33
Б
ұл тарау мемлекеттік мектептердегі мектеп жасындағы
балалармен жүргізілген сауалнамалар мен
сұхбаттардың деректерін және қорытындыларын таны-
стырады. Мұнда сондай-ақ сауалнамаға қатысқан балалар
туралы демографиялық ақпарат қамтылды, оның ішінде от-
басы құрамы, отбасылық орта
және ата-анасына бауыр басу
дәрежесі де көрсетілген. Тарауда сонымен бірге балалардың
мектепке бауыр басуы, олардың мектепте өздерін қауіпсіз
сезінуі, балалардың мектеп қабырғасында куә болған не
өздері тап болған зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
түрлі формаларының сипаты мен дәрежесі туралы ақпарат
та берілген. Деректер
бізге балаларды куәгерлер, құрбандар
және/немесе мектепте зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
жасайтындар деп бірнеше санатқа бөлуге, сондай-ақ әр
санаттағы балалардың мінездемесін түсінуге мүмкіндік
береді. Тарауда өздерінің үйден кетіп қалғаны және/неме-
се өзін-өзі зақымдауға, сонымен бірге суицидалды мінез-
құлыққа тартылғаны туралы
хабарлаған балалар туралы
ақпарат қамтылған.
Бұл тараудың мақсаты – мектеп қызметкерлері мен
саясаткерлердің мектептегі зорлық-зомбылықты дұрыс
түсініп, анықтама бере алу, сондай-ақ мектептерді балалар
үшін барынша қауіпсіз орынға айналдыруға көмектесетін,
мектептегі зорлық-зомбылық деңгейін азайтуға бағытталған
бастамалар мен бағдарламалар әзірлеу үшін пайдалануына
болатын деректер мен қорытындылар жасау. Бұл тарауда
қамтылған деректер мен
қорытындылар сонымен бірге
мектеп жұмысшылары үшін тренингтер мен оқулар өткізуде
көмектесе алады, бұл оларға мектептегі зорлық-зомбылықты
ерте анықтауға және оқиғаның алдын алып, араласуға
мүмкіндік береді.
34
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балалардың демографиялық
деректері
Сауалнама Қазақстанның 4 өңіріндегі 40 мек-
тепте 4207 бала арасында жүргізілді. 3.1-ке-
стеде 4207 баладан
тұратын іріктемелі топ
бойынша демографиялық мінездеме берілген.
Өңірлер ішінде, сауалнамаға ең көп қатысқан 2,
3, 4-өңірлердің балалары, себебі оларды мектеп
саны және әр мектептегі бала саны 1- өңірмен
салыстырғанда көбірек. (2.1-қараңыз). 4-өңірде
де ауыл мектептерінің саны басым болғанымен
(2.1 және 2.2-кестелер), ауыл мектептерімен
(45,7%) салыстырғанда, қала мектептерінің ба-
лалары сауалнамаға көбірек тартылды (54,3%),
себебі қала мектептерінде
бала саны артық және
сыныптар да үлкен. Таңдап алынған қала және
ауыл мектептеріндегі балалардың арақатынасы
2011 жылдың ресми бағалауымен ұқсас, яғни
Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі қалалық
жерді мекен етеді (54%), ауыл тұрғындарының
саны сәл аздау (46%) (1).
Жыныстық белгі бойынша, іріктеудің 50,9%-ы
қыздар, 49,1%-ы ұл балалар болды. Балалардың
жасы 9 бен 18 аралығында, ал орташа жас 13-ті
құрады. 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың
үлесі
бірдей болды, ал 9, 10, 16 және 17 жастағы
балалардың саны аздау. Білім алу сыныбына
қарай, 5 пен 9-сыныптар аралығында бала саны
бірдей дерлік, ал 10-сыныпта іріктемеге қатысқан
бала саны біраз аздау болды.
3.1-кесте сауалнамаға қатысқан балалардың
69,0%-ы қазақтар, ал 20,6%-ы
орыстар
болғанын көрсетті. Өзбек, қырғыз немесе басқа
да ұлт балаларының үлес салмағы аз болды. Бұл
арасалмақ, жалпылай алғанда, 2009 жылғы
халық санағында көрсетілген ұлттық бағалауға
сәйкес. Онда тұрғындардың 63,1%-ы қазақтар,
23,7%-ы орыстар, 2,9% – өзбектер және 4,5%-
ы өзге ұлттардың өкілдері екені көрсетілген.
Балалардың басым бөлігі (91,3%) былтыр қай
мектепте оқыса, биыл да сонда оқитынын айтқан.
Балалардың отбасылық ортасы
Балалардан ата-анасымен қарым-қатынасын
қоса отырып, отбасылық ортасы мен отба-
сы туралы әңгімелеу сұралды. 3.2-кестеде
балалардың көпшілігі (77,5%)
ата-анасымен
тұрақты түрде тұратынын айтқаны көрсетілген.
Балалардың 14,0%-ы тек анасымен, ал 1,2% –
тек әкесімен тұрады. Бұдан бөлек, балалардың
тек 4,5%-ы анасымен және өгей әкесімен тұрса,
0,8%-ы әкесімен және өгей шешесімен тұрады.
Ал балалардың 2,0%-ы ата-анасымен емес,
өзге туыстарымен тұратын болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: