектептен шығарылғандарды қоса
алғанда мектептердегі зорлық-зомбылық
жағдайларына қатысты мектеп тәртібінің сая-
саты мен тәжірибесі; ;
• мектептердегі
зорлық-зомбылық
пен
гендерлік кемсітушілік жағдайларына қатысты
мектеп қызметкерлеріне берілетін нұсқаулық
пен оларды оқыту;
• мектептердегі зорлық-зомбылыққа қарсы
күрес бойынша бастамалар;
туралы нұсқаулармен таныстырды. Мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
сауалнамаға өз есімдерін көрсетпеу және қандай
да бір деректерін жазбауы қажет екені туралы
нұсқау алды.
Бұл сауалнама болғандықтан, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
сұрақ парақшасын өздігімен толтырды.
Зерттеу тобының мүшелері мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлер сауалнама
толтырған кезде сыныпта болып, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер сау-
алнаманы өз бетімен толтырып, бір-бірімен
сөйлеспеуі және басқалардың жауаптарын
көрмеуі үшін бақылау жасады. Зерттеу топтары
сондай-ақ мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерге қажеттілігіне қарай сауална-
маны толтыруға көмектесті (мысалы, сұрақтар
мен сөздердің мағынасын түсіндіру, торкөздерді
дұрыс толтыру керектігін түсіндіру). Оларға сау-
алнама толтырғаны үшін ақы төленбегенін, тіпті
қандай да бір ынталандырулар жасалмағанын
айта кету керек.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерге сауалнама сұрақтарына жау-
ап бере алмаса немесе қалай жауап беруі ке-
рек екенін білмесе, жауап жазбай-ақ қоюына
болатыны ескертілді. Дегенмен, зерттеу топта-
ры сауалнамалардың барлығын толтыру бары-
сында сұрақтарға толығымен жауап берілгеніне
көз жеткізу үшін немесе жекелеген сұрақтарға
не себептен жауап жазылмағанын түсіну үшін
тексеріп отырды. Орташа алғанда, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
зерттеушілерден нұсқаулық алғаннан кейін сау-
алнаманы толтыруға 30-дан 40 минут аралығына
дейін уақыт жұмсады.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер сауалнамаларды толтырып біте
салысымен бірден жабық конвертке салынды.
Жабық конверттерге мектептің де, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлердің де
құпиялылығын сақтау үшін өңір кодымен, мектеп
типінің кодымен және мектеп нөмірімен белгілері
салынды. Директорларға жабық конверттерді
ашуға, толтырылған сауалнамаларды қарауға
рұқсат берілген жоқ. Барлық толтырылған не-
месе бір бөлігі толтырылған сауалнамалар зерт-
теу компаниясының бас кеңсесіне жіберіліп,
тексерілді және өңір коды, мектеп нөмірі және
сауалнама номерімен жабдықталды.
31
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
• мектептердегі зорлық-зомбылыққа қарсы
күрес үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдармен бірлесе үйлестіру тетіктері;
• мектептердегі зорлық-зомбылыққа қатысты
білім мен әлеуетті күшейтуге мұқтаждық.
Әдетте зерттеу тобының екі мүшесі мектеп
директорымен не оқу ісінің меңгерушісімен
өткізілген сұхбатқа қатысты. Сұхбат барысында
зерттеушілер алдымен қағазға жазбаша ныса-
нын түсіріп, кейін олар зерттеу тобының кеңсесіне
жіберілді; ұсынылған нұсқалар бойынша жау-
ап беруге болатын сұрақтар SPSS-ке енгізіліп, ал
ашық жауап беруге болатын сұрақтар орыс не
қазақ тілінде Word форматына түсірілді.
Сынама зерттеу және зерттеу
тобын оқыту
2012 жылдың 10 қыркүйегінде ЮНИСЕФ
халықаралық кеңесшісі, доктор Робин Хаарр
зерттеу компаниясының 14 мүшесіне бір күндік
тренинг өткізді. Бұл тренинг зерттеу құрылымына,
деректерді жинау құралдарына, этикалық
кеңестерге, сондай-ақ зерттеуге қатысушыларды
қорғау шараларына арналды. 14 зерттеушіден
құралған топ ішінде әр төрт өңірдің бірінен кел-
ген үш мүше мен Алматы қаласындағы зерт-
теу компаниясының кеңсесінен жобаның екі
менеджері болды.
Зерттеу тобына арналған бір күндік тренингтен
кейін топ мүшелері сондай-ақ бағалау құрылымы
мен деректерді жинау құралдарымен танысу үшін
сынама зерттеу ретінде ЮНИСЕФ халықаралық
кеңесшісінің практикалық тренингінен өтті.
Практикалық тренинг пен сынама зерттеу төрт
күн бойы 2012 жылдың 11 және 14 қыркүйегі
аралығында өңірлердің біріндегі төрт жалпы білім
беретін мектепте өткізілді. ЮНИСЕФ халықаралық
кеңесшісі өткізген практикалық тренинг пен
пилоттық оқыту зерттеу тобының жұмысына мо-
ниторинг жүргізу және жергілікті жерлерде зерт-
теу құрылымын жүзеге асыру, деректерді жинау
құралдарын пайдалану, этикалық кеңестерді
сақтау және зерттеуге қатысушыларды қорғау
саласындағы әлеуетті күшейту бойынша тренинг-
тер өткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз етті. Сынама
зерттеу сондай-ақ бағалау және деректерді жинау
құралдарына қажетті түзетулер енгізуге, сондай-
ақ аудару/сөйлем құраудағы қиындықтармен
жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Деректерді енгізу және талдау
ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі деректерді
SPSS және Word форматына енгізу жүйелерімен
бірге кодтаудың стандартталған рәсімдерін
әзірледі. Зерттеу компаниясы деректерді басқару
мен барлық деректі SPSS және Word форма-
тына енгізуге жауапты болды. Сұхбаттың Word
форматындағы қазақ және орыс тілдеріндегі
толық жазба мәтіндері жасалып болған соң, олар
ағылшын тіліне аударылды. Деректерді енгізу
аяқталғаннан кейін, барлық сауалнамалар мен
сұхбаттар, сондай-ақ сұхбаттар бойынша егжей-
тегжейлі жазбалар Адам құқықтары жөніндегі
орталыққа сақтауға тапсырылды.
Бұдан кейін деректердің барлық жиынтықтары
талдау үшін ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісіне
тапсырылды. SPSS балалар, мұғалімдер,
мамандандырылған қызметкерлердің са-
уалнамаларын, сондай-ақ директорларға
берілген сұрақтардың ұсынылған жауаптың
бірін таңдауға рұқсат берілген түрлерін тал-
дау үшін қолданылды. Балалар мен мек-
теп директорынан алынған сұхбат бары-
сында белгілі болған сапалық деректердің
барлығы кодталып, әлеуметтанушылар пай-
даланатын сапалық деректерді талдаудың
бағдарламалық жабдықтамасы NVivo9-да тал-
данды. Сұхбатқа қатысқан барлық балалар мен
мектеп директорларының тұлғалық дәрежесін
қорғау мақсатында зерттеу барысында берілген
сәйкестендіру нөмірлері өзгертіліп, талдау ба-
рысында ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі әр
респондентке жаңа сәйкестендіру нөмірін берді.
32
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |