7
І. ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КӨШПЕНДІЛЕР» ТРИЛОГИЯСЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫНДА
§1. «Көшпенділер» трилогиясы – тарихи роман жанрының
жанды үлгісі
Қазіргі кезде қоғамдық санада орын алған күрделі өзгерістер, бұрынғы
идеологиялық және теориялық стереотиптерден алшақтау, жалпы
адамзаттық
құндылықтардың
артықшылығын
айқындау
өткеннің
классикалық мұраларын қайта қарап, тарихи прозаға деген жаңа
дүниетанымдық
және
эстетикалық
көзқарастарды
қалыптастырды.
Мемлекеттің тәуелсіздік заманында қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты
қарқынды меңгеру кезеңі басталды. Ұлттық тарихтың шынайы дамуын
жарыққа шығаруға ұмтылу қазақ әдебиетіндегі көрнекті тарихи
романдардың дүниеге келуіне түрткі болды. Бүгінгі күні жазушылар уақыт
жалғастығын, өз халқының тарихи тағдырын танып, жеке тұлғаның
тарихтағы орнын саралауға талпынуда. Тарихи романдарда зерттеушілік
бастау бар, авторлар тарихтың өткенін ой елегінен өткізу арқылы өздерінің
тарихқа деген көзқарасын көрсетуге ұмтылуда.
Қазіргі уақытта тарихи тақырып – әдебиет пен өнердегі орталық
мәселелердің бірі. Әдебиеттегі бұрынғы заман туралы шығармаларда халық
тарихын әлеуметтік-философиялық тұрғыдан кең тануға ұмтылыс бар.
Тарихи жанрдағы ең бастысы тарихи дәуірдің типтік жақтарын ашу, өткен
замандағы адамдардың шынайы бейнесін жасау, тарихтағы саяси, мәдени,
моральдық, психологиялық факторлардың ролі мен мәнін көрсету болып
табылады.
Тарихты білмей адам білімді болуы мүмкін емес. Қазіргіні өткеніміз
арқылы түсініп, саралауға болады. Тарихи роман жазушылар әдетте қысқа
уақытқа сыймайтын, бір ұрпақтың ғұмырымен өлшенбейтін қайшылықты
жағдайларды суреттейді. Бұл ретте тұтас дәуірді қамтитын қайшылықтар –
әртүрлі соғыстар, әлеуметтік катаклизмдер, олардың бұқара халық
тағдырына тигізген әсері алғашқы орында тұрады. Романшылар түйінді
қайшылықтардың сахнасы ретінде кейіпкердің жеке тұрмысын да көрсетеді.
Олар әдеттегі қарапайым тұрмыстың тасасында қарастыра отырып, адам
өмірінің әмбебап бастауларын табуға ұмтылады, бұл жерде жазушы
тұрмысты суреттеуші ғана емес, соғыс және бейбітшілік, өмір мен өлім, жеке
тұлғаның тарихтағы, халық тағдырында алатын орны туралы пайымдаушы
философқа айналады. Үлкен жазушы өмірді сүреңсіз тіршіліктің тізбегі
деген бір жақты көзқараспен шектелмейді, оның суреткерлік қырағы
көзқарасы осы тіршіліктің тереңінде қандай да бір үндестік, тұрмыстың
жоғары заңдарына бағыну болатынын анықтауға бағытталады.
Тарихи романдар – халықтың өткен өмірі туралы тарихи деректерді
көркем шындыққа айналдырып, тарихи тұлғалардың көркем бейнесін
жасаған жазушының шығармасы. Тарихты дерек түрінде бергенде
8
шындыққа бойлай алмасаңыз, көркем шығармада тарихтың бар шындығы өз
бояуымен ашылады.
Тарихсыз халық, ұлт болмайтыны секілді, әдебиетсіз мәдениет де
болмайды. Ал тарихилық мәселесі әдебиетте белгілі бір халықтың
қалыптасып, даму жолдарын көрсетіп, тарихи тұлғаларын тереңірек танып,
сол ұлттың жалпы адамзаттық тарихын тереңірек тани түсуге көмектеседі.
Яғни әдебиеттегі тарихилық мәселесін шешуде сол кезеңдегі қоғамдық
құбылыстар халықтың ауызша тарихы мен ақын-жыраулар мұрасы, деректі
материалдары, этникалық ерекшеліктері басты орын алады. Тарихи
романның авторы тарихи деректерге сүйене отырып, ойдан шығарылған
өмірді суреттейді, сөйтіп қайта құруға жатпайтын ақтаңдақтарды
толықтырып, көркемдейді де тарихи шындықты оқырманға жақын,
ұғынықты, әрі нанымды етеді. Осы жерде тарихи романның романтистік
шығармалардан айырмашылығы көрінеді. Романтикалық шығармалар қиялға
берілу, өткен өмірден жоғалған елесті іздеу және сағыну, өткенді бүгінгі
күнге қарағанда таза деп есептеуге құрылатын болса, тарихи романдарда ата-
бабалардың, ұлттың, елдің тұрмысы мен салт-дәстүрлерін тірнектеп зерттеу
мен оны шынайылықпен суреттеу қажеттілігі туындайды. Сол себепті
тарихи роман жанрында өткен өмірдің шынайылығын суреттеу екі бағытта –
романтикалық және реалистік бағыттарда жүзеге асырылады.
Олай болса, тарихи роман жанрының қалыптасуы романтизммен
байланысты. «Тарихи романның атасы» саналатын Вальтер Скотт
шығармашылығы мен романтизм – ажырамас ұғымдар. ХҮІІІ ғасырдың
соңы мен ХІХ ғасырдың басында Еуропада орын алған ірі қозғалыстар, саяси
оқиғалар мен қоғамдық өмірдің біртұтастығы халық санасына әсер етті.
Тарих әр адамның өміріне әсер ететін нақты күш секілді көрінді. Тарихи
оқиғаларға барлығы да куә болғандықтан, қоғамдық санадағы осындай
өзгерістер тарихи романның қалыптасуына негіз болды.
Тарихи роман жанрын зерттеуші Г.Лукачтың пікірінше тарихи
романның Англияда қалыптасуының себебі (тарихи роман жанры ағылшын
жазушысы Вальтер Скоттың «Уэверли» (1814), «Пуритандықтар» (1816),
«Роб Рой» (1818), «Айвенго» (1820), «Квентин Дорвард» (1823)
романдарынан бастау алған деп есептеледі – М.Б.) 1688 жылғы
революциядан кейін осы елде дамудың салыстырмалы тұрақтылығына қол
жеткізіліп, тарихты жаңадан қабылдап, танудың объективті тарихи баяндау
арқылы жүзеге асырыла бастауынан делінеді [4].
Ал қазақ тарихи романын зерттеуші белгілі ғалым Р.Бердібай «тарихи
тақырыпты меңгеруге реализм әдісінің кең мүмкіншілік бергенін» айтады
[5, 113-б.]. Себебі алғашқы қазақ тарихи романдары қоғамдық өмірдің
шынайы бейнесін, яғни әйел теңсіздігі, отаршылдық бұғауынан босануға
ұмтылу, ағартушылық т.б. мәселелерді суреттеуге арналған.
Тарихи романның негізгі мақсаты – өткен күндердің шынайы тарихи
оқиғаларын көркем суреттеу. Адамзаттың өткен өміріне деген саналы
қызығушылығы тарихи романның тууына себепші болды. Сондықтан
9
көптеген сөз зергерлері тарихи тақырыпқа қалам тартып, өз халқының
мәдениетіндегі рухани құндылықтарды зерделеуге және көрнекті
қайраткерлерді сомдауға ден қойды. Тарихты зерттеу және оны көркем
шығармада бейнелеу мәселесі белгілі шетел жазушылары В.Скоттың
«Уэверли», «Пуритандықтар», «Роб Рой», «Айвенго», «Квентин Дорвард»,
Л.Фейхтвангердің «Гойя», «Жалған Нерон», «Иудейлер соғысы», сондай-ақ
бұрынғы кеңес әдебиеті өкілдері А.Чапыгиннің «Степан Разин», О.Форштың
«Радищев», Д.Гулианың «Камачич», М.Хуршиловтың «Сулак – куәгер»,
С.Айнидің «Дохунда», «Құлдар», Айбектің «Науаи», «Ұлы жол»,
Г.Ибрагимовтың «Кинзя» (трилогия), Н.Рыбактың «Днепр», «Переяслав
радасы» (дилогия), Ст.Зорьянның «Армян қамалы», «Пап патша»,
Б.Кербабаевтың «Шешуші қадам», Е.Гамсахурдианың «Давид құрылысшы»
(трилогия), Д.Демирчянның «Вардананк» (дилогия), А.Файзидің «Тоқай»,
Н.Лордкипанидзенің «Колхида шұғыласы», А.Упиттің «Жасыл жер», «Бұлт
арасындағы сәуле», ал қазақ әдебиетінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ
кешу» және т.б жазушылардың туындыларында көрініс тапты, бұлар өз
әдебиеттеріндегі алғашқы тарихи романдардың авторлары деп саналады. Бұл
ретте орыс ғалымы А.В.Тамарченконың пікірінше белгілі жазушылардың
«тарихтың өткеніне қалам тартуы тек қана кеңес тарихи романының
қалыптасуы үшін жемісті болып қана қоймай, бір мезгілде жаңа түрдегі және
жаңа деңгейдегі көркемдік тарихилыққа жол салу болды» [6]. Тарихқа деген
жоғары қызғушылық әдетте терең қоғамдық құбылыстар әсерінен болады.
Тарихи роман өз бойында әдебиет пен тарихты біріктіре отырып, факті
мен ойдан шығарылған оқиғадан, жоғары мен төменнен, шынайылық пен
қиялдан тұрады. Дегенмен тарихи романда тарихқа қарағанда шындықтың
үлесі көп, себебі жазушы өзінің көркем шығармасында тарихтағы
ақтаңдақтардың орнын толтырады. Кейбір зерттеушілер тарихи романдарды
ғылыми прозаға жатқызады, себебі олардың пікірінше романшы тарихи
фактілерді жан-жақты зерттеп, тарих саласында зерттеулер жүргізеді.
Бұл ретте кемеңгер жазушы М.Әуезов өзінің «Абай жолы» роман-
эпопеясын жазғандағы тәжірибесі туралы пікірінде жазушының тарихи
тақырыпқа шығарма жазуы, ең алдымен ғалымдық, зерттеушілік ұзақ еңбекті
қажет ететінін айтады.
Белгілі әдебиет зерттеушісі М.М.Бахтин тарих пен тарихи
қайраткерлердің жеке өмірін біріктіруін тарихи романның ерекшелігі деп
санайды: «Тарихи романның орталық және жалғыз тақырыбы көпке дейін
соғыс тақырыбы болды. Бұл тарихи тақырып тарихи тұлғалардың өмірі
туралы сюжеттермен толықтырылды» [7, 1-б.]. Бұл пікірге сүйенсек, тарихи
тақырып пен тарихи тұлғалар – тарихи романға тән алғашқы белгілер.
Белгілі орыс сыншысы әрі жазушысы Н.А.Добролюбов шығармадағы
тарих пен қиялдың арақатынасы туралы айта келіп: «тарихқа өз қиялыңды
енгізуге болады, бірақ осы қиялды тарихқа негіздеу керек», – деп айтады [8,
78-б.]. Бұл тарихи романдардың орталық мәселесі тарихи шындықтың
көркемдік шындыққа айналуын білдіреді.
10
Ал орыс ғалымы Е.И.Клименконың пікірінше романтизм дәуіріндегі
фольклорға, өткен өмірдің экзотикасына және орта ғасырларға деген
қызығушылық, өткен өмірді ойдан шығарылғандай елестету сөзсіз жаңа
жанрдың қалыптасуына алғышарт болды. Алғашқы тарихи роман жанрының
қайнар көздері ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа әдебиетіндегі әлеуметтік романдар,
эпостар, жылнамалар, тарихи және мифологиялық сюжеттерге құрылған
поэмалар, готикалық роман және романтизмнің тарихи формалары болып
табылады [9, 49-б.].
Тарихи роман жанрының дүниеге келгеніне екі жүз жылдан астам
уақыт өтті, алғашқы тарихи романға тән белгілері бар туындылар ХҮІІ
ғасырда жазылса да, көрнекті тарихи романдар өз бастауын ХІХ ғасырда
романтизм дәуіріндегі ағылшын әдебиетінің өкілі Вальтер Скоттың
шығармаларынан алады.
Ал қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанры ХХ ғасырдың басында
қалыптасты. Тарихи романның бастауында тұрған С.Сейфуллиннің «Тар
жол, тайғақ кешу» (1927), С.Мұқановтың «Ботагөз» (1938) романдарымен
қатар тарихи оқиғаларды көркем бейнелеуге арналған Ж.Аймауытовтың
«Қартқожа» (1926), І.Жансүгіровтің «Жолдастар» (1935), М.Дәулетбаевтың
«Қызылжар» (1935) секілді шығармаларын атауға болады. Дегенмен қазақ
романын зерттеуші Б.Шалабаевтың пікірінше тарихи романның көркем
қорытылып, шын мәніндегі өнер туындысы дәрежесіне жетуі М.Әуезовтің
«Абай жолы» эпопеясынан басталады. Бұл ретте ғалым былай деп жазады:
«Пушкиннің "тарихи роман – одан шығарылған баяндау барысында дамыған
тарихи кезең" деген пікірі М.Әуезовтің эпопеясына да қатысты. Ақынның
өмірі арқылы оның халқының жарты ғасырлық өмірін суреттеу қажет болды.
Сондықтан барлық материал тиянақты талданып іріктелуі қажет болды.
Кемеңгер Әуезов қазақ романын тарихи-философиялық эпопея биігіне
көтерді» [10, 304-305 бб.]. Шын мәнінде тарихи роман ең алдымен белгілі бір
тарихи кезеңнің жанды панорамасы болып табылады.
Осы жерде көңілге қаяу түсіретін бір жәйт, зерттеуші А.Марченко
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы мен Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»
трилогиясын салыстырып, Әуезов Абайдың өмірін зерттеу арқылы ұлттық
кейіпкердің тұрмысын суреттеген, ал Нұрпейісов шынайылықты көркем
талдау арқылы жеңіске жетіп отыр деп көрсетеді. Және А.Марченко бұл
жеңісті тек таланттың жеңісі ғана емес, романның эпопеяны жеңгені дейді.
Бұл ретте келіспейтініміз, эпопеяның тарихи деректерді көркемдеуде
шығармашылық мүмкіндіктері мол, ал романның өз мүмкіндіктері бар.
Тарихи романдарды зерттеуші Т.Сыдықовтың пікіріне сүйенсек:
«М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы тарихи жанрдың ең басты мәселесі –
тарихи дәуірдегі өмірдің типтік жақтарын дәл қамтып, өткендегі адамдарды
шыншылдықпен мүсіндеп, дәуірдің рухын, кейіпкерлердің ақыл-ойы мен
қызметін көрсетуде тарихилық принцип, реализм мұратынан айнымаған»
[11, 3-б.]. Бұл пікір қазақ әдебиетіндегі тарихи романның реализм рухында
жазылғаны туралы ойды бекіте түседі.
11
Бұл ретте қоғамдық сананың көшбасшысы саналатын ақын-
жазушылардың тынбай еңбек еткенінің көрінісі ретінде қазақ әдебиетіндегі
тарихи романдардың бастауында алғашқы қазақ романдары тұрды. ХХ
ғасырдың екінші жартысында жанр ретінде қалыптасып, дамыған қазақ
тарихи романшылығы туралы айтқанда Ілияс Есенберлиннің қазақ халқының
тарихын суреттеуді басты нысана еткен «Көшпенділер» трилогиясы негізгі
шығармалардың бірегейі болып саналады. Сөзімізді Қ.Жұмаділовтің
«Тарихи сананың тамыршысы» мақаласында майталман жазушы Ілияс
Есенберлиннің шығармашылығына берілген: «Алпысыншы-жетпісінші
жылдарда тарихи романның көшін бастаған ол қазақ әдебиетінде тұтас бір
мектеп қалыптастырды. Қазақтың ұлттық санасының оянуына, тарихи
зердесінің жаңғыруына өлшеусіз үлес қосты», – деген әділ бағасымен
жалғастырамыз («Халық кеңесі» газеті, 1995, 10 қаңтар). Жазушы
қалыптастырған тарихи роман мектебі өз туын жоғары ұстап келеді.
Ілияс Есенберлиннің қазақ тарихының тыңын игеруге қадам басқан
«Көшпенділер» трилогиясының әр томының жарыққа шығуы қызу пікірталас
тудырып, қолдауға да, қарсылыққа да ұшырап отырды.
Көпшілік оқырман қауымға Кенесары, Наурызбай бастаған
қозғалыстың жай-жапсарын мәлімдеу үшін жазылған «Қаһар» романы қазақ
әдебиетінің ірі жаңалығы, ғажайып құбылысы болды. Бүгінде өз тарихын
қастерлейтін халықтың сүйікті кітабына айналған бұл туынды қаламгердің
әдебиет майданындағы ерлігіне пара-пар еді. Себебі 1934 жылы сахнада бір-
ақ рет қойылып, кейін ұзақ жылдар бойы «тұтқынға» алынған М.Әуезовтің
«Хан Кене» пьесасынан кейінгі қазақ халқының ХІХ ғасырдағы тарихынан
мағлұмат беретін соқталы көркем шығарма осы болды.
«Қаһар» романы 1969 жылы оқырман назарына ұсынылғаннан кейін
көп ұзамай «Жұлдыз» журналында филология ғылымдарының докторы
М.Дүйсеновтің «"Қаһар" романы жайында» атты мақаласы жарық көрді.
Ғалым романның ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Ресей патшасы
қабылдаған Ережелердің салдарынан қазақ халқының күйзеліске ұшыраған
кезеңін бейнелеуге арналғанын айтап өтеді де, кейіпкерлерге тоқталады:
«Романдағы басты-басты кейіпкерлердің қай-қайсы болсын іріленіп
көрсетіледі... Кейіпкерлер іріленді деу – шығарма іріленді деген сөз...
Романдағы басты кейіпкерлердің барлығының да характерлері толық
ашылып, өздерінің бір-бірлеріне ұқсамайтын даралық сипатын жақсы
танытады». Әрі қарай ғалым романның «сюжеттік желісі берік,
композициялық құрылысы барынша ширақ» екендігін, «жазушының тарихи
мол шындықтың ең қажеттілерін таңдап, сұрыптап ала алғандығын»,
«романда ешқандай бөгде құбылыс, артық штрихтар жоқ екенін» айтып,
романдағы «тарихи оқиғалардың логикалық, психологиялық дайындығының
күштілігін» айрықша бағалайды. Сонымен қатар шығармада жазушының
жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін «дәл басып айта бермейтінін», кейбір
пікірлерінің дәл еместігіне тоқталады, қорытындысында «Қаһар» романын
12
«сом характерлі образдар жасаған, идеялық-көркемдік сапасы жақсы
шығарма» деп бағалайды [12].
Қазақ әдебиетіндегі тарихи проблематиканың игерілу мәселесі туралы
«Дружба народов» журналында жарияланған «Рост национального
самосознания и исторический роман» атты мақаласында ғалым Ш.Елеукенов
өткен жылдың (1969 – М.Б.) қазақ тарихи романы үшін жемісті жыл
болғанын айтып, оған дәлел ретінде Ілияс Есенберлиннің «Қаһар»,
Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романдарының және С.Санбаевтың
«Ақ аруана» повестер жинағының жарыққа шыққанын атап өтеді. Негізгі
тарихи үрдісті дұрыс аша білу үшін жазушы дәуірдің әрбір нақты оқиғасын
дәл суреттеу керектігін айта келіп, ғалым: «В том, что И.Есенберлин
справился с огромным историческим материалом, уместив его на
сравнительно небольшой площади романа, сказалось мастерство писателя, и
в частности, его умение строить композицию так, чтобы перед читателем
разворачивались не просто картины прошлого, но в первую очередь –
ведущие их мотивы», – деп жазушының тарихи шығармашылығына оң баға
береді [13, 252-253 бб.]. Бұл Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы туралы
одақ көлемінде айтылған алғашқы пікір болды және романның кейінгі кезде
әділ бағасын алуына септігін тигізді. Қазақ романы, соның ішінде тарихи
роман туралы зертеулерімен танылып жүрген ғалымның бұл мақаласы
тарихи роман дәстүрін, соның ішінде Ілияс Есенберлин шығармашылығын
зерттеуге жасаған алғашқы қадамы болды, бұл оны кейін қаламгердің ірі
жазушылық тұлғасының қалыптасу жолын зерттеуге дейін жетеледі. Ғалым
«Казахский роман и современность» (1968), «Замандас парасаты. Әдеби
сын» (1977), «От фольклора до романа-эпопеи (Идейно-эстетическое и
жанровое своеобразие казахского романа)» (1987), «Жаңа жолдан. С новой
строки:
Әдеби
портреттер,
зерттеулер.
Литературные
портреты,
исследования» (1989), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Ғасырмен
сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006) секілді әр
жылдардағы ғылыми зерттеулерінде қазақ тарихи романы жөнінде келелі
мәселелерді қозғап келеді.
Тарлан жазушы трилогияның үшінші кітабы «Қаһар» романы жарыққа
шыққаннан кейін іле-шала 1971 жылы бірінші кітабы «Алмас қылышты»
көпшілікке ұсынды. Бұл кезде «Қаһар» романы да М.Симашконың
аудармасымен «Хан Кене» деп орыс тілінде жарыққа шықты.
«Алмас қылыш» романына да алғашқы рецензияны ғалым М.Дүйсенов
жазды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақалада романның
мазмұнына арқау болған тарихи оқиғалар туралы айта келіп, ғалым Ілияс
Есенберлиннің көне тарихи еңбектердегі, архивтердегі шашырап жатқан
фактілерді тірнектей жинап, оны ғылыми електен өткізіп, шығармасына
пайдаланғанын айта келіп: «"Алмас қылыш" – ғылыми зерттеу емес, көркем
шығарма. Сондықтан да тарихи шындықтардың бұрмаланбай, дәл
көрсетілуімен қатар, ең алдымен романның әдебиеттік шарттары мен
сипаттарына айрықша мән берілуі тиіс», «жазушы тарихи деректердің құлы
13
болып қалмай, керісінше оны көркемдік шарттарға бағындыруға тиіс.
Романның елеулі кемшіліктері де осыған байланысты. Шығарманың біраз
беттерінде көркемдіктен гөрі тарихи деректер бірінші кезекке шығып кете
береді», – дей келе, тарихи тақырыптың өз қызықтылығымен бірге
қиындығы да бар екенін айтады. Ал шығарманың көркемдігі туралы:
«Бейнелей суреттеудің орнына құрғақ әңгімелеушілікке, баяндаушылыққа
жол берілген, ал баяндау көркем шығарманың мұраты емес. Романда
көптеген адамдар аттарының мол аталатындығы сонша, олардың көбі оқушы
ойына ешқандай із қалдырмайды», – деген пікірін көне тарихи тақырыпты
игеруде бізде әлі де болса тәжірибенің аздығынан деп тұжырымдайды. Ал
романды «оқушы қауымға қазақ халқының ортағасырлық тарихынан біраз
қызық мағлұмат беретін, пайдалы еңбек» деп қорытындылайды [14].
Осы рецензиядан кейін жарық көрген сыншы, филология
ғылымдарының
кандидаты
З.Серікқалиевтің
«Тарихи
шындық
бұрмаланбасын» атты мақаласы қазақ әдебиеті әлемін шошытқандай болды.
Мұнда сыншы «Алмас қылыш» романын «тарихи-әдеби очерк», «бүтіндей
дерлік тарихи мазмұндама», оның «арқауы – тарихи шолу, тарихи
мазмұндау» дей келіп, жазушы «сауатты оқушыға белгілі туындылар, архив
материалдары негізінде тарихи деректерді орынды-орынсыз мазмұндап
шыққаны болмаса, шын мәнінде тарихи роман –көркем әдеби туынды жасай
алмаған» деп қорытындылайды. Сонымен қатар осы романға рецензия
жазған М.Дүйсеновті де шығарманы «тарихи роман» деп атағаны үшін
жазғырып, көркем шығармаға таптық тұрғыдан, партияның тарихқа
көзқарасы тұрғысынан қараудың міндетті екенін еске салады. Сонымен
қатар шығармада «тарих бұрмаланып түсіндірілген» деп, бұған дәлел ретінде
романдағы Жәнібек сұлтан мен Керей ханның қазақ руларын біріктіргені
туралы фактіні атап көрсетеді [15]. Қазақ әдебиетінде ХҮ ғасырдан ХҮІІ
ғасырға дейінгі екі жүз жылдық кезеңді қамтитын тарихи шығарма бірінші
рет жазылып отыр, әрі бұл роман бірнеше шығарманың жүгін арқалап тұрған
келелі туынды, жазушы екі ғасырлық халық тарихын бір роман бойына
тігісін жатқызып, көркемдеп суреттеуде роман-хроника әдісіне сүйенгендігі
ғалымдар тарапынан айтылып жүр. Бұл ретте сыншы сын айтамын деп мін
тағуға көшіп кеткенін өзі де аңдамай қалған тәрізді. Себебі Ілияс
Есенберлиннің «Алмас қылышын» даттағанда, оның тарихи тақырыпқа
жазылғанын басты назарда ұстау керек еді. Қазақ елінің дербес мемлекет
болуға қадам жасағанында Жәнібек пен Керей хандардың қызметі бөлек
екені тарихтан белгілі, бірақ жазушы халық бейнесін еш жадынан шығарған
емес. Оның басты мақсаты сол кезеңнің саяси суретін шынайы бейнелеу
болғандықтан, жазушы тарихи құжаттарға көп сүйенген. Сыншының роман
көркемдігіне берген «қатаң» бағасы шығармадағы кейіпкерлер галереясы,
қазақ фольклорының бай мұрасының туындының өн бойына себілуі,
кейіпкерлер сөзінің сол кезеңдегі сөйлеу мәнерімен айшықталуы, әйел
сұлулығын,
қазақ
этнографиялық
көріністерінің
шырайлылығын
суреттеудегі жазушы шеберлігін жоққа шығару болып саналады.
14
Жазушы
Ілияс
Есенберлин
З.Серікқалиевтің
айтқандарын
мойындамайды және оны өзінің «Мұхиттан өткен қайық» атты кітабында
«тарихтан еш хабары жоқ адам» деп айыптайды: «Айбол кітабына қайнар
көз, қандай туындыларды пайдаланды? Бар қиындық міне осында болды.
Бұл кезеңнен жазылған еңбектер аз да емес еді, бірақ оның бәрі қазақ
даласының ішіне кірмей, сонау көз жетпес қиядан қараған, сол
шығармаларды жазған Россия, Қытай, Иран, Түркия, өзбек, араб уәкілдерінің
тұрғысынан қамтылған еді... Міне, осы қиындыққа жәрдем беруге қазақ
елінің ауыз әдебиеті, шежірелері, аңыз, көне әңгіме, жырлары көмекке
келді... Айбол осы асыл қазынаны молынан пайдаланғандықтан, оның бұл
шығармасы өзге кітаптарынан бөлек шежіре тектес, кей жері ауыз әдебиетіне
ұқсас туынды болып шықты. Көне шежіре кейін құр ғана болған уақиғаны
тізіп, айғақ та болмыс ретінде ғана баяндамайды, ол қазақ дәстүрінде, әсіресе
ауыз әдебиеті заңдары бойынша, көркем тілді қызық дастанға айналдырады»
[16, 277-278 бб.]. Ал шын мәнінде екеуі де тарихты, тарихи шығарманың
құрылымын бір-бірінен кем білмейтін еді, себебі Ілияс Есенберлин 1943
жылдан бастап қазақ мемлекеттігінің құрылуына дейінгі және одан кейінгі
тарихты дендей зерттеп жүрсе, З.Серікқалиев 1969 жылы «Некоторые
вопросы современного казахского исторического романа» тақырыбында
кандидаттық диссертациясын қорғаған, әдебиеттегі тарихилық мәселесімен
айналысып жүрген болатын. Осы мәселеге қатысты А.Номадтың «По реке
жизни»
атты
кітабында
І.Есенберлиннің
өмірбаяны
және
шығармашылығындағы қайшылықты кезеңдерге ықпал еткен күрделі
жағдайлар және жазушының тарихи тақырыпты таңдауға келген жолы
көркем баяндалады.
Содан кейін 1972 жылы 15 ноябрьде «Литературная газета»
басылымында тарих ғылымдарының докторы А.Яковлевтің «Против
антиисторизма» атты мақаласы шықты. Бұл мақалада автор кеңес
қоғамының әлеуметтік құрылымы, социалистік құрылыс мәселелерін
қарастыра отырып, әдебиеттегі таптық көзқарастың, халық бейнесінің
берілуіне тоқтала отырып, көркем шығармаларды талдайды, соның ішінде
тарихи романдарға тоқталып, мұндағы ел билеушілер бейнесінің суреттелуін
жат қылыққа балайды: «Когда нарочито идеализируется прошлое, да еще
при нечетких социальных позициях, возникает нелепый спор, чей царь
лучше, а заслуги тех или иных деятелей доводятся до превосходных
степеней... Подобные мотивы идеализации можно заметить в некоторых
публикациях о Тимуре, царе Давиде, о движении Кенесары Касымова... Надо
ли доказывать, что всякая гиперболизация в подобных делах может стать
одной из отправных точек для оживления националистических
предрассудков!» – деп одақтас республика халықтарының әдебиетінде ел
билеген хандар мен әміршілердің бейнесінің жандана бастағанына
«қобалжушылығын» білдіреді, осы мақаланы «Мы видим нравственный
пример не в «житиях святых», не в приукрашенных биографиях царей и
ханов, а в революционном подвиге борцов за народное счастье», – деп
15
аяқтайды [17]. Бұл мақала одақтас республикалардағы қаламгерлердің
«ұлтшылдық» сезімінің оянуынан секемденіп, ұлтық рухтың жандануының
алдын алу үшін жазылған еді, бірақ оның салқыны қазақ халқының онсыз да
жабулы тарихының беттерін әрі қарай парақтаудың тамырына балта шабары
сөзсіз еді, сондықтан қазақ әдебиетінің жаңа аяғына тұра бастаған тарихи
проза дәстүрінің қадамына тұсау салынбас үшін әдебиет жанашырлары
Ш.Елеукенов «Замандас парасаты», М.Қаратаев «Революция рухымен»,
Р.Бердібай «Қазақ тарихи романы» және т.б. өз еңбектерінде осы мәселені
дұрыс түсіндіруге талпыныс жасады.
Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» («Қаһар») романы 1973 жылы СССР
Мемлекеттік сыйлығына ұсынылады, бірақ роман туралы «ұлтшылдықты
насихаттайтын зиянды кітап» деген пікірдің уыты әлі басылмағандықтан,
бұл бастама жүзеге аспай қалды.
Тарихи роман мәселесі қазақ әдебиетіндегі даулы әрі шулы мәселе
болды. Қазақ баспасөзін қойып, одақ әдебиеті назарында тұрған өткір
мәселердің оң шешім табуы үшін ғалымдарымыз тынымсыз еңбек етті. Ілияс
Есенберлин шығармашылығының жанашыры ғалым Ш.Елеукенов 1973
жылы «Жұлдыз» журналының №11 санында «Тарих және көркем шындық»
атты көлемді мақала жазды. Бұл мақала қазақ әдебиетіндегі тарихи проза
дәстүріне шолу жасау, ал ең бастысы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар», «Алмас
қылыш» атты тарихи романдарын талдауға арналды. Бұл мақалада автор
З.Серікқалиевтің, А.Яковлевтің тарапынан айтылған сын-ескертулерге жауап
берді. Ғалым тарихи романның негізгі материалы тарихты «кез келген
өмірлік материал сияқты көркем идеяны айтуға керек. Ендеше тарихи
романға ғылыми трактаттай қарамау қажет. Белгілі бір тарихи эпизодтарды
шығармаға енгізуге де, енгізбеуге де болады. Тарихи роман – өткен уақыт
оқиғаларын беллетризациялап баяндау емес. Мұның өзі дербес ізденістердің,
бұрынғы және қазіргі өмір құбылыстарын көркемдікпен зерттеу жемісі.
Тарихи романның табыстарының сыры – жазушы қиялының өткен заман
қойнауларын терең шарлай білуінде. Тарихи роман жанрының бір
құндылығы – ол әрдайым халықтың өткен тарихы мен қазіргі өмірінің
арасына салынған рухани өткел тәрізді. Көркемдік шындыққа жетудің басты
жолы – тарихшылық (историзм). Жазушы заманалар байланысын аша
отырып, өзі көрсеткелі тұрған дәуірдің өзгешеліктерін қайта жандандырады.
Көркемдік шындық дәлдікті және белгілі бір өлшем-мөлшерді білуді талап
етеді... Бұл жерде мәселе – ең алдымен көркем шындық пен тарихи
шындықтың өзара қарым-қатынасында», – дей келіп, «Ілияс Есенберлин
қазақ ұлтының қалыптасу шағын зерттей отырып, күрделі де айрықша
жауапты проблема қозғаған... Ұлттық «тегі» белгілі бола тұра «Алмас
қылыш» романында кімнің ханы күштірек, кімнің тауы биігірек, кімнің әдет-
ғұрпы жақсырақ деген сұраулар төңірегінде сәуегейсу атымен жоқ.
Романның басты мақсаты бұдан мүлдем басқаша. «Біздің де өзгелермен
тереземіз тең, бұған куә – тарихымыз», – міне Ілияс Есенберлин
шығармаларының айтпағы осы... Ілияс Есенберлин үшін керегі де,
16
маңыздысы да – қазіргі қазақ әдебиетінде әзірше зерттелмей келе жатқан
ғасырлар қойнауына із салу. Хроникалық суреттердегі сырдаңдық, адам
аттарының молдығы мен оқиғалардың қоюлығы, монологшылдықтың
күштілігі – міне осылардың бәрі қазақ мемлекетінің іргесі қалана бастаған
сол бір алыс дәуірі жайлы неғұрлым көбірек материал беруге талпынудан
туған. Бұл, асылы, тың жерді жырту емес, оны тек келешек егіс үшін атыздау
тәрізді жұмыс. Роман-хроникадан бұдан артықты күтудің де реті жоқ. Бұл –
тек алдағы неғұрлым алуан салалы, тереңнен қозғайтын көркемдік
зерттеулердің бастамасы ғана болмақ... Ілияс Есенберлин романында өте мол
тарихи материал ұтымды жайғасқан. Әсіресе, роман композициясынан
жазушы шеберлігі жақсы көрінген. Автор оқушының көз алдына өткен
күндер суреттерін жай ғана әкеліп қоймай, ең алдымен солардың басты сын-
сипаттарын кең ауқымда жайып салған» [18]. Осы мақаладан кейін
«Көшпенділер» трилогиясының жаңа бір тынысы ашылғандай болып,
оқырман қауым арасында оң көзқарас қалыптасты.
Тынымсыз талапты жазушының 1972 жылы жазылып біткен үшінші
«Жанталас» тарихи романы 1974 жылы жарыққа шықты, ал 1973 жылы
«Алмас қылыш» романы орсы тілінде аударылып, «Заговоренный меч» деген
атаумен жарық көрді.
Жазушы «Жанталас» романында да ауыр міндетті мойнына алды, бұл
шығармада ХҮІ ғасырдың аяғынан ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейінгі қазақ
тарихындағы оқиғалар, яғни Хақназар хан өлгеннен кейінгі Ақ Орданың
ыдырауы, Тәуекел, Есім, Тәуке хандардың билік құрған кезеңдерін баяндай
келіп, Қазақ елінің Ресей қол астына енуінің тарихи шындығын көркем
суреттеуді мақсат тұтып, қазақ елінің тарихында ерен еңбек сіңірген екі
қайраткерді – Әбілқайыр хан мен Абылай ханның билік құрған кезеңдерін
сипаттауға талпынды. Әйтпесе бұл екі ханның тұлғасының өзі кемінде екі
романға жүк боларлық тақырып еді.
Бұл романның баспаға жіберілуіне бір жылдай уақыт кетті, осы оқиға
«Жұлдыз» журналында толығымен баяндалады. «Жанталас» романы
жазушы қауымның қолдауымен баспаға ұсынылғаннан кейін оған
оқиғаларының қамтыған уақыты тым кең, халықтар достығына нұқсан
келтіретіндей суреттер бар, халық бұқарасынан шыққан батырлардың іс-
әрекетінде жасандылық басым, соғыстан көп нәрсе жоқ, стиль ала-құлалығы
бар, Бұқар жыраудың «Мұсылманның баласы» деген өлеңін жарыққа
шығарудың қажеті жоқ деген ескертпелер айтылады. Шығарманың екінші
рет талқылануында романның Тәуекел, Есім, Тәуке хан кезеңі туралы
бөлімін алып тастап, Қазақстанның Россияға қосылуының прогресшіл
сипатын баса көрсету, Қытай боғдыхандарының жер, территория жөніндегі
саясатын әшкерелей түсу, халық өкілдерінің образдарын аша түсу, Бұқар
жыраудың Ресейге қосылуды жақтыртпайтын өлеңдерін алып тастау
керектігі айтылады. Жазушы елінің тарихын құрметтейтін қайсарлығынан
көптеген сын-ескертпелерге қарсы жауап қайтарады. Сөйтіп роман
17
қолжазбасы екі талқылаудан кейін 500 беттік қолжазбадан 410 бетке дейін
азайтылып, екі жылға жуық уақыттан кейін баспаға ұсынылады [19].
Ал 1976 жылы «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» романдары
біріктіріліп, «Көшпенділер» деген атаумен трилогия болып басылғаннан
кейін ғалым Ш.Елеукенов өзінің «Замандас парасаты» атты сыншылық
еңбегінде: «Соңғы жылдарда қазақ совет әдебиетінде тарихи тақырыпты
жеделдете меңгеру процесі одан әрі жалғасып келеді. Көркемдікпен
зерттеудің қазығы – сонау қазақ ұлтының алғаш шыққан негізіне, көне
заманға
барып
тірелді.
Бұл
–
Ілияс
Есенберлин
трилогиясы
(«Көшпенділер»)», – деп тарихи роман авторының қаламгерлік еңбегіне
жоғары баға береді [20, 78-б.]. Бұл ғалымның жазушы шығармашылығына
жоғары баға беруі еді. Осы ой сыншы ғалым М.Қаратаевтың «Ғасырлар
үндесуі» атты мақаласында жалғасын табады: «Тарихта ашық алаң жоқ. Ол –
идеологиялық майдан даласы, сондықтан жау алдында бір сүйем кейін
шегінуге болмайды. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы,
әсіресе «Жанталас» романы айтылмыш жағынан жалған ғылыми шовинистік
концепцияға айқын қарсы тұрады; шығарманың актуальдылығы, қазіргі
заманмен үндестігі де осында. Есенберлин тарихи материалдың орасан мол
қатпарларын зерттеген <...> Тарихи деректер, документ, дата, есімдердің
молдығы трилогия авторын шығарманың жазылу формасының жанрын кең
ойластыруға мәжбүр еткен. Бірақ ол өткенді бір ғана бояумен суреттеуден
қашып, күнгей мен көлеңкеден туатын шындықты іздеген <...> Ашық айтам:
Есенберлинде тарихи концепция, тарих логикасын ұғып, ашып көрсету,
Қазақстан халқы шыңдалған дәуір асулары негізінен дұрыс маркстік-
лениндік идеялық позицияда түсініліп, қорытылған («қара халық» ролі сәл
төмендеу, «ақ сүйек» хан, сұлтандардың ролі көтеріңкі суреттелгені
болмаса)» [21, 244-246 бб.]. Ал зерттеуші Х.Әдібаев «Көшпенділердің
көркем шежіресі» атты мақаласында «дала елінің күрделі бейнесін жасауға
ұмтылған» жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын
«туған әдебиет алдындағы сүбелі еңбегіне» деп бағалайды, 1976 жылы үш
романын біріктіріп, трилогия етіп шығарғанға дейін жазушының айтылған
сын-ескертпелерді жою үшін қыруар еңбек еткенін айтып, «негізі мықты,
соқталы» трилогияда «мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас, жеке адам
мен халықтың қоғамды дамытудағы орны, халық тағдырының тұтастығы,
ұлттық тәуелсіздік үшін тынымсыз күрес, ел азаматының ақыл-ойы, уақыт
философиясы сынды аса келелі, кесек мәселелер тарихи шындыққа сай
ақиқат та көркем бейнеленгенін» атап көрсетеді, сонымен қатар «өмірдің
өзінен ойып алынған отау-отау оқиғалар мен кесек кейіпкерлер толқынын ел
тарихының ең бір қысылтаяң тар жол, тайғақ кешуінде» суреттелгенін
айтып, «қызық сюжет пен аңыз, әңгімені ойнату, құлпырту ерекшелігін»
жазушы шығармашылығының ерекшелігі деп көрсетеді [22]. Жазушы,
тарихи романдардың авторы Ә.Әлімжанов «Көшпенділер» трилогиясына
жазған алғысөзінде Ілияс Есенберлинді «одним из первых в казахской
литературе вступил на стезю художественного осмысления решающих
18
этапов в многовековой истории своего народа, создал художественные
образы ... многих степных ханов и султанов, сыгравших определенную роль
в истории, а активным творцом истории представил народ» дей келе:
«Трилогия И.Есенберлина – значительное явление в казахской литературе не
потому, что рисует перед читателем цельную картину истории казахов, в ней
поставлены и разрешены общезначимые нравственные проблемы, –
проблема мира и войны, борьбы за свободу, единения народов, – она
проникнута гуманизмом, <...> первое крупномасштабное, многоплановое
произведение, первый роман-хроника в казахской литературе, она – новая
ступень развития исторического жанра», – деп жоғары баға береді [23]. Ал
академик Ә.Марғұлан осы трилогияға жазған эпилогында Ілияс
Есенберлиннің шығармашылық зертханасының көкжиегіне көз жіберіп,
жазушы «всесторонне, с позиции подлинной народности проанализировал и
использовал многие письменные документы самых различных народов,
имеющие отношение к проблеме... в полной мере привлечены работы
советских историков, в том числе самые последние достижения нашей
исторической науки, археологии, этнографии, лингвистики» дей келіп,
жазушыны «признанный знаток устной казахской летописи, фольклорных
традиций, культуры и быта своего народа» деп атайды. Тарихшы, этнограф
ғалым өз ойын: «Трилогия И.Есенберлина открыла еще одну страницу в
казахской
литературе. Вопреки всяческим
лживым
буржуазным,
реакционным теориям о «неисторических» нациях, об отстуствии корней и
самобытной культуры у казахского народа, убедительно показано, что не
было никаких «провалов» в истории, что все эти века казахский народ жил,
боролся и трудился на своей древней земле...», – деп биік байламмен
аяқтайды [24].
Бұл жазушы шығармашылығының, сондай-ақ осы трилогияның
тағдырына алаңдаған Ш.Елеукенов, М.Қаратаев, Р.Бердібай және т.б.
ғалымдардың ерен еңбегінің жемісі еді.
Қазақ әдебиетінде тарихи прозаның шекарасы кеңейіп, саны көбейе
бастады. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан бастау алған дәстүр,
Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармаларымен жалғасып, Ә.Нұрпейісовтің
«Қан мен тер» трилогиясы жарық көріп, өзге тілдерге аударылып, одаққа
кең тарағаннан кейін қазақ тарихи романы туралы пікірлер тек қазақ
әдебиетінде емес, одақ көлемінде де айтыла бастады. 1978 жылы сыншы,
әдебиеттанушы Г.Ломидзенің «Единая, разноязычная» атты мақаласында:
«Эпическая масштабность, пространственная объемность, историческая
полнота, проблемность произведений казахских писателей обогатили жанр
крупного исторического эпического повествования, увеличили «взлетную
площадку» исторической прозы. Жанр исторического романа раздвинул свои
границы», – деп қазақ тарихи романдарына жоғары баға береді [25].
Есенберлинтанушылардың бірі, ғалым Р.Бердібайдың «Қазақ тарихи
романы» (1979) атты монографиясы қазақ әдебиеттануындағы тарихи
19
романдар туралы жазылған қарымды, түбегейлі еңбек болды, мұнда Ілияс
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы кең талданған.
1979 жылы «Көшпенділер» трилогиясы КСРО кезіндегі ең құнды –
Лениндік сыйлыққа ұсынылады. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясынан басқа бірде-бір шығармаға берілмеген осы
сыйлыққа ұсынылуы да трилогияның саф алтындай салмақтылығын
көрсетеді, дегенмен сол кездегі Қазақстан Компартиясының Бірінші
хатшысы Д.А.Қонаев, идеология бөлімінің басшысы С.Н.Имашевтердің
қолдауына қарамастан трилогияға бұл жолы да жоғары сыйлық бұйырмады.
Трилогияның бағасын халық өзі берді.
«Новый мир» журналында Ю.Суровцевтің «Люди и время» (1984)
атты қазіргі тарихи романистиканың жағдайына шолу жасаған мақаласы
жарық көрді. Мұнда автор одақтас республикалар әдебиетіндегі тарихи
прозаға талдау жасай келіп: «Казахскому писателю Ильясу Есенберлину в
трилогии «Кочевники» удалось осуществить идейно-смысловое единство
своего в течение многих лет создававшегося, складывавшегося эпического
произведения, провести классовый анализ бесконечно пестрого материала,
выясняя народную точку зрения на деяния исторической личности и затем
последовательно придерживаясь ее», - деп жазушының тарихи романшылық
шеберлігіне баға береді. Осы жерде автор В.Оскоцкийдің «Роман и история»
(1980) кітабындағы трилогия туралы талдауын ең құнды пікірі деп атап
өтеді. Ал осы кітаптағы «трилогиядағы стилистикалық әрқилылық» туралы
пікірге Ю.Суровцев сөзсіз талантты және тәжірибелі жазушының әр түрлі
жазуға екі себебі бар дейді: «от громадности, новизны, неразработанности
материала, в котором надо было еще разобраться автору и как художнику и
как историку, и еще от непроясненности жанровой природы созидаемого
цикла,
от
недостаточно
учтенной
И.Есенберлиным-художником
объективной, заложенной в материале эпопейности его» дей келіп, үш
романды «внутренне организованы каждый одинаково: эта структура трех
параллельных друг другу повествовательных этажей – картинное,
живописное, драматическо-сценическое изображение <...> искусство
эпической полноты, искусство решения эпопейной задачи – это
многосложное искусство», – деп баға береді [26]. Осы мақалада, кейін
ғылыми зерттеулерде кездесетіндей трилогияны эпопея деп атау жазушының
да пікірі.
Академиктер Р.Бердібайдың «Тарихи аңыз шындығы» («Жұлдыз»
журналы, 1984, №10), Р.Нұрғалидың «Тұңғиық дарын» («Білім және еңбек»
журналы, 1985, №1) атты мақалаларында «Көшпенділердің» оқырмандар
арасында кең қолдау тапқаны, әдебиет әлемінде табысты болғаны, елінің
махаббатына бөленгендігі, жазушының шабытты шығармашылық иесі
екендігі айтылады.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар тағдырының әлі де талайлы
екендігі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші секретары
Д.А.Қонаевтың 1986 жылы 7 ақпанда Қазақстан Коммунистік партиясының
20
ХҮІ съезінде жасаған баяндамасында тағы елес беріп өтті. Ел басшысы қазақ
әдебиеттануының, сын өнерінің, кітап шығару ісінің жай-күйіне тоқтала
келіп: «Елеукенов жолдас басқаратын Баспа, полиграфия және кітап саудасы
істері жөніндегі мемлекеттік комитетте идеялық-көркемдік жаңсақтықтарға,
финанс тәртібінің бұзылуына жол беріліп жүр. Қайсыбір авторлар
«ғасырлардың терең қойнауына» саяхат тартып, хандар мен байлардың
өзара
қарым-қатынастарына
ой
жүгіртуден,
тіпті
бұрынғы
алашордашылардың өмірбаян деректерін жария етуден де кет әрі емес», –
деп көрсетеді [27]. Бұл «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларының
авторы Ілияс Есенберлин сынды майталман жазушылардың тарихи
тақырыпқа қалам тартуы жиілеп, әдебиеттегі ақтаңдақтар мәселесін зерттеу
қолға алына бастаған келелі кезең болатын. Дегенмен ресми баяндамадағы
бұл сын жазушылардың тарихи шығармашылығына, ғалымдардың осы
тақырыптағы зерттеулеріне шектеу қоя алмады. Осындай шығармалар мен
зерттеулер заңды түрде дамып келе жатқан 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының пісіп жетілуіне, жастардың тұмшаланған рухани көкірек көзінің
ашылуына түрткі болды.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», одан кейін жарық көрген «Алтын
Орда» тарихи трилогиялары әдебиетші ғалымдармен қатар тарихшылардың
да назарын өзіне аударды. Тарихшы ғалым М.Қозыбаев «Тарих және
әдебиет» («Қазақ әдебиеті» газеті, 1988, 15 қаңтар) атты мақаласында тарихи
деректердің көркем әдебиетте дұрыс берілуіне назар аударса, 1990 жылы
академик М.Қозыбаев, әдебиетші, Қазақ ССР ҒА корр.-мүшесі Р.Бердібаев,
тарихшы профессор Ж.Қасымбаев, тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген
жазушы Ғ.Ахмедов, Қазақ ССР ҒА ғылыми қызметкері М.Әбсеметов,
ғалым, тарихи шығармалардың авторы Т.Жұртбаев «Жұлдыздың» дөңгелек
үстелінде бас қосып, Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы, оның бас
кейіпкері Кенесары ханның образы, романдағы ХІХ ғасырдың І
жартысындағы қазақ халқының арпалысқа, аласапыранға толы өмірінің
қалай суреттелгені, Кенесары қозғалысының тууы мен оның трагедиясы
неде, тарихи тұлға мен көркем образдың арасындағы байланыстар қандай,
шығармадағы көркемдік шындық өмірлік шындыққа сай келе ме деген
мәселелер төңірегінде келелі сұхбат құрды [28].
Әдеби өмірде орын алған тарихи роман туралы пікірталасқа үн қосқан
В.Владимиров «О, пророк!..» атты мақаласында Ілияс Есенберлиннің
шығармашылық ерен еңбегін, суреткерлік қажырлы қайратын, қиындыққа
мойымайтын өр мінезін замандас көзімен суреттей келіп: «...Есенберлин
безусловно понимал недюжинный масштаб своего таланта и хорошо знал
настоящую цену. Он знал, что у Писателя нет права повторяться или же идти
вниз... Есенберлин всегда чувствовал бешеный темп Времени, а дни,
отпущенные судьбой, все-таки безвозвратно убывали, и потому, пока они
были силы, он, ощутивший нерастраченность своих замыслов, не мог
позволить себе никакой передышки, даже самой малой. Каждый земной час
свой он, внешне всегда невозмутимый, даже чуть-чуть меланхоличный, жил
21
в нечеловеческом напряжении. Тремя неизбежно пересекающимися путями
вело оно, это напряжение, Писателя по жизни – к поразительно гигантской
творческой отдаче, к могиле и – к бессмертию в благодарной памяти родного
народа», – деп, жазушының өміріндегі темірқазығын көрсетіп береді және
оның қазақ халқының салты мен дәстүрін, дала демократиясының
заңдарын, туған табиғаттың суретін көркем бояумен кестелеген, ең бастысы
тарихтың жартылай, кейде толықтай ұмытылған беттерінен тірілтіп,
көптеген ірі тұлғалардың образын жасаған «Көшпенділер» эпикалық
трилогиясын қазақ ұлты тарихының рухани құнды энциклопедиясына
балайды және бұларды жазушының азаматтық ерлігінің куәсі болып
саналатынын айтады [29, 233-б.].
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы туралы
ғылыми зерттеулер қатары көбейе бастады. Трилогияның зерттелу аясы
әдебиетпен қатар, тіл білімі, тарих ғылымдарын да қамтыды. Бұл ретте 1991
жылдан
бастап
қазақ
әдебиетінде
қорғалған
Т.Сыдықовтың,
Қ.Алпысбаевтың, Ә.Тарақтың, С.Тапанованың докторлық, Г.Елеукенованың,
Қ.Аралбаевтың,
М.Жапанованың,
А.Мәуленовтың,
А.Бағыбаеваның,
Ж.Ибраеваның,
А.Жусупованың,
тіл
білімінде
Б.Әбдуованың,
А.Амангелдінің кандидаттық диссертацияларын айтуға болады.
Есенберлинтанушы ғалым Ш.Елеукенов өзінің «Ғасырмен сырласу»
(2004) монографиясында және он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 9-
томында (2005), «Жұлдыз» журналында (2005) Ілияс Есенберлиннің
шығармашылық өмірбаянына талдау жасап, оның тарихи трилогиясының
әдебиетші ғалымдар мен оқырман қауымға жетуі туралы жан-жақты
сипаттайды. Ғалым: «Ілияс Есенберлинді зерттеу және түбегейлі тану –
болашақ күндер үлесінде», – дей келіп, «сол қаһарманның бірегейі – халқына
қаруымен де, қаламымен де ерен қызмет еткен, қазағы арасынан «басқаға
жақсылық ойлайтын адам» көбірек өсуін көксеген Ілекеңнің, Ілияс
Есенберлиннің мәңгі өшпес екінші өмірі, ұлы өмірі үстіміздегі ХХІ ғасырда
жалғасып та кетті», – деп халқын сүйген үлкен жүректі салиқалы суреткер
шығармашылығын зерттеу эстафетасын аға буын өкілі ретінде кейінгі орта
буын мен өскелең жас буынға табыстайды [30, 330-374 бб.].
«Көшпенділер»
трилогиясының
жанры
жөнінде
ғалымдар
Ш.Елеукенов, Р.Бердібай «роман-хроника» деген пікір айтады, себебі мұнда
жазушы: «Тарихтың шашыранды фактілерін, белгілі дүниетаным,
эстетикалық мұрат биігінен қарап, қамшының өріміндей жымдастыра тізіп
келтіреді. Бұлар жалаң санама тізбек болып қалмай, көбінше қаһармандар
өміріне, халық тағдырына қатысты беріледі. Әрбір дамыған әдебиетте
жанрдың барлық түрі де орын алуға тиіс. Оның әрқайсысының өзіндік
ажары, салмағы, сипаты болмақ. Оқиғаның хроникалық жағы басымырақ
баяндалатын шығармаларда қаһармандардың ішкі дүниесі кемірек
суреттелетіні белгілі. Біз әрбір жанрдың өз талабымен келгенде ғана
шығарманың шын келбетін тани аламыз», – дейді [31, 195-б.]. Роман-
хроника болуының артықшылығы – бұл жерде шығармада халықтың бес жүз
22
жылдық тарихы қамтылатындықтан, тарихи деректерді, тарихи тұлғаларды
толық баяндамай, эпизод тәсілімен атап өтуге, санамалауға болады. Ал
роман-хроника болуының кемшілігі – шығарманың көркемдік қуатына
нұқсан келтіреді, себебі жазушы тарихи деректердің молдығынан, соларды
көп жағдайда өзгертпей қолданады. Мысалы, «Көшпенділер» трилогиясында
жазушы Батудың Венгр короліне жазған хаты, Лаврентьев шежіресіндегі,
монғол шежірелеріндегі мәліметтер, Алтын Орда жайлы көне жылнамалар,
саяхатшылар жазбаларындағы деректер жөнінде, араб жазушысы Әбу әл-Фи
жөнінде мағлұмат беріледі, Рашид ад-Диннің, Джувейнидің, Мұхаммед
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди», «Шайбани-наме» секілді тарихи
еңбектерден, архив мұраларындағы кейбір құжаттардың атын көрсетіп,
мағлұмат алғанын атап көрсетіп, оқырманға дерек беріп отырады. Дегенмен
жазушы бұл деректерді құрғақ күйінде бермей, аңыз-әңгімелермен
сабақтастырып, көркемдігін ұштай түседі.
Осы трилогияда тарихи құжаттардың нақты берілуінің бір көрінісі
Кенесары Қасымұлы сұлтанның Ресей патшасына қарсы көтерілуіне себеп
болған оқиғалардың бірі – 1822 жылы Александр І патшаның кезінде
М.Сперанскийдің құруымен жарияланған Сібір қазақтары туралы ережесі
(Устав о сибирских киргизах) болатын. Бұл ережеде қазақ жерлерін бөлу,
оларды билеу, билеушілерді сайлау, оларға жалақы төлеу мәселесі сөз
болады. Ереженің «Разделение» бөлімі бойынша көшпенді қазақ халқының
қоныстанған жерлері былай бөлінеді: «§4. Сообразно с настоящим
состоянием залинейных киргизов, кочевья их разделяются на волости,
волости же на аулы, кои сохраняют нынешние их наименования. §5. В ауле
вообще полагается от 50 до 70 кибиток, а в волости – от 10 до 12 аулов. §6.
Для удобнейшего управления волостями соединяются оные в округи. §7.
Округ содержит вообще от 15 до 20 волостей». Ал «Состав управления»
бөлімі бойынша қазақ халқын басқару тізгіні былай беріледі: «§15. Аулы
управляются старшинами. §16. Волости управляются султанами. §17. Для
судных разбирательств в аулах и волостях нынешние почетные киргизы,
называемые биями, удерживают свое значение и название. §18. Для
упарвления целым округом избирают волости старшего султана. §19. В
каждом округе учреждается окружной Приказ. §20. В. Приказе под
председательством старшего султана присутствуют: два российских
заседателя, определяемых областынм начальником, и два заседателя из
почетных киргизов, по выбору. §21. Окружной приказ имеет свою
канцелярию, переводчиков и толмачей, по штату». Ал жалақы төлеу туралы
сызбасында қазақ аға сұлтанына – 1200, Россия заседателіне – 1000, қазақ
заседателіне – 200, хатшыға – 900, аудармашыға – 800, тілмашқа – 300,
сұлтанға – 150, оның іс жүргізушісі мен тілмашына – 300 сом төленетіні
жөнінде нақты көрсетілген. Бұдан көретініміз – орыс және қазақ
заседательдерінің жалақысы да, соған сәйкес дауысы да бірдей еместігі. Ал
қазақ билеушілері – сұлтандардың жалақысы оның іс жүргізушісінен аз
болуы да олардың ролінің төмендетілгенін көрсетеді [32, 399-428 бб.]. Бұл
23
Ереже бойынша қазақ халқы орналасқан жерлер 8 оркугқа бөлінді: Талды
өзенінің сағасындағы Қарқаралы округі, Қызылжар бекінісінің жанында
Көкшетау округі, Семей бекінісінің тұсында Аякөз округі, Омбы қаласынан
төмендеу Ақмола округі, Жәміш бекінісінің қасынан Баянауыл округі,
Аманқарағайдан жоғары Құсмұрын округі, Омбының оңтүстік саласында
Үшбұлақ округі.
Ереженің
мазмұнындағы
осы
тәрізді
әділетсіздіктер
қазақ
билеушілерінің ызасын туғызды. Бұл «Қаһар» романында анық көрініс
тапқан. Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ руларының қырық мың шаңырағын ертіп
Қоқан ханы қарауындағы Сыр бойына өтіп кеткен Қасым төренің балалары
Есенгелді мен Саржанға қосылуды мақсат тұтып келе жатқан Баянауылдағы
Қаржастан шыққан Азнабай ұлы Сейтен мен оның барымтаға да, жауға да
қатар шапқан үзеңгілес досы, соңғы үш-төрт жыл ішінде Ақмола аға сұлтаны
Құдаймендеұлы Қоңырқұлжаның қасында болып, енді өз еліне қайтып
келген Қубетұлы Ожардың әңгімесінен аталмыш Ережеге наразылығы айқын
сезіледі.
– Ата мекен Көкшетауын тастап, Қасым төре неге Қоқан хандығына
қарай көшті? – деді Ожар сөзді алыстан қозғап. – Қазақта мақал бар емес пе
«Бөтен елде сұлтан болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген.
– Қасым төре қай жерде жүрсе де сұлтан, – деді Сейтен
жақтырмағандай алая қарап. Бүлік басы бұзықта дегендей, пәле ақ патшаның
Жылқы жылғы ұстабынан басталған жоқ па...
– Иә?
– Ұстап деген атының өзінен расында жан шошырлық... Ақ патшаның
уысында ұстауға шыққан заң екен соның өзі... Осы ұстап бойынша Орта жүз
сегіз өкірге бөлінді емес пе... Әр өкірге бір рулы елдің он бес – жиырма
болысы кіреді. Әр болыста он – он екі ауыл. Әр ауыл Арқа жерінде, өзіңе
белгілі, жүз қаралы үй. Ауылды үш жылға жұрт сайлаған старшын, ал
болысты Шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандар басқарады. Өкірге үш
жылға сұлтандар сайлаған аға сұлтан ие...
– Япырмай, ә, ақ патша өкірді қазақтың аға сұлтандарына
басқартқандағы ойы: өз қотырын өзі қасып жатсын дегені ме екен?
Сейтен ақырын мысқылдай күлді.
– Ұшқалақтанбай тұра тұр. Ақ патша қазақ ісін екіге бөлген. Бірі –
ауыл арасындағы жесір дауы, алыс-беріс секілді кәкір-шүкір. Мұны
ақсақалдар мен билер өздері шешсін деген. Екіншісі – кісі өлімі, барымта,
үкіметке бағынбау тәрізді ауыр күнәлар. Мұны аға сұлтан басқарған өкірлік
пірказ қарайды. Өкірлік пірказ екі патша қызметкері және екі жылға
сайланған екі қазақ жәсиәтірден құралады. Бұлардың шешімін гүбірналық
сот бекітеді. Онда бірде-бір қазақ жоқ. Сөйтіп біздің тағдырымыз бәрібір өз
қолдарында...
Сейтен сәл үндемей қалды. Шұбырып келе жатқан көшке бұрыла бір
көз тастап күрсінді де, қайтадан сөйлеп кетті.
24
– Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған
діншіл халық емес, оны шоқындрып алу оңай, тек ауылға уәкілдер
жіберілсін» делінген [33, 496-497 бб.].
Ал ережедегі сұлтандық пен аға сұлтандықтың мұрагерлік жолмен
берілетінінен қазақ елін Шыңғыс ұрпақтары билеуін әрі қарай
жалғастыратыны белгілі еді. Бұл халық ызасын туғызды. Суреткер жазушы
Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінде» (1962) келтірілгендей «Бәрі де
жүдеу, бәрі де науқас, бәрі де шала жан балалар... Төре тұқымы мәңгіден бері
бірінің қызын бірі алып, әбден азғындап болған, балаларда тіршілік белгісі
болымсыз ғана сезілетін», ал өзінің «ертеден қырсығы арылмаған жадау
төрелердің ауылы, тамтығы қалмай біткен» Жаңбыршы ауылындағы
Атекем, Есенгелді секілді төрелер қазақ елін әрі қарай дамытпасы белгілі еді
[34, 292-296 бб.].
Қазақ халқын басқаруға, ырқына көндіруге осы Устав аздық еткендей,
1825 жылы 11 ақпанда Николай І патша Сібір генерал-губернаторы мен
Орынбор соғыс губернаторына Сібірмен шектес қазақ секілді «бұратана»
ұлттардың жас қыз балаларын қолға түсіруге жарлық берген. Бұл жолда
қандай амал болмасын қолдануға рұқсат етілген. Сатып алуға да, алдап алуға
да болады делінген. Осы жарлық бойынша қолға түсірілген қыз балалр
шоқындырылып, әйел жынысына мұқтаж семьяларға тапсырылуға тиісті,
яғни батыс Сібірдің тұрғын жұрты мен жер айдалып барған адамдардың
арасындағы әйел жынысының өте жеткіліксіздігінің орнын толтыруы керек.
Бұл ретте патша саясатының екі жақты сұмдығын көруге болады: бірі –
Ресейдің екінші санаттағы халқының әйелге деген физиологиялық
мұқтаждығын қамтамасыз ету, екіншіден, ұлтты тәрбиелейтін болашақ
аналарды осы бастан шоқындырып, қазақ ұлтының тамырына балта шабу,
яғни қайткенде елді дінінен бездіру, халықтық белгісін жою болатын.
Ал біз «Көшпенділер» трилогиясының жанрын «синтездік» деуді
ұсынамыз, себебі мұнда аңыздық роман, шежірелік роман, эпикалық роман,
ғұмырнамалық роман, хроникалық роман жанрлары тоғысып жатыр.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдардың әрқилылығы мемлекеттің,
халықтың тарихының тереңдей зерттелуіне байланысты. Қазақ халқының
тарихының тамыры тереңде екенін жазушылар тарих көрсете алмаған
деректерді көркемдей отырып, батыл сипаттай алды. Бұл ретте қазақ
халқының өмірінде орын алған тарихи кезеңдерді, қазақтың біртуар ұлдары
Тәуке ханның, Қасым ханның, Есім ханның, Кенесары ханның қазақ
халқының тарихында алатын орнын бейнелеуге арналған тарихи
шығармалар, өнер қайраткерлерін, қазақ зиялыларын суреттеуге арналған
тарихи туындылар қазіргі қазақ әдебиетінің соны жаңалықтарының бірі. Бұл
шығармаларда жазушылар көркемдік дәстүрмен қатар тарихи шындықты
көркемдік шындыққа айналдыруымен тарихи прозаның дәрежесін бір биікке
көтерді. Осы тұрғыдан келгенде Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»
трилогиясы тарихи роман жанрындағы биік белес болып табылады.
25
Қазақ халқының ХҮ ғасырдан ХІХ ғасырға дейінгі тарихының тереңіне
алғаш сүңгіген ұлт жазушысы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылық
зертханасының мәуелі жемісі әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын оның
суреткерлік парызының шыңы деуге болады. Қаламгердің аталмыш
трилогиясы қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының өміріне нәр
құйғандай болды. Зерттеушілер оның шығармасын тарихи романдарды
жіктеудегі
тарихи-революциялық,
тарихи-биографиялық,
тарихи-
публицистикалық, тарихи-этнографиялық, тарихи-хроникалық жанрлардың
соңғысына жатқызып жүр. Ал ғалым Р.Бердібай туындының «тарихи-
мәдени, идеялық-көркемдік мәнінің» тереңдігіне байланысты оған «роман-
эпопея, тұтас бір елдің жанды шежіресі, көркемделген тарихы» деп те баға
берген. Ал зерттеуші Т.Сыдықовтың пікірінше «Ілияс Есенберлиннің тарихи
трилогияларында роман-эпопеяға қатысты «сыртқы атрибуттардың» бәрі
бар, бірақ жазушы «эпик суреткер әдісін» қолданбай, шежірелі-хроникалық
баяндау әдісін таңдаған. Кейіпкерлерді көркем бейнелеп, ішкі жан иірімдерін
өздеріне аштырудың орнына, автор олар үшін өзі көбірек «азаптанады»...
Заты, Есенберлин трилогиялары – бір жанрдың қалыптасқан нормасына
сыймайтын, әр жанрдың элементтерін бойына жинаған жинақтаушылық
сипаты бар туындылар» [35, 153-154 бб.].
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген он томдық қазақ әдебиетінің
тарихында профессор Ш.Елеукенов тарихи романдар туралы: «Тарихи роман
негізгі екі түрге бөлінеді. Бірі – тарихи бір оқиға, не тұлға төңірегінде
қызғылықты әңгіме құрады. Енді бірі ... кең өрісті, алып құлашты, қилы-
қилы тағдырлы, ел-жұрты мол келеді. Мұндай роман типі адам мен қоғам
хақында кең ойларға, терең пәлсапаға, өмірді түсіндіретін толғауларға
беріледі», – деп жазған [30, 372-б.]. Осы тұрғыдан келгенде Ілияс
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тарихи романның екінші түріне
жатады.
Жалпы тарихи романдарды жіктеуде қазақ зерттеушілері біраз еңбек
сіңірді. Белгілі ғалым Р.Бердібай қазақ тарихи романдарын тарихи-
революциялық, тарихи-биографиялық, тарихи-публицистикалық, тарихи-
этнографиялық, аңыз-роман, көркемделген роман, тарихи-тұрмыстық,
тарихи-хроникалық, роман-эпопея деп жіктесе, Қ.Аралбаев тарихи-
әлеуметтік, тарихи-танымдық, тарихи-патриоттық деген атауларды, ал ғалым
Т.Сыдықов синтетикалы жанр деген атауды ұсынады.
Тарихи роман – өміршең жанр. Ол осы күні белгілі әдеби жанрлардың
қатарына жатады.
Бұл ретте тарихи романдарды салыстырмалы зерттеу аясында
қарастырған профессор Қ.Б.Уразаеваның пікірінше тарихи романдардың
даму барысында көптеген түрлерді туғызуы оның жанрының көп түрлі
болуына себепші болған [36, 5-б.].
Сондай-ақ тарихи-ғұмырнамалық романға қатысты негізгі белгілері
ретінде өмірбаяндылық, деректілік, дәлдік тән.
26
Қазақ тарихи романдарының жанры – үнемі ізденуші, өзінің
қалыптасқан формаларын үнемі жетілдіруші жанр, себебі тарихи роман
авторлары шынайылықпен үздіксіз байланыста және тынымсыз ізденісте
болады.
Тарихи романдарға тән белгі – олардың көп қырлылығы және жан-
жақтылығы.
Шындығында жазушы ардың ісі әдебиеттегі өзінің парызын орындады,
себебі ғалым А.Мұсаевтың пікірінше: «Әдебиеттің міндеті – көргенді
көгендеп шығу емес, байқағанды жазушының байсалды ой елегінен өткізу,
адамгершілік ерлікке бағдарлау» [37, 119-б.]. Яғни жазушының гуманистік,
өндірістік тақырыпқа жазылған романдары мен тарихи шығармаларының
өзегі адамгершілік болса, қазығы – ерлік, елін сүйгіштік.
Тарихи роман жанры әдебиетке жаңа леп, ыстық ықылас әкелді.
Халықтың өз тарихын білуге деген құштарлығына тарихи романдар
толығымен жауап берді. Тарихи романдардың әдебиетке әкелген жаңалығы
туралы сыншы С.Әшімбаев: «Бүгінгі таңда қазақ әдебиеті зор өрлеу, даму
процесін басынан өткеруде. Оның дәлелі қазіргі қазақ қаламгерлерінің
үлкенді-кішілі болып тарихи тақырыптарға бұрынғыдан да терең барлау
жасап, батыл еніп, ғасырлар бойы тылсым жатқан заманалардың қалың
қатпарларын ашып, халық тарихында елеулі мәні бар әлеуметтік
оқиғалардың туу себептерін түсіндіруге тырысуынан көруге болады», – деп
келтіреді [38, 50-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |