81
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
білдіретін басқа баланың “ешқашан” болмағанын
айтқаны бар. Салыстыру үшін, балалардың
39,8%-ы (3-тен 1-і) мектепте “кейде” басқа
баланың өздері үшін бәрібір емес екенін/уай-
ымдайтынын хабарлаған. Балалардың 22,8%-ы
ғана (5-тен 1-і) өздеріне мектепте шын мәнінде
олар үшін бәрібір емес екенін/уайымдайтынын
“өте жиі” білдіретін басқа баланың бар екені ту-
ралы хабарлаған.
Мектептегі зорлық-зомбылыққа
мектеп қызметкерлерінің жауап
қайтаруы
3.23-кестесі. Мектептегі зорлық-
зомбылыққа ересектердің жауап қайтаруы
(сауалнама жүргізу)
Іріктеме
N=4207
n
%
Баланы басқа бала мазақтаған, арандатқан
немесе ренжіткен кезде мектеп директоры
оқиғаны қаншалықты жиі тоқтататын?
Ешқашан
2192
52,1%
Кейде
882
21,0%
Өте жиі
1126
26,8%
Сенің мектебіңде баланы басқа бала мазақтаған,
арандатқан немесе ренжіткен кезде мұғалімдер
оқиғаны қаншалықты жиі тоқтататын?
Ешқашан
1932
45,9%
Кейде
1168
27,8%
Өте жиі
1102
26,25
Балалардан мектептегі балалар арасындағы
зорлық-зомбылық жағдайларына мектеп
қызметкерлерінің – мектеп директорлары мен
мұғалімдердің қалай жауап қайтаратыны тура-
лы сұрадық. 3.23-кестеде балалардың 52,1%-
ының (әрбір екіншісі) мектеп директорларының
баланы басқа баланың немесе балалар тобының
ренжітетін немесе арандататын жағдайларын
“ешқашан” тоқтатпайтынын хабарлады. Бұл
мектеп директорларының балалар арасындағы
мектептегі зорлық-зомбылықты көбірек
көрмейтіндігінен болуы керек; және 3.20- ке-
стеде көрсетілгендей, балалардың 9,1%-ы ғана
мектептегі балалар арасындағы зорлық-зомблық
жағдайлары туралы мектеп директорына/
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлаған.
Салыстыру үшін, балалардың 21,0%-ы мектептегі
балалар арасындағы зорлық-зомбылық
жағдайларын мектеп директорларының “кей-
де” ғана тоқтатынын атап өткен және 26,8%-ы
ғана мектеп директорларының осындай зорлық-
зомбылықты “өте жиі” тоқтататынын атап айтты.
3.23-кестеде сондай-ақ балалардың 45,9%-
ының баланы басқа бала немесе балалар тобы
ренжітетін немесе оған күлетін жағдайларды
олардың мектебіндегі мұғалімдердің “ешқашан”
тоқтатпағанын хабарлағаны көрсетілгені таң
қаларлық. Аталған әдіс таң қаларлық, атап
айтқанда, балалардың 26,2%-ы өздерінің
мектептегі зорлық-зомбылық жайтта-
ры туралы мұғалімдерге хабарлағаны тура-
лы айтты (3.20 кестесін қараңыз). Алайда,
балалар арасындағы мектептегі көптеген зорлық-
зомбылық жағдайларын мұғалімдер белгісіз
етіп қалдырады. Салыстыру үшін, балалардың
27,8%-ы балалар арасындағы мектептегі
зорлық-зомбылық жағдайларын мұғалімдердің
“кейде” тоқтататынын хабарлаған және 26,2%-
ы ғана мектептегі зорлық-зомбылық жайтта-
рын мұғалімдердің “өте жиі” тоқтататынын атап
айтқан.
Мектептен ауыстыру мен шығару
жағдайлары
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында 16,0%-
ы мектепте зорлық-зомбылық жасағандары үшін,
басқа мектепке ауыстырылған немесе мектеп-
тен шығарылған балаларды білетіні туралы ай-
тып берді. Балалардан сондай-ақ баланың не
істегенін, оның басқа мектепке ауысуына неме-
се мектептен шығарылуына не себеп болғанын
білесіңдер ме деп сұрадық. Сұхбат деректерін
талдау басқаруға көнбейтін және қызба мінез-
құлықты қоса алғанда, балалардың көбісінің
мектептегі зорлық-зомбылыққа байланысты
басқа мектепке ауыстырылғанын немесе мектеп-
тен шығарылғанын көрсетті. Төменде берілген
көптеген дәйексөздерде балалардың басқа
мектепке ауысуына немесе мектептен шығуына
әкелген басқаруға көнбейтін және қызба мінез-
құлық ауқымы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: