3.19- кесте. Өзге индикаторлар және мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау бойынша қару
алып жүру (сауалнама жүргізу)
Іріктеме
N=4207
Мектеп аумағында
немесе одан тыс қару
алып жүрді
Қару алып жүрген
жоқ
n
%
n
%
Отбасындағы зорлық-зорлық тәжірибесі
55
34,2%
709
17,6%
Ата-анаға бауыр басу деңгейі төмен
22
13,5%
318
7,9%
Мектепке бауыр басу деңгейі төмен
19
11,7%
151
3,7%
Ашу-ызаға бейімі жоғары
89
54,6%
1 136
28,1%
Жеке содырлыққа бейімі жоғары
102
62,6%
1 151
28,5%
Мектептегі зорлық-зомбылық және балалар арасындағы
кемсітулер куәсі
133
82,6%
2 543
63,1%
Балалар тарапынан болатын мектептегі зорлық-
зомбылық және кемсітулер құрбаны
91
61,5%
1 789
45,9%
Мектепте зорлық-зорлық жасайтын және кемсітетін адам
101
62,0%
915
22,6%
Мектеп директоры және мұғалімдер тарапынан болатын
зорлық-зомбылық тәжірибесі
75
46,0%
924
22,8%
Мектеп директорының және мұғалімдердің тарапынан
болатын кемсітулер тәжірибесі
36
22,1%
229
5,7%
үйден қашып кету
22
13,5%
92
2,3%
Өзіне-өзі зиян келтіру және өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы
15
9,2%
138
3,4%
жүрмеген балаларға қарағанда (тиісінше, 2,3% және
3,4%), үйлерінен қашып кетуі бес рет жиі (13,5%)
болғаны және екі есе жиі өздеріне зиян келтірумен
айналысқаны және өздеріне-өзі қол салу мінез-
құлықтарының (9,2%) байқалғаны көрсетілген.
Сұхбат деректері оқ дәрімен атылатын қару
және көзден жас ағызатын газды қоса алғанда,
төрт баланың пышақ, қару ұстап жүрген бала-
лар туралы айтқанын көрсетті. Олардың екеуі,
атап айтқанда, басқа балалардың мектепке қару
алып келіп жүргендерін айтты. Бір бала былай
түсіндіреді: «Сыныптасым өткен жылы пышақ алып
келді» [256]. Екінші бала былай толықтырады:
«Мен үлкендердің қалай төбелескендерін көрдім
және олардың біреуінде пышақ болды, бірақ ол
онымен ешкімге тигізбей тек қана сермеді». [149]
Бір бала сондай-ақ мектепке оқ дәрімен аты-
латын қару алып келіп жүрген және олардың
ортасындағы оқ-дәрімен атылатын қарулары бар
балалар туралы айтты.
«Біздің негізгі мәселеміз – жоғарғы сыныптар.
Осы сыныптардағы ер балалар мен қыз балалар
75
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептегі зорлық-зомбылыққа
қатарластардың жауап қайтаруы
Балалардан олардың өздері куә болатын
зорлық-зомбылық жағдайларына әдетте қалай
әрекет ететіндері туралы сұрадық. 3.20-кесте-
де балалардың 30,3%-ы (3-тен 2-сі дерлік)
өздерінің зардап шеккен немесе басқа бала
не балалар тобы мазақтайтын балаға мектеп-
те “ешқашан” көмек беруге тырыспағандарын
айтқаны көрсетілген. Бұдан басқа, балалардың
51,1%-ы (2-ден 1-і) өздерінің зардап шеккен не-
месе басқа бала не балалар тобы мазақтайтын
балаға мектепте “кейде” ғана көмек беру-
ге тырысқандарын айтты. Таң қаларлық, бірақ
балалардың 18,3%-ы ғана мектептегі зорлық-
зорлық көріп жәбірленген балаларға “өте жиі”
көмектесетіндерін айтқан.
Балалардан, сондай-ақ олардың бір баланың
немесе балалар тобының мектепте басқа бала-
ны ренжітіп немесе мазақтап жатқанда соңғы
рет не істегендері жайлы сұрадық. 3.20-кесте-
де балалардың 20,0%-ының (5-тен 1-і) кетіп
қалғандарын және араласпағандарын, ал 4,3%-
ы қарап тұрғандарын, бірақ араласпағандарын
айтқаны көрсетілген. Балалардың 2,1%-ының
басқа баланы ренжітіп/келемеждеп жатқан
балаларға қосылғаны және 1,7%-ының осыны
ойнап айтқандары таң қалдырады.
Салыстыру үшін, балалардың 36,6%-ы ғана (3-
тен 1-і) ренжітіп және/немесе келемеждеп жатқан
балаға арашаға түскендерін және көмектесуге
тырысқандарын айтты. Одан басқа, балалардың
34,8%-ы ғана (3-тен 1-і) зорлық-зомбылықты
тоқтату үшін мектептен үлкендерді шақырғандары
туралы хабарлады. Балалардың 19,2%-ы ғана
ренжіткен және/немесе келемеждеген баладан
оның өзін-өзі қалай сезінетінін сұраған.
Балалардан сондай-ақ өздері куә болған
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары ту-
ралы кімге хабарлағаны туралы сұрадық. 3.20-
кестеде балалардың 32,4%-ының (3-тен 1-і)
зорлық-зомбылық жағдайлары туралы ешкімге
хабарламағанының байқалғаны көрсетілген.
Егер олар біреу-міреуге зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы айтқан болса, балалардың
20,9%-ы өздері куә болған зорлық-зомбылық
туралы досына немесе басқа оқушыға, 11,2%-
ы ата-аналарына және 6,3%-ы ағасына немесе
апасына айтып берген. Балалардың 26.2%-ының
ғана (балалардың 4-тен 1-і) мұғалімге
айтқандары, 9,1%-ының мектеп директорына/
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына айтқаны және
3,5%-ының мектеп күзетшісіне/мектептегі поли-
ция инспекторына айтып бергені таң қалдырады.
Аталған тұжырымдар балалардың көбісінің
мектептегі зорлық-зомбылық жайттары туралы
мектеп персоналына немесе әкімшілікке хабар-
ламайтындарын көрсетеді.
3.20-кестеге қосымша ретінде 3.21-кестеде
сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында куә
болған (36,6%) және мектепте зорлық-зомбылық
(22,9%) көрген балалардың көп бөлігінің
мектептегі зорлық-зомбылық туралы ешкімге
хабарламағаны көрсетілген. Балалар сұхбат беру
барысында түсіндіргендей, олар мектепте зорлық-
зомбылық жасайтын адамдар тарапынан болатын
кек қайтарудан қорыққандықтан, араласқылары
келмейтіндіктен, мектептегі зорлық-зомбылық ту-
ралы көбіне ешкімге ештеңе айтпайды.
«Мен ешкімге айтқан жоқпын; маған бұл керек
емес. Аз білсең, тыныш ұйықтайсың. Менің әлі
өмір сүргім келеді». [379]
«Мен ешқашан ешкімге ештеңе айтқан емеспін.
Оларды жазаламайды, тек оларға ұрысады да,
кейін олар саған тағы шабуыл жасайды». [373]
«Жоқ, мен ешкімге айтпаймын. Мен қорқамын
да, жай ғана алыстан қарап тұрамын». [321]
«Мен ешкімге айтқан емеспін. Ол ешкімге
айтқан емес, себебі егер айтып қоятын болсаң,
онда ұрып-соғады». [247]
«Жоқ, біздің арамызда мұндай жоқ және егер
де айтып қоятын болсам, сыныптастарымның
маған қарсы шығуы мүмкін. Біреу-міреуге айтып
қою – бұл өсек және мұндай өсекшілерді жек
көріп, мәселені шешуге шақырады.» [164]
«Мен ешкімге айтқан жоқпын; әйтпесе маған
күлетін болады және мені жек көріп кетеді. Біз
егер шағымданатын болсақ бізді қабылдамайды;
бұл сатқындық болып саналады». [164]
Мектептегі зорлық-зомбылық көрген балалар
сондай-ақ өздері көрген зорлық-зомбылық туралы
ешкімге айтпайтындарын мәлімдеді, себебі олар
бұл жағдайды одан әрі ушықтырудан қорқады.
76
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық құрбандары болғаны туралы
оларға айтуға қорыққандарын хабарлады.
«Мен біреу-міреуге айтуға қорықтым және
бұны жолға қою үшін ата-анамның мектепке
келуінен де, содан кейін өзімнің шынында зардап
шегетінімнен қорықтым». [130]
«Мен ешкімге айтпаймын. Мен анама шу
шығаратындықтан айтпаймын. Егер мен анама
айтсам, ол мектепке келіп маған тіл тигізетін
балаға ұрысатын болады». [241]
Құрбан болған кейбір балалар өздерін жалғыз
сезінетіндерін және өздерінің ата-аналарымен
немесе мектептегі басқа балалармен қарым-
қатынастарының соншалық жақсы емес екенін
айтып берді. Олар сондықтан барлығына бәрібір
болатынын немесе оларды қорғау үшін ешкімнің
Достарыңызбен бөлісу: |