88
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
нысандарының мол жиынтығын қолданатыны
туралы хабарлады және 16,0%-ы балаларды
тәртіпке салу үшін үзілістерді (мысалы, бұрышқа
тұрғызу және сыныптан қуып жіберетін кезде)
пайдалантыны туралы айтты.
Кейбір балалар жа-
залар мен үзілістердің басқа да нысандары тура-
лы айтты.
«Егер біреу-міреуді қорлайтын болса, мұғалімдер
қатаң жазалап, екілік қояды және мектеп дирек-
торына немесе инспекторға апаруы мүмкін». [380]
«Егер 1-2 рет айтқаннан кейін балалар
тыңдамаса, онда баланы бұрышқа тұруға
мәжбүрлеуі мүмкін немесе кейде сыныптан қуып
жібереді». [362]
Қорытындысында, екі бала мұғалімнің өздерін
әртүрлі жұмыстарды орындауға мәжбүрлей оты-
рып жазалайтынын айтып берді.
«Олар бізді кешіккеніміз үшін мектепті ай-
нала жүгіруге мәжбүрлейді. Егер біз сабаққа
дайын болмасақ, еден жуамыз. Едендегі қара
жолақтарды ұстарамен кетіреміз. Олар
оқушының басына кітап қояды да, оқушы басы-
нан кітапты түсіріп алмауы үшін түзу отыруға
тиіс». [264]
Тән жазаларының себептері
Сұхбат барысында балалардан сондай-ақ
баланың дене жазасына ұшырауы үшін не істеуі
керек екенін және қандай балалардың мектеп
мұғалімдерінің немесе мектеп директорларының
жеке жазалау қаупіне ұшырағандарын
сұрадық. Сұхбат жүргізілген 402 баланың ара-
сында балалардың 55,0%-ы мұғалімдерді
тыңдамағандықтан немесе тыңдағылары
келмегендіктен немесе мұғалімдерге және басқа
оқушыларға құрметпен қарамағаны үшін басқа
балалардың жазаланғанын айтты; балалардың
17,0%-ы оқушылардың үлгермеушілігі үшін
жазаланғанын айтып берді және сегіз бала
балалардың отбасылық
жағдайына байланысты
күштеп жазаланғандарын айтты.
«Қадағаланбайтын, сабақтарда кедергі жасай-
тын, сотқар және басқалардың атына теріс
түсінік беретін балалар. Сондай-ақ үлгермейтін
балалар және қиын отбасыларындағы және қиын
жағдайларда тұратын балалар». [168]
«Сабақта өздерін нашар ұстайтын және
қатарластарына тіл тигізетін және
қатарластарын қорлап тіл тигізетін,
мазақтайтын және басқаларды кемсітетін ба-
лалар. Тыңдамайтын және мінезі қиын балалар
мен ата-аналарымен келіспеушіліктері бар бала-
лар және қызба балалар». [163]
«Жаман бір нәрсе істейтін балалар бірдемені
ұрлайды, біреуді ұрады және мектепті тастап
кетеді. Ата-аналары ішкіш, жағдайлары жоқ
отбасының, кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі
инспектордың есебінде тұрған оқушылар». [152]
«Егер кімде-кім алаңғасарланып, шулап,
мұғалімді тыңдамаса немесе үй жұмысын жа-
самаса. Әдетте, алаңғасар және үй жұмысын
жасамайтын әрі көп сөйлейтін ұлдар әрі оларды
мұғалімдер де жақтырмайды». [360]
«Егер сабаққа дайындалмасақ, шуласақ және
тыңдамасақ; онда олар біздерді ұрады». [353]
«Егер олар үй жұмысын жасамайтын болса, егер
шуласа, мұғалімдермен дауласса. Егер біреуде үй
жұмысы болмаса немесе егер ол ерке болса». [189]
«Егер кейбір оқушылар өздерін нашар ұстаса және
мұғалімді тыңдамаса, кейін мұғалім ұрсады. Егер
сен өзіңді нашар ұстасаң, олар ұрсады». [175]
«Өзін сабақта нашар ұстаса, қатарластарына
тіл тигізсе, оларды қорласа, басқаларын
мазақтап, келемеждесе. Тәртіпсіздік,
қызбалықпен және ата-аналармен байланысты
мәселелер және содыр балалар». [163]
Сегіз бала балалардың
өздерінің отбасылық
жағдайына байланысты күш қолданудың
құрбандары болғанын айтты. Бір бала былай
түсіндірді: «Мұғалімдер бізге бірдей қарамайды.
Олар оқушыларды отбасы байланыстары мен
отбасылық жағдайына байланысты бөледі»
[355]. Сол мектептің екінші оқушысы былай
толықтырады: «Мұғалімдер балаларды бай, ке-
дей және туыстар деп бөледі» [354]. Бұдан басқа,
басқа мектептің баласы айтады:
«Мен және бірнеше бала басқа ауылданбыз және
бізді әр күні мектепке көлікпен алып келеді.
Біз мұғалімдердің өзімізге басқа оқушыларға
қарағанда нашар қарайтынын байқадық. Олар
89
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
біздің бағаларымызды төмендетеді және бізге өз
оқушыларына қарағанда көп ұрсады». [94]
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға
қатысты сүйіспеншілік
3.26-кестеде балалардың 35,5%-ына дейін
(3-тен 1-і), сондай-ақ былтыр бір жыл бойы
мұғалімдердің мектептегі басқа балаларға
қарағанда кейбір балаларға сүйіспеншілік та-
нытатынын немесе оларға жақсы қарайтынын
байқағанын айтқандары көрсетілген. Осылайша,
балалардың бәрі мұғалімнің өздеріне бірдей
қарайтынын сезбейді.
Талдау балалар мектеп директорларының және
мұғалімдердің
тарапынан болатын зорлық-
зомбылық пен кемсітушілікке ұшыраған кез-
де демографиялық айырмашалықтар бола-
тынын анықтау үшін жүргізілді. 3.27- кестеде
ер балалар арасында (27,5%) қыз балаларға
қарағанда (20,1%), мектеп директорының
және мұғалімдердің тарапынан болатын
зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ха-
барлау ықтималдығының едәуір жоғары екені
көрсетілген (яғни, психологиялық және/неме-
се физикалық зорлық-зомбылық). Жыныстық
белгілері бойынша мектеп директорлары мен
мұғалімдер тарапынан болатын кемсітушілікке
қатысты айырмашылықтар болмаған.
Достарыңызбен бөлісу: