Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет55/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

3.24-кесте. Мектеп директорлары мен 
қызметкерлер тарапынан болатын зорлық-
зомбылық және балаларды кемсітушілік 
(сауалнама жүргізу)
Былтырғы жыл ішінде:
Іріктеме
N=4207
n
%
Мектеп директорла-
ры зорлық-зомбылық пен 
кемсітушілікті қолданады 
(барлық нысандары)
194
4,6%
Мектеп директорлары 
психологиялық зорлық-
зомбылықты қолданады
121
2,9%
Мектеп директорлары күш 
қолданады 
70
1,7%
Мектеп директорлары бала-
ларды кемсітеді
83
2,0%
Мұғалімдер зорлық-
зомбылық пен кемсітушілікті 
қолданады (барлық 
нысандары)
1 007 23,9%
Мұғалімдер психологиялық 
з о р л ы қ - з о м б ы л ы қ т ы 
қолданады
675
16,0%
Мұғалімдер жеке зорлық-
зомбылықты қолданады
542
12,9%
Мұғалімдер балаларды 
кемсітеді
1 574
5,5%
тәжірибесін иеленгендері көрсетілген. Балалардың 
4,6%-ы мектеп директорларының былтыр бір 
жыл бойы өздеріне қатысты зорлық-зомбылықты 
және/немесе кемсітушілікті қолданғандарын 
хабарлаған уақытта, балалардың 23,9%-ы (4-
тен 1-і) мұғалімдердің былтыр бір жыл бойы 
өздеріне зорлық-зомбылықты және/немесе 
кемсітушілікті қолданғандарын айтып берді. 
Балалардың 16,0%-ы мектеп мұғалімдерінің 
барынша нақты психологиялық зорлық-
зомбылықты қолданғанын хабарлады, 12,9%-
ы мұғалімдердің күш қолданғанын айтты және 
5,5%-ы мұғалімдердің өздерін былтыр бір жыл 
бойы кемсіткендерін айтты.
3.25- кестеде былтыр бір жыл бойы балалардың 
мектеп мұғалімдері мен директорларының 
қолында зорлық-зомбылық пен кемсітудің 
әртүрлі нысандары бойынша ұшырауының ба-
рынша нақты ақпараты ұсынылған (қосымшаның 
9 және 10- кестелерін қараңыз). Психологиялық 
зорлық-зомбылыққа қатысты, балалардың 
12,0%-ы мұғалімдердің өздерін ренжіту үшін 
оларға тіл тигізгенін немесе дөрекі сөздер 
айтқандарын хабарлады және 1,9%-ы мектеп 
директорларының осылай жасағандарын айт-
ты. Бұдан басқа, балалардың 8,9%-ы өздерін 
сыныптастарының алдында мұғалімдердің әжуа 
еткендерін немесе ұялтқандарын хабарлады және 
балалардың 1,4%-ы мектеп директорларының 
осылай жасағандарын айтты. Балалардың тек 
1,9%-ы ғана мұғалімнің өздеріне күш қолдана 
алатындықтан, оларды қорқытып, мәжбүрлеп 
әрекет еткенін айтты және балалардың 1,2%-ы 
мұғалімнің өздерін жазалау ретінде кабинетке/
шағын үй-жайға қамағанын атап өтті.
Күш қолдануға келсек, балалардың 6,8%-
ы мұғалімнің өздерін жазалау ретінде 
дәретханаға баруға рұқсат етпегенін айтты, 
4,4%-ы мұғалімдердің өздерін ұзақ мерзімге 
ыңғайсыз жағдайда қалдыруға мәжбүрлей 
отырып жазалағандарын хабарлады, 3,8%-ы 
мұғалімнен шапалақ немесе таяқ жегенін және 
3,5%-ы мұғалімнің өздерін жазалау ретінде зат-
пен ұрғанын хабарлады. Өте азғантай бала мек-
теп директорларының жеке зорлық-зомбылық 
көрсеткенін айтты; дегенмен, балалардың 1,0%-
ы мектеп директорларының өздерін мерзімге 
ыңғайсыз жағдайда қалдыруға мәжбүрлей оты-
рып жазалағандарын хабарлады, 0,7%-ы мек-
теп директорының өздерін затпен ұрғанын және 
0,7%-ы мектеп директорынан шапалақ немесе 
таяқ жегендерін айтты.
Нәтижесінде, 3.25-кестеде кемсітушілік бой-
ынша балалардың 2.4%-ының былтыр бір 
жыл бойы өздеріне мүмкіндіктері шектеулі 
(дене бітімі немесе ақыл-ой) болғандықтан, 
мұғалімнің ренжітетін ескертулер жасағанын не-
месе нашар қарағанын айтқандары, 1,9%-ының 
өздеріне мұғалімнің киімдеріне немесе тұратын 
жерлеріне байланысты ренжітетін ескертулер 
жасағанын немесе нашар қарағанын айтқандары 
және 1,8%-ының өздеріне қыздар болғандықтан 
мұғалімнің ренжітетін ескертулер жасағанын не-
месе нашар қарағанын айтқандары көрсетілген. 
Өте азғантай бала мектеп директорының 
өздеріне ұлтына немесе терісінің түсіне (0,8%), 
киіміне немесе тұратын жеріне (0,8%) және/не-
месе мүмкіндіктері шектеулі (дене бітімі неме-
се ақыл-ой) (0,9%) болғандықтан, ренжітетін 
ескертулер жасағанын немесе нашар қарағанын 
айтып өтті.


85
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балалар мектептердегі тән жазалары 
туралы әңгімелейді
Балалармен жүргізілген сұхбат балалардан мек-
теп директорлары мен мұғалімдердің балаларды 
тәртіпке салу үшін тән жазаларын пайдаланған/
пайдаланбағандарын білу үшін әзірленді. Мектеп 
директорлары мен мұғалімдер пайдаланған тән 
жазаларының әртүрлі нысандарына екпін жасал-
ды. Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында 
27,0%-ы (4-тен 1-і) мұғалімдердің оқушыларды 
тәртіпке салу үшін дене жазалауларын 
қолданғандарын айтып берді. Сұхбат жүргізілген 
балалардың 60,0%-ына дейін мұғалімдердің 
балаларды тәртіпке салу үшін дене жазаларын 
қолданбайтынын айтып бергенін атап өткен 
маңызды. Балалардан мұғалімдер қолданатын 
тән жазаларының әртүрлі нысандары туралы 
барынша нақтырақ сұрадық. Балалар соққы/
ұрып-соғудан басқа балалардың 35,0%-ы (3-
тен 1-і) мұғалімдердің балаларды тәртіпке салу 
үшін ауызша ескертулер қолданатындарын айтып 
берді; кейде ауызша ескертулер ауызбен айтыла-
тын дөрекі зорлық-зомбылық және қоқан-лоққы 
түрінде болуы мүмкін.
Сұхбатты талдау мұғалімдердің оқушыларды 
тәртіпке салу және бақылау үшін қолданатын 
тән жазаларының ескертулерінің әртүрлі нысан-
дары туралы айтқандарын көрсетті. Төмендегі 
берілген көптеген дәйексөздерде мектептерде 
мұғалімдердің қолданатын дене жазаларының 
әртүрлі нысандары бейнеленген. Осы 
дәйексөздердің кейбірінде мұғалімдердің ер 
балалар мен қыз балаларға дене жазаларының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет