36
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
салыстырғанда (5,6%) ата-анасына бауыр
басу ықтималдығы айтарлықтай төмен болған
(19,7%). Бұл мәліметтер отбасындағы зорлық-
зомбылықтың бала-ата-ана қарым-қатынасына
және балалардың ата-анасына бауыр басуына
теріс ықпал ететіндігін көрсетеді.
3.5-кесте. Отбасындағы зорлық-
зомбылықтың ата-анасына бауыр басу
деңгейіне әсері (сауалнама)
Ата-анасына ба-
уыр басу деңгейі
төмен
N=4207
Ата-анасына ба-
уыр басу деңгейі
жоғары
N=4207
n
%
n
%
Отбасындағы зорлық-зомбылық
Жоқ
190
5,6%
3227
94,4%
Иә
150
19,7%
610
80,3%
Ашу-ыза мен агрессияға бейімділік
Қолдағы бар мектептердегі зорлық-зомбылық
туралы зерттеулер мектепте зорлық-зомбылық
көрген балалардың мінездемесіне баса назар ау-
дарады, бірақ сол мектептегі зорлық-зомбылыққа
ұшыраған балалардың эмоциялары туралы
ақпарат аз. Ал, балалардың мінез-құлқына ашу-
ыза мен агрессия сияқты эмоциялар әсер ететіні
белгілі (3). Расында да, кейбір балалар өзінің
ашу-ыза мен агрессиялық эмоцияларын басқара
алмайды, бұл өзін-өзі бақылауды жоғалтып,
басқаларға қатысты агрессиялық әрекеттерге
баруға әкеледі.
Бұл зерттеу балалардың ашу-ыза мен физикалық
агрессияға бейімділігін өлшеу мақсатында
әзірленді. Ашу-ыза межелігі мен физикалық
агрессия межелігі бес сұрақтан құралды
(Қосымшаның 2-кестесін қараңыз). Балалар екі
межелікте бар болғаны он ұпай ғана жинап ала
алады. Балалар 10 ұпайлық межелікте 0-ден
5 ұпайға дейін жинаса, ашу-ызаға бейімділігі
төмен және физикалық агрессияға бейімділігі
төмен деп, ал 6-дан 10 ұпай аралығында жинаса,
ашу-ызаға бейімділігі жоғары және физикалық
агрессияға бейімділігі жоғары деп бағаланды.
3.6-кестеде көрсетілгендей, сауалнамаға
қатысқан 4207 баланың басым көпшілігі ашу-
ызаға бейімділігі төмен (70,9%) және физикалық
агрессияға бейімділігі төмен (70,2%) деп
бағаланған. Ал, сонымен бірге, балалардың
29,1%-ының ашу-ызаға бейімділігі жоғары және
29,8%-ының физикалық агрессияға бейімділігі
жоғары болған. Басқаша айтқанда, балалардың
шамамен үштен бірінің ашу-ыза мен физикалық
агрессия межелігі бойынша бейімділігі жоғары
болып шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: