Сабақтан кейін олар мектептың артында
«топпен топ» болып төбелеседі. Қолдарында
таяқтары болды. Олар төбелесе бастағанда,
біз мұғалім апайға жүгіріп барып, айтып
бердік. Мұғалімдер келіп, оларды арашалап
алды. Бұл шашамен екі жыл бұрын қыста бол-
ды» [2].
«Бірде үйге қайтып келе жатқанда мен өзіммен
қатарлас баланы соғып жатқан жоғары сы-
нып оқушысын көрдім. Ол оны жағасынан алып:
«Сен жылауық, өсекші. Аузыңа ие бол да, ешкімге
айтушы болма» деді. Бұл жақында ғана, осы
айдың ішінде болды. Сыныптағылардың бәрі мұны
көрді» [349].
«Біз мектепте төбелеспейміз. Біз уақыт белгілеп,
аулаларда мәселе шешуге тырысамыз. Бұл жы-
лына 1-2 рет болып тұрады. Мен де төбелескем,
бірақ мектепте емес, көзім көгеріп қалды. Бірақ
мен де оны ұрдым. Біз жекпе-жекке шықтық,
бірақ көшеде емес. Ол – параллель сыныптағы ұл.
Мен қатты ашуландым. Өзара келіспеушілігімзді
шешіп, екі жаққа кеттік, бұдан кейін ұрсысқан
жоқпыз. Олар менен қорқады, себебі менің
ағаларым бар екенін біледі. Олар мен үшін кімді
болса да аман қалдырмайды. Олар біздің мектеп-
ке де, көрші мектепке де, тіпті колледжге де ба-
рып тұрады (старшактар)» [131].
Жоғарыда келтірілген үзінділердің кейбірінде
көрсетілгендей, мектептерде немесе оның
жанында орын алатын физикалық зорлық-
зомбылықтың кейбіріне бір-бірімен төбелескен
балалар топтары қатысады, атап айтқанда, басқа
сыныптың немесе басқа мектептің ұлдар тобы
мен төбелесуші ұлдар тобы.
«Біздің мектепке өзге мектептен ұлдар
келді. Біз олармен дауласып қалдық. Кейде біз
төбелесеміз. Кейде төбелеспейміз. Бірақ олар
бізді балағаттаса, төбелеспей тұра алмаймыз.
Біз бір-бірімізді ұрамыз. Әр кезде әрқалай. Егер
бұл топ ішінде болса, жекелеп төбелесеміз. Бірақ
өзге мектептің ұлдарына қарсы біз әдетте топ-
пен шығамыз» [242].
Мектептерде оқушылар арасында қандай да
бір иерархия бар екені анық, жоғары сынып
оқушылары жоғарыда, ал кіші сыныптағылар
төмен орналасқан. Бұдан бөлек, күші көп сол
күшін және бойын өзгелерге қарсы пайдалана
алатын балалар бақылаушы болып есептеледі,
олар мектепте топбасшы болады. Мұндай мектеп
топбасшылары дәл мағынасында бұзақы болады,
олар өзге балаларға күш көрсетіп, психологиялық
және физикалық зорлық-зомбылық арқылы
ықпал етеді. Мұның ішіне қорқытып-үркіту де
кіреді. Олар төмен сыныптардан және мектептегі
әлсіз балалардан ақша бопсалап, тартып алады.
«Кейбір ұлдар өздерінің лидер екенін көрсеткісі
келеді, бір-біріне әр түрлі лақап аттар беріп,
басқаларға қысым жасайды. Мен өте тез ашула-
намын, тез әрекетке барамын. Сөйтіп, төбелесіп
48
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қаламыз. бұл кейде болып тұрады, кейде бір
ұлмен, кейде бірнеше ұлмен төбелесемін. Бір ұл
өзінің менен мықты екенін көрсетпек болды. Біз
төбелесіп қалдық, ал басқалар араласпай, жай
қарап тұрды» [318].
«Жоғары сыныптағылар бізден ақша талап етеді.
Олар баланы шақырып алып: «Тоқылдақсың ба?»
деп сұрайды. Иә десең, жібере салады, ал егер
жоқ десең, ақша беруіңді талап етеді. Иә десе,
сенімен ешкім сөйлеспей қояды. Олар сондай-ақ
достарды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлейді,
«Онымен жекпе-жекке шығасың ба?» деп
сұрайды. Мен бұл жағдайға бір ай бұрын кезіктім.
Достарыңызбен бөлісу: |