4.1. 4- тарау СИНУСОИДАЛЫҚ ТОКТЫҢ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР XIX ғасырдың соңында өндірістің, көлік тасымалының және
қызмет көрсету салаларының дамуында
электр энергиясының
үдемелі
рөлі, электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну
жөніндегі технологиялық тізбекте тиімді электротехникалық
құрылғыларды жасап шығару
бойынша
теориялық және
эксперименттік
жұмыстарды
ынталандырды.
Қазіргі уақытта
өндірістік мақсаттарда электр энергиясы
Ресейде және көптеген
өзге елдерде (АҚШ
-
да 60Гц)
токтың
стандартты 50
Гц жиіліктегі
синусоидалық
токтың
электромехникалық генераторларымен
өндіріледі. Жылу және атом
электр станцияларындағы бу
құбырларынан
келетін
жетекті
электрмеханикалық
генераторлардың қуаты
100-1200
МВт болады. Электр
генераторлардың синусоидалық
токтарының параметрлерінің
мәндерін
трансформаторлармен түрлендіру
электр энергиясын
жоғары кернеулі (750
кВт
-
қа дейін) желілер бойынша
электр
энергиясын
барынша
аз шығынмен алыс қашықтықтарға (500
км
-
ге
дейін) таратуға мүмкіндік береді.
Өндірістік жиілікті синусоидалық токтардың асинхронды және
синхронды қозғалтқыштары, көтергіш
-
көліктік машиналардың,
станоктардың, өңдеуші аспаптардың және т.б. электр жетегінің
түрлі жүйелерінде электр энергиясын түрлендіру үшін тиімді
қолданылады.
Өндірістік емес жиіліктегі синусоидалық токты түрліше
қолданады. Әрең балқитын және ерекше таза металлдарды
балқытуға арналған электр пештерінде синусоидалық токтың
жиілігі
500Гц
-
50кГц
құрайды.
Электр
-
акустикалық
қондырғылардағы синусоидалық токтың
жиілігі бірнеше герцті
құрауы мүмкін.
Радиотехниканың
дамуы жоғары жиілікті (100МГц
-
қа дейінгі)
құрылғыларды: антенналарды, генераторларды, түрлендіргіштерді
және т.с.с. жасауға әкелді.