63
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қансырап жәбірленген балалар туралы айтады.
«Бір ұл екіншісінің мұрнын бұзды, оның мұрнынан
қан кетті». [272]
«Оның мұрнын бұзып, жейдесін жыртты». [250]
«Мен есімнен тандым. Көп қан жоғалттым; ау-
руханада емделдім». [379]
«Менің қолдарым шығып кетті». [42]
«Мен өз қолымды сындырдым, сүйектері шыты-
нады. Маған таңғыш салды». [387]
Кейбір зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
балалар дем ала алмай қалды немесе алған
жарақаттары мен зақымдарына байланысты
бірталай уақыт естерінен танып қалып жатты. Бір
бала оны былай түсіндірді: «Мен талып түстім»
[394]. Басқа балалар былай толықтырды:
«Менің кеудемнен ұрды, сосын дем алу қиын болып
қалды». [402]
«Ол есінен танып құлады да мұрнынан қан
кетті». [285]
«Олардың біреуі ұрып-соққаннан есінен танып
қалды; ал ұрған баланың қолынан қан ақты». [126]
Бірнеше бала сондай-ақ басқа тиген соққыларды,
құлап түсу және баспен құлауды, мидың
шайқалуын қоса алғанда, жәбірленген балалар
алған бас жарақаттары туралы да айтты.
«Оған зақым келтірді және оның басы мен қолдары
көгеріп кетті. Ол басымен соғылды». [262]
«Оны басынан ұрды. Оның беті ісіп кетіп, көгерді
және жейдесі жыртылды. Ол бір апта бойы мек-
тепке бармай жүрді». [257]
«Ол құлап түсіп басын үстелге соқты. Одан қан
кетіп, ауруханаға алып кетті. Миы шайқалған».
[54]
Жоғарыда берілген үзінділерде көрсетілгендей,
барынша ауыр дене жарақаттарын алған
жәбірленген балалар өздерінің дене
жарақаттарына байланысты бірнеше күн және
апталап сабаққа бармаған. Екі бала былай дейді:
«Оның киімдері бүлініп жыртылды, ал беті
көгеріп кеткен және ол бір апта бойы мектепке
Достарыңызбен бөлісу: