61
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жасалған зорлық-зомбылыққа көңілдері
босағанын және жылағандарын айтты. Бір бала
былай деді: «Олар мені жылауға дейін апарды»
[79]. Екінші бала былай толықтырды:
«Мен ашу-
ланып, долдандым және көңіл-күйім бұзылды. Мен
жыладым, сосын көңілсіз болды»
[201]. Бұдан өзге,
басқа екі баланың айтқаны:
«Мені тілдегенде өзімді қорланған, жәбірленген
және кем адам сезінемін; бұл жанымды жаралай-
ды, бірақ мен бұған мән бермеуге тырысамын».
[265]
«Мен өте қатты ренжідім әрі кейде үйде жылап
аламын. Ұят болды. Менің оны ұрғым келді, бірақ
ұрмадым. Мен одан қорықтым». [217]
Жәбірленген кейбір балалар оларды өздерін
қорлаған баладан (балалардан) өш алғылары
келгенін, соншама ашуланып және қапаланғанын
айтады. Алайда, көп жағдайларда жәбірленген
балалар өздерін ренжіткендерден өз күштерінің
немесе дене өлшемдерінің немесе оларды
ренжітушілермен салыстырғанда қабылдағыштық
күштерінің жетіспеушілігінен өш алмады. Кейбір
жәбірленуші балалар түсіндіргендей:
«Менің өш алғым келді, бірақ олай еткен жоқпын,
себебі ол маған ойына келгенін тағы да жасайтын
еді. Мен қатты ұялдым әрі ызаландым. Менің оны
ұрғым келді, бірақ оны ұрмаймын.». [392]
«Мен соншалық ашуландым және оны ұрғым
келді, бірақ ол менен ірі». [385]
«Мені “моңғол” немесе “қысық көз” деп атағанда,
маған ыңғайсыз. Менің өш алғым келді, бірақ мен
жай ғана жауап ретінде ұрыстым да қашып
кеттім. Ол жоғарғы сынып оқушысы, сондықтан
мен онымен төбелесе алмаймын». [213]
«Мен қатты ызаландым. Әрине, менің өш
қайтарғым келді; маған осыны жасаған ұлдың
өзі сондайды сезінуі тиіс. Егер мен солай жасай
алсам, оны өзім немесе достарыммен бірге ұрып-
соғамын. Мен қатты ызаландым, ал 2–3 күн
қаһарыма міндім». [357]
«Менің бойымды ашу-ыза билеп, қаһар қысты. ,
Оның да мен сияқты жан ауруын сезінуі үшін тән
жарақатын салғым келді». [294]
«Маған ешкім де көмектесе алмайтындай
қорқынышты әрі қынжылушылық болды. Мен
қарымта соққы бере алмағандықтан, өзіме ашу-
ландым. Иә, әрине, өш алғым келеді». [353]
Көптеген балалар ашу-ыза сезімінен гөрі сондай-
ақ қорқыныш пен жалтақтық туралы айтты.
Бір бала былай деді:
«Мен ашулы әрі үрейлі бол-
дым» [375].
Екінші бала былай мәлімдеді:
«Мен
қорықтым және олардың мені ұрып-соғатыны
зәремді ұшырды»
[342]. Жәбірленген балалар
үшін қорқыныш өте шынайы. Мектепте көрген
озбырлықтары оларды өздерін ренжіткендерден
қорқуға және өздерін әлсіз сезінуге мәжбүр
етеді. Кейбір жәбір көрген балалар өздерінің
сондай-ақ қорғайтын достары болмағандықтан
қорыққандарын, ал басқа балалар өздерінің сы-
ныптастары оларды ренжітушілердің өздері және
өздеріне істегендері туралы айтып қойғаны үшін
жақсы көрмейді деп қорыққандарын айтып берді.
Достарыңызбен бөлісу: