Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет38/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

тиіспейді. Менің достарым маған бұдан былай 
тиіспеуі үшін оны қалай теуіп жатқанымды 
көріп тұрды». [229]
«Мен өзімді әлдекімнің қандай да бір қорлауына 
жол беретін адам емеспін. Ол мені бір рет ұрды 
және мен де оны бетінен екі рет ұрдым. Енді мені 
ешкім қорлай алмайды, себебі мен өзімді қорғай 
аламын». [158] 
Айыптылар мектептегі зорлық-
зомбылық туралы айтады
Балалармен жүргізілген сұхбаттың мақсаты 
олардың мектептегі басқа балаларға жасаған 
зорлық-зомбылық әрекеттері туралы білуді 
көздеді. Балалардың мектепте психологиялық 
және физикалық зорлық-зомбылық әрекеттерге 
баруына басым мән берілді, бірақ кейбір бала-
лар мектепте ақша не басқа заттарды қорқытып 
тартып алу, сексуалдық мағынадағы сөздерді 
айту, қысымшылық көрсету мен кемсітудің бар 
екені туралы айтты. Сұхбат жүргізілген 402 
баланың арасында көбісі (55,0%) мектеп-
те өздерінің қандай да бір зорлық-зомбылық 
әрекеттерді жасамағандарын мәлімдеді; де-
генмен, балалардың 45,0%-ы мектептегі 
әртүрлі зорлық-зомбылық әрекеттері туралы 
әңгімеледі. Бұдан басқа, балалардың 34%-
ы мектепте зорлық-зомбылық әрекеттерін 
жасаған кезде өздерінше әрекет еткендерін, 
ал 20%-ы балалар тобымен бірге әрекет 
еткендерін айтты.
Күш қолдану
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында, 
38,0%-ы (3-тен 1-і) мектепте басқаларға күш 
қолданғандарын және балалардың кемінде 
10,0%-ы басқа балалардың өздеріне қарсы 
зорлық-зомбылығынан қорғану үшін ғана күш 
қолданғандарын айтты. Кейбір балалар үшін 
мектепте басқа балаларға қарсы күш қолдану 
тек қана ермек болған. Шынында да, төменде 
берілген дәйексөздерде екі бала келемеж-
деу үшін мектепте күш қолданғандары туралы 
айтқан. 
«Мен кішкентай балалар келе жатқанла олар-
ды аяғынан шалып құлататынмын, маған сон-
дай кезде күлкілі болатын. Бұл біздің мектепте 
кеңінен таралған. Кішкентай ұлдар өздерінен 
кішілерді шалып құлатады. Бұл ойын сияқты. 
Тек жылауықтар ғана жылайды. Кімнің нағыз 
еркек емес екені бірден белгілі болады». [16]
«Мені ұрмайтын. Мен кімге болса да тілімді 
тигізіп, ұрып, күлдіру үшін аяғынан шалып 
құлататынмын. Мен мұндай әрекеттерді жиі 
жасадым. Күн сайын дерлік, ал егер мен бұлай 
жасамасам, көңілсіз болар еді. Жоқ, мен қатты 


65
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
ұрмаймын, шамалап қана, бірақ көгертпеймін. 
Менің командам немесе тобырым бар, бізді 
мектепте сыйлайды, ал кейбір оқушылар 
бізден қорқады. Иә, мектептегі балалар менен 
қорқады». [132]
Басқа балалар ашулы болғандықтан немесе 
көңіл-күйлері болмағандықтан, мектепте күш 
қолданғандықтарын айтты.
«Көңіл-күйім болмаған кезде мен 5-сыныптың 
баласын ұрдым. Достарыммен бәстесіп, жеңіліп 
қалғандықтан, көңіл-күйім қатты бұзылып, 
ашуландым. Біздің жай ғана кімнің күштірек 
екенін білгіміз келді. Мен өз сыныбымның баласы-
мен төбелес бастадым». [42]
«Мен ашулы болғандықтан, бір баланы ұрдым. 
Ол 3-сыныптан еді. Мен қатты ашулы едім. 
Бұл таза төбелес болды, біз компьютер ойы-
ны бар дискіге таласып, келісе алмадық. Мен 
өз сыныбымның баласымен төбелестім. Ол осы 
дискі үшін төбелес бастады». [17]
«Мен асханаға келе жатқанда, бір бала мені 
итеріп жіберді. Біз төбелесе кеттік. Бұл 
қыркүйектің ортасында болды. Бұндай кейде 
болады, бірақ жиі емес. Бұл бір балақай бола-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет