Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет26/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

өткен оқу жылында күнде болып тұратын 
еді. Олар бір топ достар еді, арсындағы біреуі 
белсенді болды. Мен өте бақытсыз болдым, бірақ 
мен оларға жауап қайтармайтын едім, өзімді 
сабырға шақыратынмын» [55].
«Олар мені менің семіздігім үшін мазақтайтын. 
Мұғалімдер бұған мән бермейді. Мен жылай-
тынмын. Мен өзімнің семіз болғаным үшін 
ұялатынмын. Олар мені бастауыш сыныптан 
жоғары сыныпқа дейін мазақтап келді. Қазір 
кейде ғана айтады» [336].
«Қазақ балалар мені орыс болғаным үшін, қазақ 
тілін дұрыс білмегенім үшін келемеждейтін. Бірақ 
мен қазақ тілінде жақсы сөйлеймін. Бір күні мен 
өз сыныбымдағы бір баламен мені келемеждегені 
үшін төбелесіп қалдым. Бұл оқиға өткен аптада 
болған еді» [265].
Қыздар кейбір қыздардың намысына тиіп, абы-
ройын шашу үшін «әлеуметтік мазақтаумен» 
айналысатынын жиі айтатын. Кейбіреулері 
басқа қыздардың сыртынан өсек айтып, басқа 
қыздармен араласпауы үшін араларына от сала-
тын. Төменде көрестелетін дәйектер қыздар ара-
сында жиі кездесетін психологиялық қысымның 
бір түрі екенін көрсетеді. 
«Бір қызбен арамызда түсініспеушілік болды. Ол 
мені жамандайтын, ол маған ұнамады. Ал қазір 
бәрі дұрыс» [368].
«Менің сыныптасым құрбым екеуміздің арамыз-
ды ашпақшы болды. Ол менің атымнан менің 
құрбыма неше түрлі жаман сөздер жазып, 
балағаттап хат жазып жіберіпті. Бұл қыркүйек 
айында болған еді. Менің құрбым маған мектеп-
тен кейін сыртқа шығып түсіндіріп беруімді 
сұрады. Мен оған алдымен жақсылап сөйлесіп, 
шындықты анықтау керектігін айттым. Біз 
әңгімелесіп, бәрін түсіндік, менің құрбым ана 
қызға емес, маған сенді. Ана қыз бізден келіп 
кешірім сұрады. Біз төбелеспедік» [109].
«Әрине, бір қыз мені мазақтайтын, тіпті итеріп 
те жіберетін. Кей қыздар мұндай әрекеттерін 
астыртын жасайтын, үлкендер болса, жыми-
ып сыпайы сөйлесетін. Ал үлкендер жоқ кезде 
дөрекі сөйлесіп, басқаларымен қақтығысатын. 
Бұл мен басқа сыныпқа көшкен жылы, былтыр 
болған еді. Олар мені алғашқыда келемеждеп, 


51
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мазақтайтын. Маған күлетін, барлық қыздар 
менімен сөйлеспейтін, менімен бір партада 
отырғылары келмейтін. Олар мені ұрған емес, 
тек мазақтап, қорлайтын. Барлық қыздар мені 
келемеждеп, сыртымнан өсектейтін» [65].
«Кейбір қыздар маған тыныш сабақ оқытпайды. 
Олар мен туралы, басқа қыздар туралы түрлі 
өсек таратады. Бұл жиі қайталанады, ап-
тасына бір рет болады, мен бұдан шаршадым. 
Апта сайын оларға мен ешнәрсе айтпаймын. 
Олар мені ұрмайды, бірақ мазақтайтындары 
туралы біреуге айтсам, ұратындықтарын 
айтып, қорқытады. Олар бір топ қыз, ара-
сында өздерінің бір белсендісі бар. Олар оны 
тыңдайды, ылғи да қолдайды. Бұл өте ренішті, 
өйткені олар маған басқа оқушылардың көзінше 
ұрсады. Біздің жанжалымыз жалғасуда. Мен не 
істерімді білмеймін, мүмкін басқа мектепке ау-
ысып кетермін…» [61]. 
Қорқытып ақша алу
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде 20,0%-
ы (5-тен 1-і) бала мектептегі балалардан 
ақша тартып алып жатқанына куәгер болған 
және 9,0%-ы бопсалаудың құрбаны болғанын 
хабарлаған. Физикалық күш көрсету туралы 
өткен бөлімде мектептерде балалардан ақша 
бопсалайтын балалар жайлы және физикалық 
күш көрсету мен ақша бопсалаудың арасындағы 
байланыс туралы ақпарат ұсынылған. Осы 
бөлімде физикалық күш көрсету мен ақша 
бопсалаудың өзара байланысы жөнінде және 
мектепте балалардан ақша бопсалайтын 
балалардың мәселелері турасында қосымша 
мәліметтер келтіріледі (сауалнамаға қосылған 
ақша бопсалаудың өлшемі жайлы ақпарат алу 
үшін 3.13-кестені қараңыз). 
Ақша бопсалау жайлы айтқан көптеген бала 
өзге балалардан ақша бопсалайтын бала-
ларды қорқыту үшін және балалардың өз 
ақшасын оларға тез беруі үшін психологиялық 
және физикалық қысым көрсету тәсілін жиі 
қолданатынын көрсеткен. Кейбір балалардан 
аптасына ең аз дегенде екі-үш рет ақша бопса-
лайтын балаларға ақша беріп тұратын жайлар 
күтіледі. Кей жағдайларда балалар тіпті «сынып-
тастарымнан ақша талап етуге мәжбүрлейді, егер 
мен ақша әкелмесем, олар мені өлтіретінін айт-
ты» [209]. 
Өздерін бопсалаушыларға балалардың ақшасы 
болмай қалған кезде олар жиі физикалық 
соққыға жығылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет