38
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейімділігі
5, 6 және 7-сыныптарда оқыған кезінен біраз
жоғары екені байқалады.
Сондай-ақ, 3.8-кестеде
қала мектептерінде
оқитын балалардың ашу-ызаға бейімділік
деңгейінің жоғарылығы (30,5%) мен физикалық
агрессияға бейімділігінің жоғарылығы (32,3%)
ауылдық мектептерде оқитын балалармен
салыстырғанда
соншалықты көп емес екенін
көрсетті (тиісінше 27,5% және 26,8%).
Мектепке бауыр басу
Сауалнама сондай-ақ балалардың мектепке ба-
уыр басу деңгейін өлшеу үшін әзірленген, оның
ішінде балалардың
өздерін мұғалімдерге және
мектептегі басқа балаларға қаншалықты жақын
сезінетінін, мектепте болуға қуана келісетінін
бағалау да кіреді. Қолданыстағы зерттеулердің
көрсетуінше, мектептегі зорлық-зомбылық
баланың мектепке бауыр басуына кері ықпал
етеді,
басқаша айтқанда,
мектепке бауыр басу
деңгейі төмен балалардың арасында мектеп-
те зорлық-зомбылық жасау және/немесе оның
куәгері болу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. (4, 5).
Мектепке бауыр басу межелігінде балалардың
сұрақтарға жауап бере отырып, жалпы 11 ұпай
жинауы мүмкін 11 сұрақ қамтылды. 11 ұпайлық
межеліктен 0 мен 6 аралығында жинаған балалар
мектепке
бауыр басу деңгейі төмен, ал 7 мен 11
аралығында ұпай жинаған балалар мектепке ба-
уыр басу деңгейі жоғары деп бағаланды. 3.9-ке-
стеде, сауалнамаға қатысқан балалардың басым
көпшілігінің (95,9%) мектепке бауыр басу деңгейі
жоғары, ал 2,7%-ында мектепке бауыр басу
деңгейі төмен екені көрсетілген. Балалардың оқу
сыныбы немесе олардың қалалық/ауылдық мек-
тептерде оқуы бойынша мектепке бауыр басуында
айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: