47
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
аптасына бір рет болып тұрады. Бірде мені біреу
аяқтан шалды, мен баспалдаққа құлап қалдым;
қолым сына жаздады, сүйегім шытынады.
Қолыма гипс салды. Кейде мұны жалғыз оқушы
жасайды, кейде топпен» [16].
«Мен бір қызға араша түспек болдым. Оған бір
ұл өшіргіш лақтырып, ренжітті. Мен өшіргішті
оған лақтырдым. Біз мектеп дәлізінде төбелесе
бастадық. Кезекші мұғалім келіп, араға түсті.
Мен оны мұрнынан, ал ол мені көзімнен ұрып
жіберді» [25].
Балалар сондай-ақ кейде басқа балалардың
сабақ біткенін әдейлеп күтетінін, содан кейін
бір-бірімен төбелесетінін, олардың зорлық-
зомбылық әрекеттерін ешкім көріп қоймауы,
мектеп әкімшілігі не ата-аналар, немесе мектеп
қызметкерлері араға түспеуі үшін мектептен тыс
жерде жасайтынын да айтты.
«Мен мектептің артында төрт баланың
төбелесіп жатқанын көрдім. Олар бір сынып-
та оқитын. Төбелес себебі біреуінің екіншісімен
амандаспауы екен, олар осы себеппен «стрел-
ка белгілеп», мұғалімдер көріп қоймауы үшін
сабақтан кейін төбелесуге келіскен екен. Балалар
мектеп аумағында төбелеспеуге тырысады. Бұл
екі апта бұрын болды» [127].
«Мен екі баланың төбелесіп жатқанын көрдім.
Бұл сабақтан кейін мектеп ауласында орын
алды. Олар төбелесіп жатқанда, көп адам қарап
тұрды, төбелесті тоқтату үшін ешкім еш нәрсе
істемеді. Бірақ, менің байқауымша, ол жерде
мұғалімдер болған жоқ. Бұл өткен жылы болды»
[13].
«Ұлдар бір-бірін мазақ етті. Олардың жоғары
сынып оқушыларымен төбелескенін көрдім.
Достарыңызбен бөлісу: