Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет142/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

11.1.
 
Желі
11-
тарау
 
 
ЭЛЕКТР ЖЕТЕК НЕГІЗДЕРІ
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
 
Электр жетек 
деп электр қозғалтқыш, түрлендіргіш, табыстағыш 
және басқарушы құрылғылардан тұратын, жұмыс машинасының 
(ЖМ) орындаушы органдарын қозғалысқа келтіруге және осы 
қозғалысты басқаруға арналған электрмеханикалық жүйені айтады. 
Табыстағыш құрылғы
(ТҚ) механикалық берілістер мен 
жалғастырғыш муфталарды қамтиды. 
Түрлендіргіш құрылғы
(ТрҚ) энергия көзінің тогы мен кернеуін 
электр қозғалтқыштың (ЭҚ) жұмысына қажетті ток пен кернеуге 
түрлендіреді. 
Басқарушы құрылғы
(БҚ) беретін әсер сигналдары мен кері 
байланыс датчиктері бойынша жүйенің күйін өңдеуге және олардың 
негізінде түрлендіргішті, электр қозғалтқышты және табыстағыш 
құрылғыны басқару сигналдарын шығаруға арналған басқару 
жүйесінің ақпараттық бөлігі болып есептеледі. 
Задающие воздействия 
– 
беретін әсер; От датчиков обратной связи 
– 
кері 
байланыс датчиктерінен; Поток энергии 
– 
энергия ағыны; Сигналы управления и 
информации 
– 
басқару және ақпарат сигналдары
11.1-
сурет


314
11.2.
 
Электр жетек жүйесінде кері байланыс жоқ болса 
ажыратылған
деп, ал кері байланыс бар болса 
тұйықталған
деп аталады. 
Электр жетектің тұйықталған жүйесіне 
қадағалаушы электр 
жетек 
жатады, ол механизмнің орындаушы органы белгілі бір 
дәлдікпен қозғалысты басқарушы органның еркін өзгермелі 
сигналына сәйкес өңдейтін автоматты жүйе болып есептеледі. 
Мысалы, көшіргі білдекте кескіш құрал өлшеуіш құрылғының 
датчигі жылжитын шаблон бетінің кез келген конфигурациясына іс 
жүзінде сәйкес келетін бұйым бетін өңдеуді орындайды. 
Электр жетектің ажыратылған жүйесіне 
қадамды электр жетек
жатады, ол қадамды қозғалтқыштың күйі, сәйкесінше жұмыс 
механизмінің 
орындаушы 
органының 
күйі 
басқарушы 
бағдарламаның цифрлық кодына сәйкес келетін автоматты жүйе 
болып есептеледі. 
Іске қосуды басқару жүйелері қарапайым, айналу жиілігін 
реттейтін және электрлік автоматика мен басқару аппараттарының 
(айырғылар, пакеттік ажыратқыштар, контроллерлер, контакторлар, 
реле және т.б.) негізінде тежейтін электр жетектер кеңінен 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет