Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет19/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

3.3-сурет.
Мектепте балалар ұшыраған зорлық-
зомбылық нысандарының саны
Куәгер
Құрбан
Әрекетке барушы
17,1%
21,1%
14,4%
18,9%
13,5%
6,7%
18,7%
6,8%
1,9%
6,7%
3,1%
0,6%
2,1%
0%
1,0%
0,1%
0,2%
0,2%
1
2
3
4
5
6


44
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балалардың мектептегі зорлық-
зомбылықты түсінуі
Жоғарыда айтылғандай, сауалнамадан бөлек, 
40- мектептегі таңдап алынған 402 баламен 
«бетпе-бет» құрылымданған сұхбат жүргізілген 
болатын (сұхбат жүргізілген балалар сауалнамаға 
қатысқан жоқ). Осы тарау барысында балалардың 
мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті 
қалай түсінетіндігі туралы сандық көрсеткіштерді 
толықтыру және барынша көлемді ақпарат алу 
үшін сұхбат барысында алынған деректерге тал-
дау жасалған.
Балаларға сұхбат барысында қойылған алғашқы 
сұрақ: 
«мектептегі зорлық-зомбылық» терминін 
қалай түсінесің?»
. Сұхбаттар талдану барысын-
да, балалардың 
«мектептегі зорлық-зомбылық»
термині туралы түсініктері біршама шектеулі 
екендігін және әр бала бұл терминді әр түрлі 
түсінетіндігін көрсетті. Кейбір балалар мектептегі 
зорлық-зомбылық жайлы тым аз біледі екен, оны 
тек 
«ұрып-соғу»
деген бір ғана нысанмен анықтады 
[393]; балалардың көпшілігі бұл терминді екі 
не одан көп әрекет түрімен түсіндірді, мыса-
лы: 
«Әр түрлі типтер бар, мысалы, біреуді ұрып 
жіберу, жыныстық актіге мәжбүрлеу, біреу үшін 
қиындықтар тудыру, біреуден ақша тартып алу» 
[244]. Балалармен жүргізілген сұхбат барысын-
да алынған деректер, балалар зорлық-зомбылық 
деп сәйкестендірген зорлық-зомбылықтың әр 
түрі жекелеп шифрланды. Сұхбатқа қатысқан 
402 баланың 3,0%-ы ғана мектептегі-зорлық 
зомбылыққа анықтама бере алмады және 
терминді түсінбеді. 
Балалардың көпшілігі (76,0%-ы) мектептегі 
зорлық-зомбылықты физикалық зорлық-
зомбылық, атап айтқанда, мектептегі оқушылар 
арасында орын алатын төбелес, соққыға жығу 
ретінде ғана түсінеді. Мектептегі зорлық-
зомбылықты басқа балалардан ақша тартып 
алумен, бопсалаумен айналысатын балалардың 
әрекеті ретінде түсінетіндердің саны бұдан біраз 
аз (49,0%), психологиялық зорлық-зомбылық 
ретінде түсінетіндердің саны көп емес, мы-
салы, олар мектептегі зорлық-зомбылықты 
басқалардың мазақтауы, келекеге ұшыратуы, 
өзгелерді ренжіту не кемсіту үшін ауыр сөздер айту 
деп ұғады (46,0%). Кейбір балалар мектептегі 
жоғары сынып оқушыларының кішкентайларды 
мазақтап, ақшаларын тартып алатынын да айтты. 
«Бұл ересек балалардың кішкентайлардан ақша 
бопсалауы, кішкентайлар ақша әкелмесе, үлкен 
балалалар оларды ұрып-соғады» [398].


45
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Бұдан бөлек, балалардың аз бөлігі мектептегі 
зорлық-зомбылық ретінде балалардың басқа 
балаларды олардың қалауынан тыс нәрселер 
жасауға итермелеуі (8,0%) және мектептердегі 
ұл балалардың қыз баларға қатысты жыныстық 
сипаттағы қысым көрсетуі (4,0%), оның ішінде 
ұлдардың қыздардың денесіне қол тигізуі, олар-
ды еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартқысы 
келуі не қыз баларға қатысты жыныстық зорлық 
жасауға тырысуы деп түсіндірді. Тек екі бала ғана 
мектептегі зорлық-зомбылық нысанын кибербул-
линг түрінде көрсетті, атап айтқанда, бір баланы 
басқа баланың ұрып-соғып, ренжітіп жатқанын 
ұялы телефонға түсіріп алу деп түсіндірді. Және 
тек бір бала ғана мектептегі зорлық-зомбылыққа 
«дене кемістігі не ақыл-ой кемістігі бар балалар-
ды кемсіту» деп анықтама берді. [49].
Балалардың 9,0%-ы мектептегі зорлық-
зомбылықты оқытушылардың балаларға қатысты 
жағымсыз қарым-қатынасы, атап айтқанда, 
сыныптастардың алдында ұялтып, кемсіту үшін 
психологиялық қысым жасауы, сыныпта тәртіп 
орнату, балаларды бақылауда ұстау үшін олар-
ды қолмен, қатты заттармен ұру деген анықтама 
берді. Кейбір балалар сондай-ақ балалар тара-
пынан мұғалімдерге де зорлық-зомбылық жаса-
лып жататынын еске түсірді.
Балалар мектептегі зорлық-
зомбылық туралы не айтады?
Сұхбаттар барысында алынған мәліметтер 
мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық сипаты мен дәрежесін түсіну үшін 
шифрланып, талданды. Сұхбатқа қатысқан 402 
баланың 17,0%-ы ғана мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің куәгері 
болмағанын хабарлаған, ал 37,0%-ы мектептегі 
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікке 
ұшырамағанын айтқан. Басқаша айтқанда, сұхбат 
жүргізілген балалардың көпшілігі оқушыларға 
арналған сауалнамаларда өлшенген мектептегі 
зорлық-зомбылық немесе кемсітушіліктің бір не-
месе бірнеше нысанының куәгері (83,0%) және/
немесе құрбаны (63,0%) болғанын хабарлаған. 
Бұдан бөлек, сұхбатқа қатысқан балалардың 
39,0%-ы мектептегі өздері куәгер болған зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің жақында, 
соңғы бір не екі айдың (2012 ж. қыркүйегі-
қазаны) ішінде орын алғанын хабарлаған. 
Салыстыру үшін, балалардың 23,0%-ы өткен 
жылы орын алған мектептегі зорлық-зомбылық 
немесе кемсітушілік оқиғаларын (қыркүйек 2011 
ж. – мамыр 2012 ж.), 5,0%-ы екі жыл бұрынғы 
оқиғаларды (қыркүйек 2010 ж. – мамыр 2011 
ж.), және 2,0%-ы үш не одан да көп жыл бұрын 
орын алған оқиғаны естеріне түсірген. 
Бұл бөлімде сұхбат барысында балалардың 
3.11-кестеде көрсетілген мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің түрлі нысандары 
бойынша өз тәжірибесіне қатысты өз сөздерімен 
жеткізген мәліметтері келтірілген (мектептегі 
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікті жасаған 
балалардың пікірлері осы бөлімде кейінірек 
беріледі).
Физикалық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізілген 402 баланың 59,0%-ы 
(1/2) мектепте балалар арасындағы зорлық-
зомбылықтың куәгері болғанын айтқан, 23,0%-
ы (шамамен 4-тен 1-і) физикалық зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған. Төменде 
келтірілген үзінділерде балалар мектепте 
орын алатын зорлық-зомбылық оқиғалары 
туралы айтады. Балалармен жүргізілген 
сұхбаттардан алынған үзінділерді оқу барысын-
да балалар естеріне түсірген физикалық зорлық-
зомбылықтың көптеген жағдайлары әдетте 
балалар арасындағы психологиялық зорлық-
зомбылық белгілерімен байланысты екенін түсіну 
өте маңызды (мысалы, мазақтау, балағаттау, 
келекелеу). Әдетте психологиялық зорлық-
зомбылық физикалық зорлық-зомбылыққа 
әкеліп отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет