Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет39/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

тын. Мен ашуланып, оның сазайын бергім келді. 
ол мені бірінші болып ұрды. Біз бір-бірімізді ұрып 
тастадық». [112]
Бұдан басқа, көптеген балалар өздерін сынып-
тастары қорлап, мазақтап немесе ренжіткені 
үшін жауап ретінде күш қолданып, зорлық-
зомбылыққа жүгінгендері туралы айтты. Алайда 
мұндай жағдайларда бұл міндетті түрде өзін-
өзі қорғау болып есептелмейді, себебі қарымта 
ретінде күш қолданып, зорлық-зомбылық 
көрсетуді мазақтаумен және қорлаумен өлшеуге 
келмейді.
«Мен бір ер баламен төбелестім. Ол мені 
мазақтап, итерді. Мен оны кітаппен ұрдым. 
Маған бір қыз көмектесті. Ол да оны кітаппен 
ұрды». [11]
«Мен сыныптасыммен төбелесе бастадым. Оған 
тіл тигіздім, екеуміз төбелестік, бірақ қатты 
емес. Біз бір-біріміздің мұрнымызды бұздық та, 
үйге қайттық». [22]
«Иә, менің сыныптастарыммен бірге төбелеске 
қосылған жағдайларым болды. Мен өзімнің сы-
ныптасыммен мені тілдеген соң төбелесе баста-
дым». [301]
Ақырында, кейбір балалар мектепте басқа 
балаға қарсы күш қолданып, зорлық-зомбылық 
жасағандарын айтты, себебі ол олардың 
досының/құрбысының дәптерін алып, үй 
жұмысын көшіріп алуға тырысқан.
«Менің 5 не 6 сыныпта бір қызбен төбелескенім 
есімде. Ол ұқыпты болатын, маған күлетін, содан 
соң біз төблестік. Ол маған өзінің үй жұмысын 
көшіріп алуға бермейтін және маған күлетін, со-
дан мен оны ұрып жібердім. Бәрі жай ғана қарап 
тұрды, ешкім араласқан жоқ». [34]
«Мен кеше сыныптасыммен төбелесіп қалдым, 
өйткені ол үй жұмысын көшіріп алу үшін менің 
дәптерімді алды, мен сосын дәптерімді бермей, 
төбелестік. Сыныптастарымыздың жарты-
сы жай ғана қадағалап тұрды, содан соң біреуі 
мұғалім келе жатыр деп айқайлаған соң, біз 
орнымызға жүгіріп кеттік». [149]
Бір бала өзін бір күні мұғалімнің сыныпқа бас-көз 
болуға тастап кеткенін және сабақтан қашып кеткісі 
келген сыныптасына қарсы күш қолданып, зорлық-
зомбылық көрсетуге тура келгенін түсіндірді.
«Мен сыныптасымды ұрдым. Еңбек сабағының 
мұғалімі мені сабақта сыныпқа бас-көз болуға 
қалдырды, ал оның мені тыңдамай сабақтан 
қашып кеткісі келді. Ол мені тыңдамағандықтан, 
менің оны ұруыма тура келді». [21] 
Өзін-өзі қорғау мақсатында күш қолдану
Жоғарыда айтылғандай, сұхбат жүргізілген 
балалардың кемінде 10,0%-ы басқа баланың 
немесе балалардың күш қолданып, зорлық-
зомбылық көрсетуінен қорғану үшін күш 
қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткендерін 
айтты. Бір бала былай деп түсіндірді: «Мен өзімді 
қорғау үшін жәбірлеушіге қарымта қайтардым» 
[370]. Сонымен қатар, басқа балалар өздерін-
өздері қорғау мақсатында күш қолданып, 
зорлық-зомбылық жасағандарын айтты. 
«Мен ешқашан төбелесті бірінші болып бастаған 
емеспін, бірақ егер кімде-кім тиісетін болса, 


66
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық көрсеткендерін немесе сөзбен 
қорлағандарын айтып берді.
«Бұл кейде болады. Мен басқа қыздарды 
әжуалаймын. Мен оларды ақымақ деп айта ала-
мын. Басқа сыныптағы қыз өзін басқалардан 
артық секілді тәкаппар сезінеді. Ол менен және 
өзге қыздардан жақсы киінеді. Мен оны өзім 
мазақтаймын». [276]
«Мен мектепте қыздарды күлкіге айналды-
ратынмын және жаман сөздер айтатынмын; 
олар өздерін өздері өте ыңғайсыз жағдайға 
қалдыратын. Мен бұны маған ұнамайтын және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет