54
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
оның анасының жұпыны киінгенін көріп одан бе-
тер оны мазақтап күлді. Тіпті оның ең жақын
құрбысы жаңағы балалардың жағына өтіп, оны-
мен достаспайтын болды» [109].
«Біздің сыныпта апалы-сіңлілі оқушы қыздар
бар. Өзгелерге қарағанда жағдайы төмендеу.
Басқа оқушылар оларды мазақтап күледі, дау-
ыс көтеріп ұрсады, олардың ата-анасына да ат
тағады». [392]
«Бірде балалар сыныбымыздағы бір қызды
келемеждеді. Олар оған тас атты. Қыз бала жы-
лап қалды. Оған ат тағып, жеке заттары мен
түріне бола жынына тиетін сөздер айтты. Бұл
жақында, сабақтан кейін болған жағдай». [344]
«Мені гимназияда бәрі ат тағып, мазақтады,
итеріп жіберді, ұрып-соқты. Олар маған үнемі
түрімнің жаман екенін және жаман киінетінімді
бетке басып айтатын.». [159]
Сонымен қатар өз сыныптастары тарапынан
мүмкіндігі шектеулі балалардың кемсітілетінін ба-
лалар жасырмай айтты. Бір баланың айтқанындай:
«Мен өз жасынан бойы кішкентай бір ұл баланы
білемін. Оған бәрі жаман қарайды. Оның сынып-
тастары ашуына тиетін және оның «қортық»
деп мазақтайтын. Одан ақша бопсалайды. Олар
өздерін қорғай алмайтын балаларды таңдайды…
Мұндай жағдайға өз басым былтыр куә болдым,
бұл әдетте жиі болып тұрады» [250].
«Менің тілімнің мүкістігі бар. Кейде мен бір
нәрсені дұрыс айтпасам, бәрі мені мазақтап
күлгенде қамығып қаламын. Бұл – күнде болатын
жай, әр екі-үш күнде болады»[188].
Сонымен қатар кейбір балалар өздерін «ұлтына
бола кемсітіп, жазғыратынын» айтты [187].
Мысалы, бір баланың айтуынша: «Олар мені
«өзбек» деп мазақтайды. [204]. Осыған орай
бірнеше орыстың ұл-қыз балалары қазақ балала-
ры оларды кемсітетінін айтты. Ал бірнеше қазақ
баласы орыстың балалары ашуына тиетінін айт-
ты. Осыған қарамастан, осындай жағдайдың аз
да болса, болып тұратынын кейбір балалар айтты.
«Бізде кей жағдайларда орыс балалары біреуді
«моңғол» деп мазақтап, төбелес бастап кетеді.
Әдетте киініп-шешінетін жерде болады. Сосын
басқа балалар да төбелеске қойып кетеді [213].
Қорлау
Қорыта айтсақ, жоғарыда келтірілген жай-
лар кем дегенде балалардың 36,0%-ы (үштен
біреуі) мектепте күш көрсетуге тап болғанын не-
месе кемсітушілік көргенін көрсетеді, ал өздері
жәбірге ұшырағандарын айтады (1.1 шеңберін
жәбірлеуді анықтау үшін 1-бөлімнен қараңыз).
Басқаша айтқанда, олар басқа балалар тарапы-
нан бір емес, бірнеше рет агрессивті және дөрекі
мінез-құлықтың құрбаны болған. Көп жағдайда
кішкентай, жас балаларды оларға қарағанда
ірілеу, жасы үлкен балалар жәбірлейді. Төменде
келтірілген мәліметтерге орай, бұзақыларға кел-
сек, жеке балалар да және балалар тобы да бо-
луы мүмкін.
«Мен күштеуге тап болдым. Бір бала мені үнемі
мазақтайды. Ол жайдан-жай келіп мені ұрып
кетеді немесе теуіп жібереді. Бұл осы жылы
болмап еді, ал өткен жылы жиі болып тұрған
жағдай еді. Өткен жылы апта сайын осылай
болатын еді. Егер тебу немесе шертпек шерту
физикалық ауырсыну болса, онда ол менде бол-
ды. Бұл бала үзіліс кезінде жақындап келіп, ұрып
кететін. Тек маған ғана емес, өзге балаларға да
Достарыңызбен бөлісу: