Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Ұлдар мені мазақтайды, маған қолдары тигенде 
қатты ұялдым. Бұл жағдай кейде қыркүйектің ба-
сында болатын. Мені аяқтан шалған кезде құлап, 
басымды соғып алдым. Ал маған тиіскендерінде 
ұялғанымнан жаным қатты ауырды. Бірнеше ұл 
бала болды, олар басқа сыныптан, ал бір бала өз 
сыныбымнан болды. Сондай жиіркенішті болды, 
қамықтым да, ұялдым. Олардың сазайын берейін 
десем, шамам жетпейді» [92].
«Бізді ұл балалар жиі ренжітеді және олар 
денеміздің әрбір жерінен ұстайды. Бұл жиі бо-
лып тұрады. Біз оларға қарымта қайтарып, 
ұрсысып қарсыласып жатсақ та, бәрібір олар 
бізге тиісуін қоймайды. Бұл жиі болып тұрады, 
әсіресе осы оқу жылында шынжырынан босаған 
иттей тіптен құтырынып кетті. Жоқ, бәрібір 
де сондай жиіркенішті әрі қорқынышты еді. 
Олар қыздарды мұғалімдер көрмейтін бір жерде 
немесе дәретхананың жанында бұрышқа қуып 
тығады. Бұны біздің сыныптың балалары ғана 
емес, барлық сыныптың ұлдары осылай жасайды. 
Бұған бәрі барады. Өзіңді сондай жаман сезінесің. 
Масқараң шығып, ұяттан өртенесің, сондай 
жиіркенішті» [81].
«Ұл балалар қыздардың жынына жиі тиіседі. 
Сосын оларға дөрекі сөз айтып, етектерінен 
тартады. Бұл жағдай кеше үзілісте болды. 
Бұл күнделікті болып тұрады. Бұл физикалық 
ауырсынуға жол бермесе де, маған сонда да ұят. 
Менің сыныбымдағы ұл балалардың бәрі осылай 
жасайды, үлкендердің сөзіне құлақ аспайды және 
сабаққа кедергі келтіру үшін қайдағы жоқты ай-
тып мазаны алады». [120]
«Ұл балалар қыздардың құйрығынан ұрып кетеді 
немесе омырауынан ұстап алуы мүмкін: бұл – 
кеше болған жағдай. Сондай жағымсыз әсер 
қалдырды, кей-кейде арқамыздан қатты ауыр-
тып ұрады. Барлық бала осындай әрекетке бара-
ды десе де болады» [136].
Мектепте ұл балалар тарапынан жыныстық 
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге жиі 
ұшыраған қыз балалар бұндай жағдайды «жаман 
әрі ұят болғанын, сосын біреу-міреу біліп қоя ма 
деген қорқыныштың бойларын билегенін» сурет-
теп айтып берді [81]. 
Кибербуллинг
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде тек бір 
бала ғана мектепте кибербуллингтің куәгері 
болғанын хабарлады. Тағы бір бала мектепте 
кибербуллингтің құрбаны болғанын баяндады. 
Кибербуллинг деп әдетте интернетті пайдалануды 
немесе ұялы телефоннан хабарлама немесе бала-
ны қорқытып, ұялту үшін сурет жіберуді айтады. 
Мектепте болған кибербуллинг жайлы хабарлаған 
екі бала да жағымсыз суреттер жіберу үшін (не-
месе қыздардың бірі осы қыздың масқарасын 
шығарып, қорқыту үшін хабарлама жіберу үшін) 
интернетті пайдалануға қыздардың қатысқанын 
айтқан. Осы екі баланың айтқанындай: 
«9-сыныптың оқушысы 10-сыныптың оқушысы 
– қыз балаға сес көрсеткен. Оған себеп ер 
бала болған екен. 9-сыныптың оқушы қызы 
10-сыныптағы оқушы қыздың атынан «Мой 
мир» әлеуметтік желісіне тіркеліп, өзгелерін 
достасуға шақырған. «Мой мирға» жүктелген 
суреттер сұмдық еді, 10-сыныптың оқушысының 
масқарасы шықты» [252]. 
«Агент» (mail.ru-да) әлеуметтік желіде хат 
жазысып тұрамын. Жоғары сыныптың оқушысы 
жыныма тиді. Ол мені тіпті үйден де іздепті. 
Сосын бұл жайды мен тәтеме айтып бердім, бұл 
мәселе өз-өзінен шешілді. Бұл осы жылы бір рет 
болған жай еді» [238]. 
Кемсітушілік
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде 3,0% 
бала жас балалардың қыз бала болғанына, 
әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ұлтына 
немесе мүгедектігіне байланысты кемсітушілікке 
ұшырағанының көрінісіне куәгер болған. Осыған 
орай 2,0% бала мектепте осындай кемсітушіліктің 
құрбаны болғанын хабарлады. Әңгіме жүргізу ба-
рысында балалар өзге балалар сыныптастары ал-
дында баланы кемсіту үшін психологиялық және 
физикалық зорлықты пайдаланатынын айтты. 
Төменде келтірілген цитаталарда балалар басқа 
балалармен салыстырғанда мектепте оларды 
қалай кемсітетінін айтады, олардың кедей екенін, 
жұпыны киінгенін бетке басатынын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет