2-3 минут жалғасты. Біз төбелестік, бірақ қару
қолданған жоқпыз. Жоғары сыныптағылар біздің
жасымыздағы ұлдарды бір-біріне қарсы қойып,
төбелестіреді. Біз жалғыз емес, бірнеше баламен
төбелесуіміз керек. Жоғары сыныптағылар мені
құрбыларыммен төбелесуге мәжбүрледі. Сіздерге
осыны ғана айта аламын. Менің төбелесуім ке-
рек болды, олар мені мәжбүрледі, жекпе-жекке
шығуыма мәжбүрледі» [346].
«Үлкендер бізді ұрады, аяқтан шалады, бірақ
олар мұны жай қалжың деп түсіндіреді. Жалпы,
олар бізді жиі мазақтайды, балағаттайды.
Өздеріне темекі сатып әперуге мәжбүрлейді…
Бұл жиі болады, күн сайын десе де болады. Біздің
мектепте балалар аз, бәрі бірін-бірі таниды,
сондықтан қашып та кете алмайсың. Кейде олар
қатты ауыртып қолдан не мойыннан шап беруі
мүмкін; кейде көгеріп те қалады. Олар ересек
балалар, шамамен 8 бала, біреуі – бастықтары.
Олар бүкіл мектепті ұстап тұр, бәрі олардан
қорқады. Мұғалімдер оларға ештеңе істей ал-
майды, ата-аналарына бәрібір. Олар мектептке
мас болып келіп, сабақтан кетіп қала алады.
Мен қорқамын. Егер айтқанын істемесем, олар
мені ұрамыз деп қорқытады» [90].
Кей балалар ақша алу үшін басқа балаларға
зорлық жасалатынын көрсетті. Көбінесе бұндай
жағдайлар ересек балалардың арасында, атап
айтқанда ер балалардың арасында кездесетінін
айтады. Оларөздерінен жасы кіші немесе
әлсіздеу балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп,
ақшаларын тартып алады.
«Жоғарғы сыныптың ұлдары бізді балағаттайды,
қорлайды. Өздеріне қарсы бірдеңе айтсаң, ұрады.
Ақшамызды тартып алады. Ақша бермесең,
қайта ұрады. Мұндай жағдай бір ай бұрын болған
еді. Жоғарғы сынып балалары менен ақша сұрады.
Егер оларға уақытылы әкеліп бермесем, ұрады»
(403).
«Кей кездері жоғарғы сыныптың балалары мені,
менің сыныптастарымды жинап алып, бізден
ақша сұрайды. Егер біреуінде ақша болмаса, ол
таяқ жейді» (353).
«Мен 9-сыныптың бір баласынан қорқамын. Ол
ылғи да маған асханадан бірнәрсе сатып алып
беруімді талап етеді. Мен оған аптасына 2-3
рет сатып алып беріп отырамын. Бір күні мен
оған ешнәрсе сатып алып бермейтінімді айттым.
Ол менің қолымнан, иығымнан салып қалды. Ол
6-сыныптың бір баласы. Мен ешкіммен ешқашан
төбелесіп көрмегем, мен тек 6-сыныптың балала-
рынан қорқамын. Олар мені ұрады, ал мен олармен
төбелеспеймін. Олар маған қоқан-лоққы жасай-
ды, мені асханадан бірнәрсе сатып алып беруге
мәжбүрлейді. Менің жалғыз жүрген кезімді аңдып,
олар мені ұстап алады да, осыны айтады» (175).
«Жоғарғы сыныптың балалары ақша талап
етеді. Кейде мектептен шығып, үйге қарай кетіп
бара жатқанымда ақша сұрайды. Олар топта-
лып жүреді, үйге кетіп бара жатқан кезде ұстап
алады да, ақша сұрайды. Мұндай жағдайлар
күнара, кейде 2-3 күнде бір болып тұрады. Олар
бізден ақша сұрайды, ал егер біз оларға ақша
бермесек, бізді ішімізден, қолымыздан, басы-
мыздан ұрады. Бұл топ – жоғарғы сыныптың
оқушылары» (203).
«Ана үш бала менен ақша бар ма деп сұрады. Мен
оларға жоқ деп айттым. Бірде олар мені ішімнен
ұрды. Содан кейін мен оларға сенбесеңдер,
қалтамды тексеріп көріңдер дедім. Олар менің
қалтамды тексерді де, шынымен де ақшамның
жоқ екеніне көз жеткізген соң, кетіп қалды. Ол
жерде үш бала болды, оның тек біреуі ғана біздің
Достарыңызбен бөлісу: |