Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет51/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Мен анама төбелес туралы айттым. Анам: 
«Төбелесетін ұлдардан алысырақ жүр және ара-
ласпа» деді. [344]
«Мен анам мен әкеме айттым; мен ата-ана-
ма өзімнің қиындықтарым туралы үнемі айта-
мын. Менің ата-анам маған осындай жағдайда 
қалмау үшін абай болуымды қалайды». [314]
«Мен анама айттым, ол сосын маған олар-
мен араласпа деді. Анам мені ондай балалармен 
араласпауға үйретеді». [151]
«Мен үйде не болып жатқаны туралы айтпай-
мын да, бірақ ата-анам, негізінен, теріс көреді. 
Олар маған өзімді дұрыс ұстауым және ешкіммен 
ұрыспауым қажеттігін айтады». [119]
Мектепте зорлық-зомбылық көрген балалар 
сондай-ақ ата-аналарына өздерінің басынан өтіп 
жатқандары туралы айтты; дегенмен, ата-аналары 
балаларына берген кеңестер “бұзақылардан өзін 
алыс ұстаудан” бастап балаларды зорлық-зомбылық 
жасайтын адамдардан өздерін қорғауға және жауап 
беруге дейін айтарлықтай ерекшеленеді.
«Мен осы оқиғаны анама айтып бердім. Ол 
– менің ең жақсы көретін құрбым. Анам 
жағдайды түсініп, менің ол қызды елемеуге және 
араласпауға тиіс екенімді айтты». [370]
«Мен өз ата-анама айтып бердім және олар осы 
қызбен достас деп айтты. Олар маған сабырлы бо-
луды және оған назар аудармауды айтты». [368]
«Мен әкеме немесе анама айтамын, бірақ си-
рек. Әкем маған: «Өзіңді қорғауың керек, бірақ ең 
жақсысы ұстамды болып, бәрін бейбіт жолмен шеш. 
Ал содан соң ештеңе көмектеспесе, жұдырықты 
пайдалануды, бірақ ұрмай, оның қолын немесе аяғын 
ұстап тұруды, сол кезде қарсыласыңның сені өзінің 
жіберетінін» айтты. [308]
Одан басқа, жәбірленген басқа балалар өздерінің 
ата-аналарының мәселені шешу үшін мұғаліммен 
және/немесе мектеп директорымен кездесуге 
мектепке барғандары туралы айтты. Жәбірленген 
бір бала тіпті өзінің әкесінің оған қоқан-лоққы 
көрсеткен баланы қорқытқанын да айтты.
«Мен ата-анама айттым, сосын олар мектеп-
ке барып, мектеп директорымен сөйлесті, со-
дан соң сол баланың ата-анасын шақыртып бірге 
талқыға салды». [392]
«Мен анама айтып едім, ол бәрін әкеме жайып 
салды. Әкем мектепке барып, сол баламен және 
мұғаліммен сөйлесті. Енді ол маған тіл тигізбейді. 
Менің әкем егер осындай тағы қайталанса, оның 
тілін жұлып алатынын айтты». [217]
«Мен анам мен ағама шағымдандым. Олар мені 
құптап, анам тіпті мұғалімге келіп кетті, ал ол 
сол қыздармен сөйлесем деп уәде берді». [65]
Қорытындысында, бір бала анасының кеңесіне 
және мектеп директорымен бірлесіп мәселені 
шешуіне қарамастан, зорлық-зомбылықтың 
жалғасқанын айтып берді; сондықтан оның ана-
сы ақырында көшіп кетіп, өзін басқа мектепке 
ауыстырған. 
«Мен анама айттым. Алдымен ол маған бұған на-
зар аудармауды айтты, содан соң мектеп дирек-
торымен сөйлесті, бірақ бұл ештеңені өзгертпеді. 
Сондықтан біз осында көшіп келдік». [9]
Мектептегі зорлық-зомбылық куәлері және 
құрбандары болған балалар сондай-ақ мектептегі 
зорлық-зомбылық туралы ағасына немесе апасы-
на айтқаны туралы айтып берді. Көп жағдайларда 
балалар өздерінің туған үлкен ағаларына/апа-
ларына айтып берген, сондықтан егер олардың 
үлкен ағасы болса, мектептегі зорлық-зомбылық 
туралы үлкен ағаларына айтып берген. Балалар 
үлкен ағаларының зорлық-зомбылық жасаған 
адамдарға қарсы тұруға және зорлық-зомбылықты 
тоқтатуға көбіне жиі ниет еткендерін айтты. 
Төменде берілген дәйексөздерде жәбірленген 
балалар үлкен ағаларының араласқандары және 
оларды өкпелетушілерден қалай қорғағандары 
туралы әңгімелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет