11.5.
11.5-
суретте қозғалтқыш білігінде
Р
1
бірдей қуат жағдайында
бастапқы қыздырудың ʋ
0
> 0
және
ʋ
0
= 0
мәні үшін сәйкес келетін,
қозғалтқыш қыздырудың
1
және
2
-
тәуелділіктері құрастырылған. Егер
қозғалтқыштың жүктеме қуаты
Р
2
<
Р
1
аз болса, онда қозғалтқышты
ʋ
0
= 0
жағдайында қыздыруға
3-
тәуелділік сай келеді
.
Қозғалтқышты салқындату процесі 11.6
-
суретте көрсетілген.
1
-
тәуелділік жүктеменің азаюына, ал
2
және
3
-
тәуелділіктер
қозғалтқыштың желіден ажырауына сәйкес келеді.
ЭЛЕКТР ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ТҮРІ МЕН ТИПІН
ТАҢДАУ
Қозғалтқыш
түрін
таңдау кезінде (тұрақты ток, асинхронды,
синхронды) оның механикалық сипаттамасы маңызды рөл ойнайды
(11.7-
сурет).
Механикалық
сипаттамаларының
негізгі
өлшемшарттарының бірі
қатаңдық
болып табылады:
ɑ
=
Δ
М
ай
/
Δ
n
,
оның мәндері сипаттамалардың әртүрлі бөліктерінде әртүрлі болуы
мүмкін.
Қозғалтқыш білігінде өндірістік механизм тудыратын тежеу
моментінің өзгеруі қозғалтқыштың айналу жиілігінің өзгеруімен қатар
жүрмеу керек болса, онда оның механикалық сипаттамасы қатаң
болуы тиіс. Мұндай талаптар, мысалы, болатты суықтай илемдеу
орнақтарына қойылады, онда электр жетек үшін синхронды
қозғалтқыштар пайдаланылады. Алайда бұл ретте қозғалтқыштың
тогы, қуаты және айналу моменті пропорционал өзгереді (8.23
-
бөлімшені қараңыз), бұл оның жылулық және механикалық артық
жүктемесін тудыруы мүмкін.
Егер жұмыс механизмінің тежеу моментінің ұлғаюы (азаюы)
қозғалтқыштың айналу жиілігінің қатар азаюына (ұлғаюына) жол
берсе, онда қозғалтқыштың жұмсақ механикалық сипаттамасы дұрыс
болады. Бұл ретте қозғалтқыштың тогы мен қуаты болар
-
болмас
өзгереді (9.14
-
бөлімшені қараңыз).
Қуаты 100 кВт дейін болатын реттелмейтін жетектер үшін жиі іске
қосу, тұрақсыз жүктеме кезінде және арнайы талаптар болмаған кезде
пайдалануда ең сенімді әрі ең қарапайымы қысқа тұйықталған
орамалы роторы бар асинхронды қозғалтқыш болып табылады.
Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштар іске қосу моментіне
не іске қосу тогына қойылатын ерекше талаптар (мысалы
трансформаторлық қосалқы станцияның шектеулі қуатымен
байланысқан) болған жағдайда жоғары қуатты жетектер үшін
қолданылады.
321
Қозғалтқыштың
конструкциясын
(
типін
)
оның
жұмыс
жағдайларына: қоршаған ортаны қозғалтқыштағы ықтимал
ұшқындаудан (жанғыш шаң, жарылыс қауіпті қоспалар және т.б.
болған жағдайда), сондай
-
ақ қозғалтқыштардың өзін ылғал, шаң,
агрессивті химиялық заттар түсуінен қорғау қажеттілігіне және т.б.
байланысты таңдайды.
Қозғалтқыш конструкцияларының бірнеше негізгі
типтері бар.
Ең жақсы салқындату жағдайлары үшін мойынтіректі қалқандары
мен тұғырында желдеткіш саңылаулары бар
ашық типті
қозғалтқыштар
өндірістік жағдайларда жеңіл бітеліп қалу
жағдайында және қызмет көрсетуші персонал ашық ток өткізгіш
бөлшектерге тиіп кеткен кезде олардың токпен зақымдану қаупі
туындаған жағдайда сирек қолданылады.
Қорғалған типті қозғалтқыштардың
қозғалтқышты ішіне жаңбыр
тамшысының, бөгде бөлшектердің, жоңқалардың түсіп кетуінен
қорғайтын, бірақ шаңнан қорғамайтын
торлармен жабылған
желдеткіш саңылаулары болады.
Жабық типті қозғалтқыштарды
шаң басқан орынжайларда ауада
күйдіргіш зат булары және т.б. болған жағдайда орнатады. Мұндай
қозғалтқыштарды салқындату жағдайын жақсарту үшін мәжбүрлі
ауамен салқындату қолданылады. Дымқыл орынжайларда ылғалға
төзімді арнайы оқшаулағышы бар қорғалған қозғалтқыштарды,
жанғыш газдарды не буларды қамтитын, жарылыс қауіпті
орынжайларда жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарды орнатады.
Абсолютно жесткая, синхронного двигателя
–
абсолютті қатаң, синхронды
қозғалтқыш; Асинхронная
–
асинхронды; Жесткая, двигателя с параллельным
возбуждением
–
қатаң, параллель қозатын қозғалтқыш; Мягкая, двигателя со
смешанным возбуждением
–
жұмсақ, аралас қозатын
қозғалтқыш; Мягкая,
двигателя с последовательным возбуждением
–
жұмсақ, тізбектей қозатын
қозғалтқыш
322
Достарыңызбен бөлісу: |