Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет35/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Бұл өте қынжылатын әрі жексұрын көрініс еді. 
Мен басқа қыздар менімен ендігәрі достаспайтын 
болады деп қорықтым. Мен тіпті жыладым. Мен 
бұдан да жаман болады деп қорықтым». [328]
«Мен қорықтым, басқа балалардың алдында ұят 
болды». [351]
«Әрине, маған қорқынышты. Менің ондай до-
старым жоқ әрі маған ешкім болыспады. Әрине, 
менің өш алғым келеді, бірақ қалай? Маған бұдан 
да жаман болады ғой». [115]
Мектепте жыныстық сипатта пікір білдіру 
мен қысымшылық көрген қыз балалар өздерінің 
жыныстық виктимизациямен байланысты ұят 
пен масқаралық сезімдері туралы айтты.
«Ер балалар мені ұстағанда және түрткен кез-
де, мен ұяламын және өзімді ыңғайсыз сезінемін». 
[94]
«Мені егер ер балалар қолдарымен ұстаса, мен 
қатты ұялатын едім… Олар маған жанасқан 
кезде ұялғанымнан менің жаным ауыратын еді. 
Маған ыңғайсыз болатын, ұялдым әрі өкпелі едім. 
Мен олардан өш алатындай соншалық күшті 
емеспін». [92]
«Ұят, қорлық және былғаныш – жан түршігерлік 
сезімдер». [81]


62
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Кейбір жәбірленген балалар қатты қорыққандықтан 
тіпті мектепке барғылары келмегендіктерін айтты 
және кей балалар тіпті өздеріне зорлық жасағандар 
оларды тыныш қалдыру үшін топтарға кіру не-
месе қарақшылық топтарға қосылу мүмкіндігін 
қарастырғандарын айтып берді.
«Мен өзімді жаман сезіндім, сондықтан мектеп-
ке барғым келмеді. Мен қандай да бір қарақшылық 
топқа кіру туралы ойланамын, олар сонда маған 
тиісе алмайды». [321]
Басқа балалар басқа мектепке ауысу туралы не-
месе оларды ренжіткендердің басқа мектеп-
ке ауысқандарын қалайтындықтарын айтты. 
Балалардың бірі былай айтты: 
«Мен жай ғана 
оның басқа мектепке ауысқанын қаладым және оны 
бұдан былай көргім келмеді». [370]
Жалпы, жәбірленген балалар мектептегі 
зорлықтың өздерінің мектепте қауіпсіз болу 
сезіміне әсер ететінін айтты. Олар зорлық пен 
виктимизацияның болмағанын қалайды, өздерін 
зорлық-зомбылықтан “зардап шеккен” ретінде 
сезінеді және өздерінің қайталанатын зорлықты 
тоқтатар тәсілдері жоқ екенін сезінеді. Бір бала 
былай деді: «Мен қатты қорықтым және жай ғана 
бұның біткенін қаладым» [325]. 
Денені зақымдау
Жәбірленген балалардың 9,0%-ына дейінгілері 
теріс эмоционалдық көңіл-күй әсерінен 
басқа, өздерінің дене жарақатын алғанын 
және мектептегі зорлық-зомбылық куәгерлері 
зорлық-зомбылық құрбандарының 13,0%-ы 
дене жарақаттарын алғанын айтты. Мектепте 
зорлық-зомбылықтың куәгерлері болған ба-
лалар және золық-зомбылықтың құрбаны 
болған балалардың өздері мектептегі зорлық-
зомбылық салдарынан алған дене жарақаттары 
туралы әңгімелеп берді. Кейде дене жарақаттары 
жеңіл-желпі болған (мысалы, тырнау, көгеру, 
көз астының көгеруі және мұрыннан қан кету), 
бірақ көп жағдайларда балалар барынша ауыр 
дене жарақаттарын алған (мысалы, бастың 
зақымдануы және сүйектердің сынуы).
Төменде берілген үзінділерде балалар тырнақтың 
ізі, дененің көгеруі, көздің көгеруі, мұрыннан 
қан кетуді қоса алғанда, мектептегі зорлық-
зомбылықпен байланысты елеусіз жарақаттар ту-
ралы айтады. 
«Олардың кейде мұрындарынан қан кетеді және 
көздерінің асты көгеріп тұрады». [358]
«Төбелестен кейін менің досымның бетінде 
тырнақтың ізі қалды және менің де көзімнің 
асты көгерді». [233]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет