«Бір есалаң бала болды, ол төбелеске кірісіп
кететін және кез келген ұсақ-түйек үшін
оқушыға әр нәрсені – кітапты, тасты,
82
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
тұсбағдарды лақтыра салады. Біреу-міреу оған
“дұрыс” қарамаса да, оған сабақты көшіріп
алуға бермейтін. Ол тіпті мұғалімді боқтайтын
және оларға барлығын өлтіретінін айтып
қорқытатын. Кейін оны бір жерге ауыстырды,
мүмкін, басқа мектепке». [327]
«4-сыныпта менің сыныптасым нашар тәртібі
үшін басқа мектепке ауыстырылды. Ол
мұғалімдерге тіл тигізіп, оларды тыңдамады».
[325]
«Бір бала болды, 5-сыныпта оның тәртібі на-
шар болатын. Оны басқа мектепке ауыстырды.
Ол алаңғасарланып, мұғалімдерді тыңдамайтын
және сабақтарға келмейтін». [313]
«Мен мектептен шығарылған қызды көрдім.
Себебі ол шектен тыс жеңілтек болатын және
көп жаман нәрселер жасады. Ол қашанда
айғайлап ұрысып, оны мектептен қуатындай
нәрселер жасады». [255]
«Мен жоғары сыныптың ұлдарының қалай
төбелескендерін көрдім. Олар бірін-бірі ұрды. Мен
себебін білмеймін. Біреуінің мұрнынан қан кетті.
Кейін бұл туралы мұғалімдер біліп қалып, оларды
мектеп директорына жіберді. Сосын осы ұлдарды
мектептен шығарып жіберді». [242]
«Мен біреуін көрдім. Ол өзін нашар ұстайтын
және бәрінің мазасын алып, барлығына тиісетін.
Кейін оны мектептен шығарды». [236]
«Осындай біреу бар, ол мектепте жүріп
барлығына тиісетін, тіпті тебуге дейін баратын.
Мұғалімдердің барлығы оның нашар тәртібіне
шағымданатын, сосын оны басқа мектепке ау-
ыстырды, мен бірақ оның өзінің кеткенін немесе
оны қуып жібергенін білмеймін». [156]
«Жоғары сыныптың бір баласы болатын (9-сы-
нып), оны басқа мектепке ауыстырды. Ол
сабақтан көп қалатын. Ол мұғалімдермен ар-
палысатын және қатарластарына содыр болды,
барлығын ұрып, боқтайтын». [152]
«Мен әрқашан төбелесеті бастайтын бір баланы
білемін, соңында оны өзі сияқтылар оқитын мек-
тепке ауыстырып жіберді». [151]
«Мен біреумен төбелескен бір қызды мектеп-
тен шығарып, басқа мектепке ауыстырғанын
естідім. Бірақ мен нақты білмеймін». [141]
«Менің досымды жоғары сыныптың баласы ұрып-
соқты, біздің араша түскіміз келіп еді, күшіміз
келмеді. Ол оны қатты ұрды, менің досым жы-
лап қалды, ал мен ештеңе істей алмадым. Біз до-
сымыз екеуіміз полицияға жүгіріп бардық, бірақ
олар бізге мектепте өтініш жазуды айтты. Сол
баланың ата-анасы мектепке жүгірді. Оны мек-
теп инспекторына шақыртты және психолог
көмектесті. Төбелескен баланы басқа мектепке
ауыстырды. Таяқ жеген баланың анасы осыны
қалады». [71]
«Берекесіз отбасының баласын біздің мұғалімдер
оны түзете алмаған соң, интернатқа ауыстыр-
ды». [11]
Кейбір балалар өз мектептерінде балалардың
ұрлық жасағаны және басқа балалардан қорқытып
ақша тартып алғандары үшін шығарылғандарын
айтты.
«Менің сыныптасымды өткен жылы ұрлық
жасағаны үшін мектептен шығарып жіберді». [395]
«Басқа балалардан қорқытып ақша тартып
алған баланы шығарып жіберді». [295]
«Үнемі біздің мектепке біреулерді ауыстырып
жатады. Мен неліктен екенін білмеймін, бірақ
бір қызды ол басқа оқушылардан қорқытып ақша
тартып алғаны үшін ауыстырды». [157]
Кейбір балалар сондай-ақ аяқтары ауыр болып
қалып мектептен шығарып жіберген қыздарды
білетіні туралы хабарлады. Әртүрлі мектептің үш
баласы айтады:
«Аяғы ауыр болып қалған қыз болды және оны
мектептен шығарып жіберді. Бұл былтырғы
жылы болды». [252]
«15 жасар қызды оның аяғы ауыр болып
қалғандықтан, мектептен шығарып жіберді.
Мұғалімдер қызға ұрысып, мектептен шығарды».
[244]
«10-сыныпта бір қыз болатын, ол аяғы ауыр бо-
лып қалғандықтан, мектептен кетті». [110]
83
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Бір бала тіпті бір қызды оны бұрын барып
жүрген ауылында немесе мектебінде зорлап
кеткендіктен, қызды бір мектептен екіншісіне
ауыстырғаны туралы айтып берді.
«Бір қызды басқа ауылдан, басқа мектептен
ауыстырды. Ол бәріне өзін зорлағанын, сосын ол
жақтан кетіп қалғанын айтып берді, енді ол
біздің ауылдағы интернатта тұрады және менің
мектебіме барады». [90]
Кейбір балалар өздерінің мектептеріне “қиын ба-
лаларды” ауыстырғанын айтты; алайда “қиын ба-
лалар” келген кезде мектепте балларға зорлық-
зомбылық жасау басталды.
«Былтырғы жылы бір ұл басқа мектептен біздің
мектепке ауыстырылды. Оның достары серілер,
сондықтан одан оқушылар қорқады және оның
айтқанын орындайды. Мен сол мектепте оның
мұғалімдермен қиындықтары бар деп естідім». [115]
«Ал, біздің мектепте көбісі кетіп, ауысты;
кейбіреулері төбелестен, кейбірі өз еркімен.
Біздің сыныбымызда бір ұл бар, оны басқа сынып-
тан ауыстырды. Қазір ол барлығын шаршатып,
бәріне тиіседі. Кейде оның қойып жіберетіні де
бар». [308]
Балалар сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылық
құрбандары болғандықтан, бір мектептен
екіншісіне ауысқан. Бір бала былай түсіндіреді:
«Мен мектептерін ауыстырған оқушыны көрдім.
Оны біздің мектепті әуре-сарсаңға түсірді және
тыныштық болған жоқ; сондықтан ол шыдамай,
мектептен кетті» [257]. Осылайша, кейбір балалар
сұхбат беру сәтінде өздері оқыған мектептерінен
екіншісіне ауысқандарын айтып берді. Осы бала-
лар түсіндіргендей, олардың басқа мектептің ба-
лаларымен қақтығыстары болған; шамасы, олар
мектептегі зорлық-зомбылық жасаушы адамдар
емес, мектептегі зорлық-зомбылық құрбандары
болған.
«Мен басқа мектептен ауысып келдім. Менің ол
мектепе көптеген қиыншылықтарым мәселелер
болды. Қыз балалар арасында мәселе шештік. Біз
«меңзерді соқтық», бірақ ол қыздар келмей қалды.
Енді менің басқа мектепке баратындықтан, он-
дай мәселелер жоқ. Мен осы мектепке биыл ауы-
стым және маған осында ұнайды, мұнда жақсы».
[159]
«Мен осы мектепке келген кезде барлығы өзгерді.
Мұнда тыныш, менің достарым пайда болды.
[Зорлық-зомбылық] мен осында ауысқанша [осы
мектепке] 1-сыныптан бастап 6-сыныпқа дейін
және әлі күнге дейін жүйелі түрде болып тұрды.
Бұрын, әр күні мені осында жібергенде [басқа
мектепке], олар мені тыныш қалдырмайтын,
түрткілейтін және ұратын. Иә, мені ұрды. Олар
мені кезекпен ұрып, итеріп, боқтап қорлады.
Олар тобыр болатын. Олар мені қоршап тұрып
ұратын». [159]
Қорытындысында, бір бала өздерінің
мектептеріне “қиын балаларды” немесе жұқалап
айтқанда, «жүліктерді» ауыстырып отыраты-
нын айтып берді; бала, дегенмен, өздерінің
мектебінде балалардың тәртіпті екендерін айтты.
«Мен біздің мектептегі осындай жағдайлар
туралы білмеймін; керісінше, біздің мектеп-
ке басқа мектептерден үлгермейтіндерді және
«жүліктерді» ауыстырады. Бірақ олар біздің
мектепте өздерін жақсы ұстайды және біз олар-
мен татуласуға тырысамыз». [161]
Мектеп директорлары мен
қызметкерлер тарапынан болатын
зорлық-зомбылық және балаларды
кемсітушілік
Әлем бойынша көптеген мектептерде ди-
ректорлар және қызметкерлер мектепте ба-
лаларды тәртіпке келтіру және жазалау үшін
психологиялық және күш қолданудың (немесе
дене жарақаты) әртүрлі нысандарын жиі пайдала-
нады. Мектеп директорлары мен мұғалімдерінің
сондай-ақ балаларды олардың ұлтына, жынысы-
на, сыртқы келбетіне, әлеуметтік-экономикалық
мәртебесіне, дініне (дінге сенуіне) және/немесе
шектеулі қабілеттеріне (жеке немесе ақыл-ой)
байланысты кемсітуі мүмкін. Осылайша, сауал-
намалар мектеп директорлары мен мұғалімдер
тарапынан болатын зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліке ұшырайтын балалардың қандай
деңгейде сезінетінін анықтауға бағытталған
болатын.
3.24-кестеде мектеп директорлары мен
мұғалімдер тарапынан болатын балалар
арасындағы зорлық-зомбылық және кемсітушілік
84
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |