Төбемнен жай түскендей болды. Бұл биылғы оқу жылында болды» [379]. Балалар мектепте өзге балалардан ақша бопса-
лап қана қоймайды, кейде олар басқа балалар-
ды ұялы телефон, киім-кешек сияқты жеке зат-
тарын алып қояды. Кей жағдайларда олар тіпті
асханадан сусын мен тамақ сатып алып беруге өз
ақшаларын жұмсауды талап еткен.
«Жоғары сыныптың баласы мектеп асхана- сынан тамақ пен сусын алып бер деп менің сы- ныптасымды мәжбүрлейтін. Ол әлгі балаға ақшам жоқ, ештеңе сатып алмадым дегенде оны сабақтан кейін бір-екі рет ұрып кетіпті. Ол маған айтты. Бұл – екі апта бұрын болған жағдай. Егер оларға бүгін ештеңе сатып ала ал- маймын десең, олар бүгінге және ертеңге ақша алып кел дейді» [193]. «Біздің мектептің балалары жаман. Сондықтан олар үнемі бір-бірімен төбелесіп жүреді. Дауласады да жатады және мұғалімдердің сөзін тыңдамайды. Тіпті мұғалімдердің өзін ұрған жағдайлар да болды. Мен 8-сыныптың баласының бір баладан күртешесін тартып алып жатқан жерін көрдім. Бұл жақында болды, бір- екі апта бұрын болған жай» [255]. «Бізге темекі сатып алуға әмір берілген және жеке заттарымызды тартып алып, ақша та- лап еткен жағдайлар болды. Бұл бір апта бұрын болған жай еді. Мұндай жағдай жиі болып тұрады: аптасына бір рет. Олар жай қолмен ұрады, ал сосын қолдарында не болса, сонымен ұратын болды» [236]. Жыныстық сипаттағы ишаралар мен қысым
көрсету
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде 4,0%-
ы мектепте жыныстық сипаттағы ишаралар мен
қысым көрсетуге куә болғанын хабарлады және
3,0% бала өзге мектептің оқушылары тарапы-
нан жыныстық сипаттағы ишаралар мен қысым
көрсетулердің құрбаны болған. Көп жағдайда мек-
тепте ер балалар тарапынан қыз балалар жыныстық
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге ұшырап
жатады. Бір баланың айтқанындай: «ер балалар
қыздарды мазақтап, ат тағады» [137]; ал басқа
екі баланың толықтыруы бойынша: «ер балалар
қыздарды аяғынан шалып, оларды итеріп, жеке
заттарын тартып алады» [125 ] және «ер балалар
қыз балалардың құйрығынан шапалақтап ұрады»
[136]. «Бір рет ұл бала менің құйрығымнан ұстап
алды, сондай жиіркенішті еді, қатты ұялдым», –
деп түсіндіреді бір қыз бала [137].
«Иә, олар мені дөрекілікпен ұстап алып, ары-бері жұлқылады. Қолдарым көгеріп қалды. Ұл балалар қыздарды келеке етіп күледі, оларды ренжітеді. Олар қыз баланы итереді, сосын басқасы итереді, сонымен бәріне қызық, ал қыз балаға бұл қызықсыз» [294]. Жоғарыда келтірілген мысалда айтылғандай,
кейбір жағдайларда жыныстық сипаттағы иша-
ралар мен қысым көрсету шынымен жүзеге асып,
жыныстық жақындасулардың (қыз балалардың
сексуалды органдарына) барын көрсетеді және
«қыз балаларды аяқтан шалып, етегінен тар-
тады; сенің арық болғаныңа олар күледі, бұл,
әрине, жан ауыртатын жағдай» [28]. Бір баланың
айтуынша, «мына бала қыздарға тиіседі, тіпті
аяқтары мен кеудесіне де» [140]. Ал басқа бала
былай дейді: «Біздің ұлдар қыздарға тиіседі, тіпті
қыздарды ұстап алып, омырауына қол тигізеді,
жүгіріп бара жатып құйрығынан шапалақтап ұрып
кетеді. Мұндай жағдай қыздардың басында күнде
болады» [94]. Өз мектептерінде ұл балалар тара-
пынан қысымға ұшыраған бес бала жыныстық
53
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге тап
болғанын айтты.